Ашық сабақ "Сауат ашу әлеміне саяхат"Мектепалды топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сауат ашу әлеміне саяхат"Мектепалды топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен сауат ашу әлеміне саяхат жасау арқылы дыбыстарды, әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні :
Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Сауат ашу әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалармен сауат ашу әлеміне саяхат жасау арқылы   дыбыстарды, әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау.
Елбасымыздың "Үш тұғырлы тіл" бағдарламасы бойынша,үш тілде білім берудің балабақшада қарапайым элементтерін енгізу.
2)  Балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3)  Балаларды  ұғымталдықка, әдептілікке, тәрбиелеу.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі:аралас
Көрнекіліктер:әр түрлі үлестірмелі суреттер,маркер,сөйлем тірек сызбасы, карточкалар,көк,қызыл,сұр қарындаш,қаламсап,цифрлар,үн таспа,Кюзинер таяқшалары.
Әдіс -тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ішіне- сыртына стратегиясы,топтастыру стратегиясы,ойын.

Полингвалды компонент: Әріп –буква-летэр, Дыбыс –звук-саунд
Сөз-слово-оурд,
Буын-слог-силобол, .Сөйлем-предложение-пропосал

Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің барысы:Үш тілде амандасу
Психологиялық кезеңі.
Армысың досым,
Кел маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
- Ал, қандай жылы лебіздеріңді білдіресіңдер?
Аяздай мықты бол!
Қардай аппақ бол!
Судай таза бол!
Мұғалім:
Мұздай мөлдір бол!

Өз аттарын қай әріптен басталатының айтады.

1.Мимикалық жаттығулар мен беттің бұлшық еттеріне массаж.
а) Лимон жегенде. (3 – 4 рет)
ә) Қуанғанда. (3 – 4 рет)
б) Таңғалғанда. (4 – 5 рет)
в) Ренжігенде. (4 – 5 рет)

2. Тыныс алуға арналған жаттығулар
а) Алғашқы қалпы (аяқ қосулы): орыннан тұрып, иықтар ашық; басын түзу ұстау; бір қолын диафрагмаға қойып, екіншісін қабырғаға қояды. «Бір» дегенде терең дем алып, тынысын ұстап қалады; 1, 2, 3, 4, 5 дегенде бірқалыпты дем шығару (санап тұрып).
ә) А. қ. 1 – ші жаттығудағыдай. 1, 2 дегенде терең тыныс алып; 1, 2, 3 дегенде демін ұстап қалу; 1, 2, 3, 4, 5 дегенде бірқалыпты дем шығару.

Орнымызға отырамыз,айна аламыз.
3.
Ерінге арналған жаттығу
а) Екі ерінді ауыз ішіне тарту. (1 - 4 рет)
ә) Үстіңгі және астыңғы ерінді уқалау. (1 - 4 рет)
б) Ерінді алдыға созуын үйрету.Түйіскен еріндерді алдыға түтікше тәрізді созу. ( 1 - 5 рет)
в) Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп қиналмай жымию (балаға дұрыс істеуді үйрету үшін іштен «и» дыбысын айту керек). (1 - 5 рет)



Мотивациялық кезең

-Осы жаттығуларды қай оқу іс-әрекетінде қолданамыз?
-Балалар бүгін мен сендерді сауат ашу әлеміне саяхатқа шақырамын,онда кішкене шағын елдер бар екен,сол елдерде өздерінің сиқыршылары бар,
олар қонақтар келгенді және әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар
бергенді ұнатады.Осы саяхатта сендерге өте қызықты болады деп ойлаймын,өйткені сендер сауат ашуды ұнатасыңдар ғой(балалардың жауаптары)
-Бірақ біз немен сапарға аттанамыз? (балалардың жауаптары)
-Немен аттанатынымызды тапсырманы орындағанда білетін боласыңдар.
-Балалар кәнеки орнымызға отырайық та,
1 саны бар тапсырманы аламыз,ондағы тапсырманы орындаймыз 1 санынан бастап нүктелерді бір –біріне қосамыз,соңғы нүктені 1 санына қосамыз.
-Не бізде шықты?
-Саяхатқа немен аттанамыз екен?
-Түгелдеріңде кеме шықты ма?
-Тапсырманы дұрыс орындағандарын үшін,мен сендерге қандай әріп тарту етемін.....?(Ж)
-Алдымызда әлі көптеген тапсырмалар бар,әр тапсырмаға сендерге бір әріптен тарту етеді,саяхаттың соңында көреміз,қандай сөз шығатынын?
-Енді саяхатымызға аттанайық(
Музыка кеме дыбысы).Саяхатымыздың бірінші еліне жеткенше,менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:

-Бір аптада неше күн бар?

-Қазір қандай мезгіл?

-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Бүгін аптаның қай күні? Кеше қандай күн болды?Ертең қандай күн?
-Міне
1 саны бар еліне келіп жеттік



Сиқыршының дауысы:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен «
Әріптер және дыбыстар » елінің сиқыршысымын,менің еліме хош келдіңдер!Менің тапсырмаларымды қалай орындайтындарынды көргім келеді
-Балалар, Қазақ тілінде неше әріп бар?Сиқыршыға көрсетеміз бе?
-
2 саны бар тапсырманы алайық, ондағы әр қатардағы артық әріпті сызып тастаймыз
-Қанеки 1 қатарда қандай әріптер жазылған,дыбыстап беріңдерші?
-Мұндағы артық әріп қайсы?
-Бәрінде солай ма?
Әріп орысша буква,ағылшын тілінде летэр
-Жақсы балалар,сендерге тапсырманы жақсы орындаған үшін сендерге әріп тарту етіледі....(А)
« Ішіне-сыртына » стратегиясы.
-Балалар келесі елге жеткенше сендерге тағы бір тапсырма,ол өткен әріптерді қайталау
-Балалар, ішіне дауыссыз дыбыстарды,сыртына дауысты дыбыстарды қоямыз.
-Жақсы балалар,енді ішіндегі дыбыстарды дыбыстайықшы.Дыбыс деген

не? Дұрыс дыбысты біз айтамыз,көреміз. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады?Дыбыс –звук-саунд
-Олар қалай дыбысталады?
-Кедергі жасап тұр ма?
-Олар қандай дыбыстар?
-Дұрыс балалар,сондықтан біз дауыссыз дыбыстарды ішіне жинадық
-Ал сыртында қандай дыбыстар?
-Олар қалай дыбысталады?
-Дұрыс балалар,олар ашық айтылады,кедергі жасамайды,олар қандай дыбыстар?
-Жақсы балалар,сендерге тағы бір әріп тарту етемін....(Р)
-Келесі балалар сиқыршы бізге дыбыс туралы тапсырма бергісі келеді
-Онда қандай тапсырма берілді екен,оқиын(жұмбақ жасыру),сол жұмбақтың шешіміне дыбыстық талдау жасау

Тақиям толған сөқ

Ерте тұрсам дымда жоқ(Жұлдыз)

Буынұйқас:

Ыз-ыз –ыз аспанда бар жұлдыз

Ыз-ыз-ыз жақсы көрем қымыз
-
3 саны бар парақты алып,дыбыстық талдау жасау
-Балалар кәне кім тақтаға шығып,дыбыстық талдау жасап береді?
-Балалар дұрыс па?Барлықтарыңда осылай шықты ма?Енді
Кюзинер таяқшаларымен осы сөздің дыбыстық талдауын жасайык.Жұлдыз деген сөзде неше буын бар?Бөлейік.Екпін қай буынға түсіп тұр?Неше әріп бар?Таяқшамен белгілейік.
-Жақсы балалар,сендерге тағы бір әріп тарту етіледі....(А)
-Келесі тапсырма балалар,онда біз екі топқа бөлінеміз,бір топ дауысты дыбыстарды,бір топ дауыссыз дыбыстарды жазамыз.




Сиқыршының дауысы:
-Жақсы балалар,сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындап бердіңдер,сол үшін сендерге келесі әріп тарту етемін....(Й)
-Келесі елге енді аттанайық
-Біз келесі елге жүзіп барғанша ,маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші:
-Суретте не бейнеленгенін көріп тұрсыңдар?Қандай дыбыс естіледі?

Д дыбысы ұян дауыссыз дыбыс
-Жақсы балалар дұрыс,енді осындағы Д әрпі,дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?Өз орында орындау,бір балаға тақтаға шығып орындайды.
-Кім тақтаға шығып,Д әрпі қай жерде орналасқанын жазып береді?

«Д» әрпінің артикуляциясын көрсетейік(айнаға қарайды)
-Жақсы балалар,міне
3 саны бар еліне де келіп те жеттік,онда қандай тапсырмалар бізді күтіп тұр екен?
Сиқыршының дауысы:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендермен «Буын » елінің сиқыршысы сөйлесіп тұр.Сендер менің тапсырмаларымды қалай орындап береді екенсіңдер,соны білгім келеді.Буын-слог-силобол
-
4 саны бар тапсырманы аламыз ,мұнда «Адасқан буындарды» бір-біріне

сызық арқылы қосамыз
-Кәне балалар, кім тақтаға шығып,адасқан буындарды бір-біріне қосып оқып береді?
-Дұрыс барлықтарыңда,осылай шықты ма?
Сиқыршының дауысы:
-Жақсы балалар,сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындап бердіңдер,сол үшін сендерге келесі әріп тарту етемін....(С)
-Келесі елге жеткенше,балалар біраз демалайық (Саусақ ойыны)
«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз

Үккішпен үгіп майдалаймыз

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне, дайын нәр тағам-

Дәруменге байыған

Орындалуы:

1. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылады.

2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды.

3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді»

4. Қолды жұдырыққатүйген күйі (қаймақ құйған тәрізді) қол білезігін жоғары-төмен қозғайды.

5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

6. Алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.
-Міне қандай елге келдік балалар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар
4 саны бар еліне келдік


Сиқыршының дауысы:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер «Сөз » еліне келдіңдер.Сендер менің тапсырмаларымды қалай орындап береді екенсіңдер,соны білгім келеді.Сөз неден құрастырылады?Сөз-слово-оурд
«Сөзжұмбақ» тапсырмасы
-Тақтаға назар аударайық ненің суреті тұр?Қандай жыл мезгілі?түсіндіру....
-Кәне,кім тақтаға шығып жазып береді
-Жақсы балалар,сендер тапсырманы жақсы орындап бердіңдер,сол үшін сендерге келесі әріп тарту етемін....(Ы)
« Ребустар шешу »
-Енді тағы да бір тапсырма,балалар Ребустар шешейік
-Жақсы балалар!
Сиқыршының дауысы:
-Жақсы балалар,сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындап бердіңдер,сол үшін сендерге келесі әріпті тарту етемін....(Ң)
-Енді балалар келесі елге жеткенше біраз демалайық:
«
Сергіту сәті»Әріптерді келтіру.
-Міне балалар соңғы
5 саны бар еліне келіп жеттік
Сиқыршының дауысы:
-Қымбатты балалар!Сендер «Сөйлем » еліне хош келдіңдер.Мен сендерге өте қызық тапсырма дайындадым
Тірек сызба арқылы сөйлем құрастыру.Сөйлемді қалай құрастырамыз? Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз.
Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.Сөйлем-предложение-пропосал

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында .! ? белгісі қойылады.
-Балалар өздерін қандай сөзге сөйлем құрастырғыларың келеді?
-Сөйлемнің неше түрі бар?
-Дұрыс,бірінші хабарлы сөйлемге құрастырайық.......

Рефлексия
Сиқыршының дауысы:
-Жақсы балалар,сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындап бердіңдер,сол үшін мен сендерге қандай тыныс белгісін тарту етемін....(!)
-Міне балалар енді қандай сөз шықты екен соны оқиық...(ЖАРАЙСЫҢ!)
-Жарайсыңдар!
Осы кезде сауат ашу Ханшайымының дауысы:
-Жақсы ,балалар,жарайсыңдар?Сендер менің сиқыршыларымның тапсырмасын дұрыс орындап бердіңдер.Сендерге тапсырмалар ұнаса,қиын болмаса желенді жасыл түске бояңдар.Егер тапсырмалар орындағанда қиындықтар кездессе,сары түске бояйсыңдар.Мүлдем түсінген жоқпын десеңдер,қызыл түске бояу керек.Ал енді сау болыңдар,балалар!
-Сау болыңыз!
-Ал,енді балалар осымен «Сауат ашу әлеміне» саяхатымыз аяқталды,енді балабақшамызға оралайық .
Музыка
12.Қорытынды. Сабақтан алған әсерлеріңді кемені суреттеп салыңдар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2021
2001
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі