400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сауат ашу М дыбысы мен әрпі.1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

« Менің отбасым»

Сауат ашу

Педагогтің аты-жөні

Мукашева Д.Н

Күні:

25.11.20

Сынып:1 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М дыбысы мен әрпі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Оқушылар М м әріпін таниды, ажырата алады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Көбі: Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді, берілген сөйлемдерді оқиды.

КейбіріҚарама –қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады.

«Ғ.Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын оратлығымен» КММ

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

  

-түгелдеу

-сабаққа даярлығын анықтау


Балалар мұғаліммен бірге қайталайды

Мадақтау

Көрнекілік

Сабақтың ортасы

13 мин

Серпілген сауал әдісі.

- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?
-М дыбысымен

-Ол қандай дыбыс?

-Дысты дыбысты қандай белгімен белгілейді?

-Қызыл белгімен.

-Қандай сөздермен таныстық?

Мысық, мата, ма рал, алма.

-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр

- Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?
1. Айранда бар, нанда жоқ,
Аюанда бар, малда жоқ. (а)
2. Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар, далада жоқ. (р)
3. Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар (т)
4. Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)


Дәптермен жұмыс

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мадақтау

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Сергіп қалады

Тамаша!


Қызықты тапсырма

6 минут


Мал та тас

Ал мас, Ал мат, Ма рат су да мал ты ды.

О лар су дан он нан са там тас ал ды.

-Мы нау- мал та тас,-де ді Ал мас.

Ал мат тас тар ды са на ды.

Кері байланыс

“Басбармақ ”


Айтылым

Жарайсыңдар!


Сабақтың соңы

12 мин


«Сұрақтар әдісі»

-  Балалар,  бүгін біз қандай әріппен таныстық?
-  М м дыбысы дауысты ма, әлде  дауыссыз ба?
- Кім м  дыбысынан  келетін  сөздер айтады?
- Мм  дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде  кездеседі?


Тыңдалым



Айтылым


ҚБ /жарайсың, жақсы, әтеген-ай/

Оқулық, дәптерлер.

Рефлексия1 мин

Сабақты қорытынды

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Айтылым

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.



МДӘЖО

Тексерілді: Ш.Балатұрсынова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі