400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сауат ашу 1 сынып " Ө дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚМЖ.Сабақ жоспарлы құрылған.Құрылымы жақсы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Күні: 15.01.2019ж

Сынып: 1 А

Мектеп: Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі

Мұғалім: Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбы:

Ө дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Әріпті таниды, ажыратады. Жазу жолын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза біледі.

Көптеген оқушылар:

Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құруды қолданады.

Бағалау критерийлері:

Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді буындап, тұтас, түсініп оқиды,сөздерді буынға бөледі,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады,сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

Тілдік мақсаттар:

Өрмекші – паук - spider

Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік,өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар:

Дүниетану,ағылшын тілі

Акт қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, компьютер


Бастапқы білім:

«Қалам үстел үстінде» әдісі арқылы бастапқы білімнен жаңа білімге түсемін.

Жоспарланған уақыт есебі.

Сабақ барысы:

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Психологиялық ахуал

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздің бәрі-Ақ тілек!

Бөлінейік топқа біз,

Жылдың төрт мезгілі

Көктем, жаз, күз, қыс болып.

Зейін қойып тыңдаймыз

Үлгілі оқушы болып біз!

«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Cөз неден құралады?

-Сөйлем неден құралады?

-Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?

-Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ң дыбысы қандай дыбыс?

-Ң дыбысы сөздің қай жерінде келеді?

-Олай болса, балалар, ң әрпін өз ұяшығына орналастырайық.

Ынталандыру


















Сабақтың ортасы

Дәлелдеудің 4 кезеңі:

1.Елестету

2.Салыстыру

3.Түсінік беру

4.Мақұлдау





Тыңдалым

Айтылым




























Оқылым



































































Сергіту сәті



Жазылым


«Кинометафора» әдісі бойынша бейнеролик көрсету.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы ашыө сұрақтар қою.

-Балалар видеороликтен не көрдіңіздер?

-Өрмекші туралы видео

-Өрмекші дегеніміз не?

-Өрмекші сөзін баріміз хормен айтайық.

-Осы сөздердегі таныс емес әріпті атаңдаршы және ол қалай айтылып тұр?

-Ө әрпі

-Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Ө ө дыбысы мен әрпі деп аталады.

Көрнекілік бойынша ө әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

-Ө әрпін айтайықшы

- ӨӨӨӨӨӨӨ

-Ө әрпі дыбыстың қай түріне жатады?

-Дауысты

-Дауысты дыбыстың қай түріне жатады?

-Жіңішке

-Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасайық,буынға бөлейікші

- 7 әріп, 7 дыбыс, 3 буын

-Ал олай болса өрмекші сөзін үш тілде айтайықшы.

Тірек сөз

Өрмекші – паук - spider

Критерий:

Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді буындап, тұтас, түсініп оқиды,сөздерді буынға бөледі,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады,сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

Дескриптор:

  • Ө дыбысы мен әрпін таниды.

  • Әріптерді ажыратады.

  • Ө әрпінің сөздің басында, ортасында кездесетінін білді.

  • Көргені бойынша әңгімелейді.

Оқулықпен жұмыс.Тізбектей оқу.

Шөл төл өрнек көрік

Көл сөл өрмек көлік

Ұжымдық жұмыс «Ой қозғау»

-Балалар, табиғат дегеніміз не?

(оқушылар өз ойларын ортаға салады)

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Қыс мезгілінде қандай өзгешеліктер бар?

Топтық жұмыс

Олай болса балалар әр топқа тапсырма беремін.

1-топ. «Кім тапқыр?»

Бірінші топқа табиғатқа байланысты суреттер беремін.Сол суретте «Ө» әрпі кездесетін суреттерді табасыз.



2-топ. «Жәндіктерді құтқарайық»

Балалар, мына өрмекшінің торына жәндіктер түсіп қалыпты.Жәндіктерді құтқаруымыз керек.Ол үшін ө әрпі кездесетін сөздерді айтамыз.

Өрік, өлке, өзен, өмір, көмір, көлік


3-топ: «Сиқырлы буын» ойыны.

Балалар, сіздерге буындар беріліп отыр, осы буындардан сөз құрайсыздар.

Ө – зен Ө - гіз

Кө – мір Көк - өніс

Ө – мір Тө - мен

Кө – лік Ө - рік

Ө – нер Өр - мек




4-топ. «Түсіп қалған әріпті жаз» ойыны

К-мір, к-л, к-рші, к-кек, -рт, к-ркем, к-рме, к-лік, т-л

Дескриптор:

  • Ө әрпі кездесетін суреттерді таба білді.

  • Ө әрпі кездесетін сөз ойлады.

  • Буындардан сөз құрай білді.

  • Түсіп қалған әріптерді тапты.

Ынталандыру



Бейнеролик арқылы жаттығу жасату.

«Бала, бала, балапан»



Дәптермен жұмыс

1.Ым, ишара арқылы Ө әрпін ауада жаздыру.

2.Әріпті жазу жолына сауатты,адемі жаз.

Дескриптор:

  • Ө әрпін ауада жазды.

  • Әріпті каллиграфиялық талаптарға сай жазды.

Ынталандыру. Керемет!Жарайсың!

https://www.youtube.com/watch?v=YWjtxjB3-ZU&list=PLR_F4-3dhNo24z_rgqkFPziSM1-fSIS5F&index=20











































https:/youtu.be/

sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы.


Мақұлдау


6минут

-Балалар, сабағымыз басталғаннан бері сауат ашу пәнінен досымыз Мерей сырттай сіздерді жсырын камера арқылы бақылап отыр.Мерей сіздердің жаңа сабақты қалай меңгергендеріңізді білу үшін сұрақтар дайындап әкеліпті.Қәне, сұрақтарға жауап берейікші!

1.Ө әрпі қандай дыбыс?

2.Ө әрпі дауысты дыбыстың қай түріне жатады?

3.Ө әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

4. Ө әрпінен басталатын сөз ойла

5.Мына сөзді оқы , буынға бөл. Көркем

-Жарайсыңдар,балалар!

Ынталандыру: Жарайсың!




4 минут

Кері байланыс. «Бас бармақ »

-Балалар, егер сіздерге бүгінгі сабақ ұнаса жасыл бас бармақ, ұнамаса қызыл бас бармақты көтере қойыңыздар.



Бағалау



Саралау-оқушыларға қала й көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1-тапсырма

Сюжетті сурет бойынша әңгімеле.



2-тапсырма

Сөздердегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя.


3-тапсырма

Мына сөздерді оқы және буынға бөліп жаз.


Суретке сәйкес құралған.






Жарайсың! Сабаққа өте жақсы қатыстың!






Тамаша!


Қаламды дұрыс қолдана білу





Түрлі –түсті бояу пайдалану барысында киімдерін ластамау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
2237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі