400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сауат ашу 1-сынып"Ә дыбысы және әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары, бастауыш сынып ұстаздарына үлкен көмегі тиеді деген ойдамын. Сабақ барысында уақыт өлшемдерін оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы толық меңгертуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім. Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Үмбетбай М

Күні: 22.06.2018ж

Сынып: 1 « »

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Ә дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тыныс белгілерін қою

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін /дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар/ ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқудың түрлерін қолданады

Көптеген оқушылар: Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тыныс белгісін қояды

Кейбір оқушылар: Сөздегі дыбыс түрлерін /дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар/ ажыратады және дұрыс дыбыстайды

Бағалау критерийлері

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады. Көркем жазады. дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларға ажыратады

Тілдік мақсаттар

1.Оқушылар не істей алады: суретпен жұмыс жасайды. Сөздерді буындап оқиды

2.Негізгі сөздер мен тіркестер:

3.Жазылым үшін ұсыныстар: көп нүктенің орнына әріптерді тауып жазады.

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. Өмір бойы білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін –өзі тану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы

Білім алушыларға сабақ барысында АКТ – ны қолдану қауіпсіздік техникасын, сондай ақ әр тапсырма аясында қауіпсіздік ережесі туралы ескертіп отырамын. Қайшы, сызғыш, қалам , бояу түрлерін қолданғанда

АКТ қолдану дағдысы

ноутбук

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбыс пен әріп ұғымдарын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



2 минут
















3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.

Ә) Сынып тазалығына қарау.

Б) Психологиялық дайындық

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

  • Балалар, бір –біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу

1-топ:

2-топ:

3-топ:

Ой қозғау «Өрмек құру» ойыны

  • дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты жуан дыбыстарды ата

  • Сөз неден құралады?

  • Сөйлем неден құралады?

  • Буын дегеніміз не?

  • З дыбысы қандай дыбыс?
























суреттері



Өрмекші жібі


Сабақтың ортасы

2 минут












5 минут















1 минут











3 минут








10 минут















5 минут











5 минут











1-тапсырма. Топтық жұмыс

«Ой қозғау» әдісі

Жұмбақ

Әжеде бар,

Атада жоқ.

Әкеде бар,

Анада жоқ (ә)


Таныстырып әріппен

Мынау кітап әліппең

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен (Ә)


  1. тапсырма. «Шыбын ұрғыш» әдісі

Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін дамыту

Жүргізілуі: Буындарды, жуан дауысты дыбыстарды, суреттегі қарама-қарсы сөздерді шыбын ұрғышпен ұру арқылы табады.


1-топ: Буыннан сөз құрау

2-топ: Жуан дауысты дыбыстарды тап

3-топ: суреттен қарама-қарсы сөздерді тап

Дескриптор:

  • Буыннан сөз құрайды

  • Жуан дауысты дыбыстарды табады

  • суреттен қарама-қарсы сөздерді табады

Дөңгелектермен бағалау


Сергіту сәті

Оңға түзу тұр

Солға түзу тұр

Алға бір адым

Артқа бір адым

Оңға бұрылып

Солға бұрылып

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық


2 тапсырма. Деңгейлік тапсырма

1-топ: Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау

2-топ: Әншілер, әпкелер, бәйшешек сөздерді буынға бөліп көрсет

3-топ: Осы сөздерден сөйлем құрау

Дескриптор:

  • оқушылар деңгейлік тапсырманы оқиды

  • сөздерді дыбыстық талдау жасайды

  • сөздерді буынға бөледі

  • сөйлем құрастырады


Дәптермен жұмыс

Ә әрпінің баспа түрін жазып үйренеміз. Қолымызға қалам, қарындаштарымызды алып, ауада жазамыз. Тақтаға үлкен, кіші әрпін жазып көрсету. Дәптерге жазу


Жаңылтпаш жаттау

Әдемілік әдеп,

Әумесерлік –әлек.

Дескриптор:

- Оқушылар үлгі дәптерге әріптің баспа, жазба түрін көркем жазады

- Жаңылтпашты жатқа айтады

Дөңгелектермен бағалау


3-тапсырма. деңгейлік, шығармашылық тапсырма

Әже туралы әңгіме құрастыру. Әркім өз әжелері туралы ой қозғайды.

Әжем қонаққа барғанда мені бірге апарады. Әжем әдемі. Менің әжем бар. Әжем маған ертегі оқып береді.. Әжемді қатты жақсы көремін.

Дескриптор.

  • Әже тақырыбына деңгейіне қарай әңгіме құрастырады

  • Әжелері туралы әңгімелеп береді

Дөңгелектермен бағалау


4- тапсырма. Постермен жұмыс

Ә әрпінен сөздер жазып, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау

Ә








Дескриптор.

  • Ә әрпіне сөздер тауып жазады, дыбыстық талдау жасайды

  • Сол сөздерді буынға бөледі

Дөңгелектермен бағалау






















Буындар топтамасы




Суреттер

























дәптер








Плакат, маркер

















А3 плакат, маркерлер

Сабақтың соңы

2 минут





2 минут

«Шеңбердегі доп» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Жүргізілуі: Оқушылар шеңберге жиналып, бір – біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы осы сабақ бойынша бір сұрақты айтып екінші оқушыға лақтырады.


Кері байланыс.

«Үш дос» әдісі арқылы жүргізіледі

Picture 1


  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Көк түс – жартылай түсіндім;

  • Жасыл түс – барлығы түсінікті.



доп





«Үш дос» суреті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


А) Ә дыбысынан келетін сөздерді атай аласың ба?

Жуан не жіңішке дыбыс екенін ажырата аласың ба?

Б) Ә дыбысынан келетін сөздердің мағынасын түсіндіріп бере аласың ба?

С) Ә дыбысы туралы не білесің?




Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді және бағалау тапсырмасының дескрипторларын жазасыз


Бағалау критерийі

Тап

сырма

Дескриптор

Ұпай

Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады

1

Буыннан сөз құрайды

Жуан дауысты дыбыстарды табады

Суреттен қарама-қарсы сөздерді табады

дөңгелек

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

2

Оқушылар үлгі дәптерге әріптің баспа, жазба түрін көркем жазады

- Жаңылтпашты жатқа айтады

дөңгелек

3

Әже тақырыбына деңгейіне қарай әңгіме құрастырады

Әжелері туралы әңгімелеп береді

дөңгелек

дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларға ажыратады

4

Ә әрпіне сөздер тауып жазады, дыбыстық талдау жасайды

Сол сөздерді буынға бөледі

дөңгелек













Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.














Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
7736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі