Күні:
10.04.2018ж
Сынып: 1
«в»
Пәні: сауат
ашу
|
Мектеп:
№158
Мұғалімі:Алмаханова. К.А.
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Мектеп
асханасы.
Жуан және жіңішке
дауысты дыбыстар.
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.2.1.2. Оқудың
түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп
оқу)қолдану.
1.1.4.1. Мәтіннің
мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша
болжау.
1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс
дыбыстау.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады
: Оқудың
түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп
оқу)қолдана алады
Оқушылардың басым
бөлігі :Сөздегі дыбыс түрлерін
(дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және
дұрыс дыбыстайды.
Кейбір оқушылар . Мәтіннің мазмұнын
тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжай
алады.
|
Жетістік
критерийлері
|
Айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
Нақты сөйлеу арқылы,
мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларды
бір-біріне деген құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Математика. көркем
еңбек, дүниетану.
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
видеоролик ,
таныстырылым.
|
Тілдік
құзыреттілік
|
Асхана-столовая.
Аспазшы –повар.
|
Сабақ
барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы
жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
3
минут
Үй тапсырмасын
сұрау.7 минут
|
Сәлемдесу.
1.Психологиялық ахуал
қалыптастыру.
Күн жарығын алақанға
саламын,
Жүрегіме басып ұстай
қаламын.
Әрі ізгі, әрі жарық,
мейірімді.
Болып кетер сонда дереу жан –
жағым.
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай қуаныш!
ТОПҚА
ТОПТАСТЫРУ.
-
ТОП
ЫДЫСТАР
-
ТОП
СУСЫНДАР
-
ТОП
КӨГӨНІСТЕР
-
ТОП
ЖЕМІСТЕР
Өлеңді мәнерлеп
оқу .
|
Психологиялық ахуал
қалыптастыру үшін күн бейнесін жасай тұрып , бүгінгі күнге сәттілік
айту
СУРЕТТЕР АРҚЫЛЫ
ТОПТАСТЫРУ
Жеке жұмыс
түрі.
Бағдаршаммен
бағалау
|
Видеоролик
көрсету
Сабақтың
ортасы
20минут
|
Мектеп асханасын
видеороликпен көрсету және
1-жаттығу
Мәтінді түсініп
оқы
Аспазшы сәбіз, орамжапырақ,
картоп, қызанақты ұсақтап тұрайды. Туралған көгөністерден дәмді
тағамдар даярлайды. Оларды турағанда аспазшының қолы қолына
жұқпайды.
Мен:
-Қалай тез турайсыз?-деп
сұрадым
Аспазшы:- әр іс көп жаттығуды
керек етеді ғой , -деп жауап берді.
Шынжыр сөз құрау
әдісі:
екі-екі топқа жуан дауысты
және жіңішке дауысты дыбыстардан шынжыр сөз
құрау
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
2-жаттығу
Жұмбақтың шешуін
тап.
Аспай
піскен,
Қайнамай
түскен.
3-жаттығу
Ребусты
шешіңдер.
Постер
қорғау:
Әр топ жемістер мен
көгөністердің суреттерін жапсырмалап , сөздерді жазып, дыбыстарды
ажыратып айтып беру.
|
Таныстырылым,
оқулықпен
жұмыс
Топпен
жұмыс
Мадақтау арқылы
бағалау
Топпен
жұмыс
Басбармақпен
бағалау
|
Сергіту
сәті
1
минут
|
Видеороликтен би қимылдарын
қайталау арқылы сергіту жасау
|
Сергіту сәтіне арналған
видеоролик
|
Аяқталуы
7минут
|
4-жаттығу
Жаңылтпашты жатқа
жаз.
Сөздердегі ы,і дыбыстарының
бір-біріне ұқсастығы мен бір-бірінен өзгешелігі неде екенін айтып
көр.
|
Оқулық,
дәптерлер.
Мөрмен
бағалау
|
Сабақтың
соңы
2
минут
|
Рефлексия. Кері байланыс.
Себетке алманың түстеріне қарап жапсырмалау
.
|
Себет толы
жеміске.
|
Дифференциация – оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін тексеру
жоспарыңыз?
|
Пәнаралық
байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау
көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
|
Оқушылар өздері жасаған
бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты,
көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі
сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген
құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|