400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Сауат ашу негіздері. "Нн" дыбысы мен әріпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бойынша Сауат ашу негіздері.4Кмоделі қарастырылған. Мектепке дейінгі мекеме ұйымындағы тәрбиеші, педагогтерге көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы

Қатынас

Тобы: мектеп алды даярлық

ҰОҚ:

Сауат ашу

Тақырыбы: «Нн» дыбысы және әріпі

Оқу мақсаты:


Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

ҰОҚ мақсаты

Н дыбысын таниды, Н дыбысы бар сөздерді атайды. Сұрақтарға жауап береді. Н дыбысынан басталатын суреттер қиындыларын құрастырады

Дағдылар


Үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Буындарды ажыратады. Жазудың қарапайым дағдыларын: қарындаш, қалам ұстауды, сызықтар сызуды, бастырып жазуды меңгереді.

Шаттық шеңбері.

Ширату жаттығуы. (Көңілді күн) әніне құрылған видио көрсетіп, қимылмен қайталату

Оқу қызметінің басы: «Ашық микрафон» әдісі

Н дыбысынан басталатын суреттерден слайд көрсету. Слайд арқылы балалар тақырыпты ашады. Өткен сабақтарда қандай әріптермен танысқандарын сұрау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратуға болатынын, оларды дыбыстық талдау жасағанда қандай түстермен белгілейтін сұрау.

Ашық сұрақ:

- Мына суреттер қай дыбыстан басталып тұр? Атап айтады.

- Н әріпі неге ұқсайды екен?

Н дыбысының дауыссыз үнді дыбыс екенін, дыбыстық талдау жасағанда көк түспен боялатынын, жазылуын көрсетіп, түсіндіру. Ауада, тақтада, дәптерде жазғызу.

(4К моделінің сыни ойлау, коммуникативтілік. )


Сергіту сәті.

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.


Жұптық жұмыс. Балаларды жұптарға біріктіру. Н дыбысынан басталатын суреттерді таратып беру. Сурет бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.


Ойын: Сиқырлы алма. Шарты: Тақтада алма ағашы ілінеді. Алма ағашында алмалар өсіп тұрады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алады . алмада жасырынған екі,үш дыбыстан тұратын сөзді оқиды. Сөз арасында келетін Н дыбысын табады Дыбыстық талдау жасайды.

(4Кмоделінің креативтілік, коммуникативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық)


Бақылау жүргізу. Қиналып тұрған балаға көмектесу үшін жетелеуші сұрақтар қою.

Оқу қызметінің соңы: Топқа біріктіру. Балаларды 3топқа біріктіріп, Н дыбысына келетін сурет қиындыларынан (пазл) суреттер құрату. Бір-біріне «Галлерея» әдісімен презентациялайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен мадақтайды.

(4Кмоделінің креативтілік, коммуникативтілік, сыни ойлау, шығармашылық, ынтымақтастық)

Кері байланыс:

-Балалар, бүгін сендерге не ұнады немесе не ұнамады?

-Неліктен ұнады?

-Ертең тағы не жасағыларың келеді немесе не туралы білгілерің келеді?

(4К моделі, Бала үні ескеріледі).






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі