400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сауат ашу 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар е дыбысы мен әрпін таниды . мұнда оқушылардың білім деңгейіне сай тапсырма беру арқылы оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. сөздік қорларын молайту , дұрыс сөйлеуге,сөйлемдерді дұрыс айтуға,ойын толық жеткізуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Пән: Саут ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлем

Мектеп: №48

Күні: 22.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шари Ж.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.9.1 Е әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Е әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Тақырып арқылы мәтіннің не туралы екендігін түсінеді.

Көптеген оқушылар:сөздерге дыбыстық талдау жасай алады, сөздерге сөйлем құрастыра алады. Тақырып арқылы мәтіннің не туралы екендігін болжайды.

Кейбір оқушылар: берілген сурет бойынша мәтін құрастыра алады. Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

  • Е әрпін таниды және ажыратады, дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

  • Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

  • Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Немере, кереге сөздерінің мағынасын түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін сыйлауға, тыңдауға, өз ойларын толық жеткізе білу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, сергіту сәті


Бастапқы білім


Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.

Сөздегі буын санын анықтайды.

Дыбыстық талдау жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

























5мин

Психологиялық дайындық

Табиғат аясында саяхат 

«Біз казір нұрын төккен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне біз өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізелерінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!

Сыныпты топқа бөлу. Сәбіз, саңырауқұлақ. Алма

«Артық суретті» тап.

Берілген суреттерден артық суреттерді табу

1-топ. Емен, қасқыр, аю ,түлкі

2-топ. Ешкі күн, ай, жұлдыз

3-топ.



Артық суреттер: емен, ешкі, елік

Бұл сөздер қандай дыбыспен басталып айтылып тұр?

«Е»дыбысын айтқызу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Е е» дыбысы мен әрпі.

Мақсатымыз әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру, буын құрау

-Кәне барлығымыз «Ееее» деп айтып көрейікші.

Еееееее

Әндетіп айтқызамын. Е е е е е е е е

-Қалай айтылып тұр?

-Дыбыстағанда «е» дыбысы қалай шықты?

-Бұл қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

-Дауысты жіңішке дыбыс.

Біз бұдан бұрын қандай дауысты дыбыстармен таныс едік? Неше дауысты дыбыс өттік?

А, о, ы, і, ұ

Дауысты дыбыстардың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

(олар созылып айтылады, буын құрайды).

-Дыбысты біз естиміз. Ал әріпті қайтеміз?

-Көреміз.жазамыз.

Е е әрпі

Жуан жіңішке буындарға ажыратып түсіндіру

Ар ал да та са ла ма

Ер ел де те се ле ме






























































































Сабақтың ортасы

20минут



















































5минут








3минут




Сабақтың соңы

5мин






















2-тапсырма

Ойлан тап!

Біз Мерейдің сұрағына жауап беру үшін жақсылап тыңдайық.

-Мен атам мен әжеме кім болам ?

Ол үшін мына тапсырманы шешіп көрейік.

Суреттегілердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.

2 2 2

НЕМЕРЕ



«Мен әжемнің немересімін» тақырыбында жұптық әңгіме.

3-тапсырма.

1-топ

Буыдардан сөз құрасытыру.

Е мен, ер мен, те рі, ер те,

2-топ

Суреттердің атын жазып Елік, ермен, кереге сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

елік





ермен





Кереге







-Елік, ермен ,кереге сөзіне дыбыстық талдау жасады.

3-топ.

Берілген суреттерден е дыбысы басында ортасында келген сөздерді тиісті сандықшаға сал

Сергіту сәті.

3-тапсырма

Оқулықпен жұмыс

Ар ал да та са ла ма

Ер ел де те се ле ме

Мен сен не ер Есен

Емен сенім немере ерте Ерлан

Дәптермен жұмыс.

Жазу сабақтарында төмендегі жұмыстар жүргізіледі:

Жазуға дайындық: (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуын қадағалау).



Е әрпінің жазылу үлгісін түсіндіру

Сократ шеңбері» әдісі

«Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты сұрақ қояды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?

Дескриптор:

- берілген тақырыпқа қатысты ой бөліседі;

- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;

- оқиғаның соңын болжап айтады.

Рефлекция

Оқушылардан баға ағашы арқылы кері байланыс алу


















Нан, мысық, раушан





Немере















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Топпен жұппен жұмыс жүргізе отырып тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау арналған тапсырма

Бармақ тәсілі,

Табыс сатысы,

Баға ағашы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы :

-Сыныпта тәртіп сақтау





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі