жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Сауат ашу 1 сынып Ж дыбысы мен әрпі
Cабақ: «Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. |
Мектеп: «Тораңғалық НОМ» КММ |
||
Күні: 25.01.19 |
Мұғалімнің аты –жөні: Тұрсынбек А.А |
||
Сынып : 1 |
Қатысқандар: 3 |
Қатыспағандар: |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап 1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
||
Табыс критериесі |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||
Мәтін немесе сурет бойынша сұрақ қоя біледі, оқығаны бойынша сұраққа жауап береді. Суреттегі сөздерді атап, оларды буынға бөліп айта алады және жаза алады |
|||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||
Берілген сурет бойынша мәтін құрастырып ойын еркін жеткізеді және сөйлем құрап, оған ат қояды. |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||
Мағынасы қарама- қарсы сөздерді мұғалімнің көмегінсіз ажыратып, сөздерді дәлелдейді. |
|||
Тілдік мақсат |
Түйінді.сөздер мен сөз тіркестері : Қар – снег -snow Мұз - лед- ice Аяз - мороз - freeze Қырау - иней- frost |
||
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Диалог құру |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар: -Қазір жылдың қандай мезгілі? -Қыста табиғатта қандай өзгерістер орын алады? -Қыс мезгілінде қандай мейрамдар болады? -Қыс мезгілінде ойнатылатын қандай ойындарды білесіздер? |
|||
Алдыңғы оқу |
«Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама- қарсы сөздер». |
||
Жоспар |
|
||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарданған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту 3 мин
|
Үш тілде амандасу (қазақ, орысша, ағылшынша) Сәлеметсіндер ме? Здравствуйте! Good morning! Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде, Қуанып қарсы аламыз. Сәлем, сәлем, сәлем!
- Балалар, бүгінгі көңіл күйімізді біз отшашау арқылы білдірейікші (төменнен жоғары қарай қолымызды шапалақтайық) -Отыра қойыңыздар.
Тыңдалым Өткен сабақтан алған білімін тексеру. «Бір қадам алға...» Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады. -Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық? (Ә әріпі және дыбысымен) -Ә дыбысынан басталатын сөздер айт? (әже, әке, ән, әткеншек) -Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз) -Ә дыбысы қандай дыбыс? (дауысты, жіңішке) (жауап берген оқушыны бағалау смайлик арқылы)
Сабақты болжау Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ)
Ішінде тамақ салынған, Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)
Бөлінгенді табыстырып, Біріктірсе қабыстырып Жұмдастырған жігің де, Байқамайсың түгін де. (желім) |
|
|
Ортасы
Айтылым 15 мин
Тыңдалым 8 мин
Оқылым 8 мин
Сергіту сәті 3 минут
Жазылым 9 мин
|
-Балалар жұмбақтың жауабын таптындар, енді осы сөздер кандай әріптен басталып тұр -Ж Ж Ж -Ж дыбысын айтқызу -Ж дыбысын айтқанда кедергілер болды ма? -Ж дыбысы қандай дыбыс екен? -Дұрыс айтасындар Ж дыбысы дауыссыз дыбыс. - Ж дыбысын қай үйшікке апарамыз? - Ж дыбысын көк үйшікке апарамыз. Мына сөздерге назар аударыңдар: Жарас, көже, мұқтаж -Осы сөздерде Ж дыбысы сөздің қай жерде тұр? _Ия, Ж дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында кездеседі.
Ендеше барлығымыз терезеге қарайық, қазір қандай мезгілді көріп тұрмыз? -Қыс. -Осы мезгілде біз табиғаттың қандай күйде болатынын білеміз солай ма? -Ия -Ендеше маған айтыңдаршы осы қыс мезгілінде қандай ойындар ойнатылады? -Шана, қар атысу, аққала жасау, шаңғы тебу. -Жарайсыңдар балалар! -Ендеше, біз бүгін сабағымызда берілген тапсырмаларды орындау арқылы шаңғы тебуге тауға барамыз. Тауға бару үшін алдымен менің қолымдағы билеттерді сіздер алуларыңыз керек. Ол үшін сабаққа қатысып сұрақтарға жауап беріп отырамыз. Сендерге бүгінгі күнге сәттілік тілеймін -Удачи вам! -Coodluck!(гуд лак!) Енді сендер билет алу үшін, бүгінгі танысқан Ж әріпінен келетін сөздерді оқимыз. Оқылым. Кітаппен жұмыс. 1.Бағандағы сөздерді оқып таныстыру. Тізбектеп оқыту Жаға жалау жасыл жақсы жылтыр жарыс Жаса жасау жайлау жаман жауын Жарас - Жарайсыңдар, балалар, біздер қолымызға бір билеттен алдық. Енді біз келесі тапсырмаларды орындай отырып алдарыңыздағы тауда тұрған шаңғымен биікке қарай көтерілеміз. Ол үшін «Жарыс» мәтінін оқимыз. «Қазымыр оқушы» Ойын шарты: оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам және мұқият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа да нұсқа болуы керек. Жауап берушіні жүргізуші таңдайды. Ойын соңында көп сұрақ қойған «Қазымыр оқушы» анықталады. -Жайлауда қандай жарыс өтуде? -Жанаттың аты неден жүйрік? -Жарастың аты қандай? -Жарыста кім женеді? -Жарыс мәресіне кім тез жетеді?
-Жарайсыңдар балалар біз шағымен тауға бір қадам жасаймыз. Келесі балалар біз бара жатқан тауымызға басқада класс оқушылары аспалы жолдар арқылы кетіп бара жатыр екен. Бірақ оларға сендердің көмектерің керек болғасын жолда тұрып қалған. Оларға көмектесу үшін жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады? (ҰЖ) Жа-рық, а-рық, жу-а, жа-лау, жыл-тыр, жал-ға, жү-зім, жыл-ға, жа-ға, жа-сыл, а-ға, жа-тыр
-Жарайсыңдар балалар біз тағы бір қадам таудың басына жақындадық
Балалар, біраз тынығып алайық. «Қыдырып қайтайық»
Тағы да бір қадам жасай отырып, Ж әрпінің жазылуымен танысайық. Жазылым дағдысы -Ж әріпінің баспа және жазба түрімен таныстыру -Ж әріпін ауада жаздырту -элементтерін көрсету -жұмыс дәптерге жаздырту Аудио жазба көрсету -Келесі жұмыс дәптерімізді ашайық берілген сөздерден тек қана екі жолды толтырайық.
Біз тағы бір қaдам жақындадық. Айтылым дағдысы №3 Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырат. Тұрма жай, Қамыр жай. Суға жуа-жуа, Тазаланды жуа.
ҚБ тапсырмасы Берілген сөздерді оқы. Сөздерді суретпен сәйкестендір. Суретке сүйеніп, берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөз жаз. Үлкен Ұзын Биік Кіші Қысқа Аласа Дескриптор: -сөздерді мағынасына сәйкес суретпен байланыстырып сызады; -берілген сөзге қарама- қарсы мағыналы сөзді жазады. Өте жақсы, балалар, таяп қалыппыз. Енді бір билет алу үшін |
Оқулық, 91-бет
https://yandex.kz/video/search?text= %D0%B6%20%D3%99%D1%80%D0%BF%D1%96
https://www.youtube.com/watch?v=1KuR0sCor1I Дәптер
|
|
Соңы 2 мин
|
Жеті сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Жеті-4 әріп, 4 дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз, 2 буын
-Жарайсыңдар балалар біз шыңның басына жетіп те қалдық олай болса балалар -Жолға шығатын адамды кім дейді? -Жолаушы -Жолаушы жол жүріп бара жатса ол адамға не деп айту керек -Жолың болсын! -Ендеше балалар бүгінгі сабақта жинаған билеттеріңізбен тауға барып сырғанап, демалып қайтуларыңызға рұқсат беремін. Сіздер жолаушысыздар жолдарыңыз болсын!
|
|
|
«Тораңғалық НОМ» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Сынып: 1
Өткізген: Тұрсынбек Арайлым Алтынғазықызы
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген