400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Сауаташу. Іі дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сынып мұғаліміне қысқа мерзімді жоспар жазуда, әріптестеріме көмектеседі деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім.

Менің отбасым және достарым

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы мектеп- лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сванова З

Сынып: 1 -сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

74–75-сабақтар. Менің отбасым. Іі дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер мен суреттерді қолдана отырып, жай сөйлемдер немесе мәтін құрастыру және жазу.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Сөйлемдерді сәйкес суреттермен, тірек сөздермен толықтырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақ қояды, жауап береді

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін құрастырып жазады. Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жетістік критерийлері

Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.

Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.

Құндылықтарды дарыту



«Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық» сияқты білім берудің басты құндылықтарын дамыту. Сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту

Бастапқы білім


Оқушылар кейбір әңгімелерді, әр алуан мәтіннен ақпарат алуға болатынын біледі, тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқи алады.

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз? Сюжетті сурет бойынша ширату тапсырмасын орындатамын. Ашық сұрақтар дайындаймын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы









Әріп таңбасымен танысу (жұмбақ)

(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылай!» ойынын ұсынады.

Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). Жүгіріс ше? – Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады).

Түнгі ұйқы? – Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).

Аласың ба? Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше? – Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).

Ойын қалай? – Осылай! (Езулерін ауаға толтырып, оларды алақандарымен ұрады).

Ұрысқанда? – Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады)

Ширату тапсырмасы: Сюжетті суреттер арқылы отбасындағы тәртіп ережесін құрғызу: Қамқорлық және жауапкершілік

стикерлер

Сабақтың ортасы

1. «Жоғалған әріпті тап» әдісі арқылы і әрпін табады. Жұптық жұмыс.

1. ТА (МК; Т; Қ) Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыртамын. Әр суреттің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алады. Мысалы, 1-сурет бойынша:

–Бала не істеді? – Бала киімдерін іздеді.

2-сурет бойынша: – Ол қайда асықты? – Ол мектепке асықты.

3-сурет бойынша: – Бала сабаққа үлгерді ме? – Бала сабаққа кешікті. «Ол қандай оқушы?», «Сабаққа кешігуінің себебі неде?», «Сендердің күн тәртіптерің қалай құрылған?» сұрақтары арқылы сюжетті суреттегі негізгі ойды анықтатамын.

YouTube сайтынан Балапан ТВ. Балапан және оның достары. Күн тәртібі мультфильмін көрсетемін. Күн тәртібін дұрыс құрудың маңызы туралы айтамын.

Дискриптор: Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсіну, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрайды.

2.Өлеңді оқып беремін. Оқушылар тыңдап сұрақтарға жауап береді.

Дискриптор: - өз ойларын ашық айтады;

- мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап береді.

3. ТА (МК; Ж; Қ) Белсенді оқу.

Оқушылардың жұптасып бір-біріне мақал-мәтелдер айтады және оларды пайдаланып көрініс көрсетеді.

Дискриптор: - Сұраққа нақты жауап береді;

- тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды.

4. Жазылым (Ө; Қ) Дәптермен жұмыс. Қолдану/жазу Жауабы: тілім, ілім.

Дискриптор: - әріптерден сөз құрап жазады;

- көркем жазады,

- символдар мен сызбалар салады.

5.ТА Тапсырма (Ө;Қ)

Суретке мұқият қараңыз. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңыз. Оқиға немен аяқталуы мүмкін?

Дескриптор: - берілген тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады;

- суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;

- өз ойын жүйелі жеткізеді.

Оқулық

YouTube сайты (менің отбасым

Мультфильм

Балапан ТВ)















Аудио үнтаспа Оқулық



Оқулық









Дәптермен жұмыс





Оқулық


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сөйлемдерді сәйкес суреттермен, тірек сөздермен толықтырдым.

Мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя аламын.

Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын.

Сөйлемдерден мәтін құрастырып жазамын.

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалау.

«Жетістік баспалдағы»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Бағытталған жазу» әдісі арқылы мәтін жазудың үлгісін ұсынамын.

Әрбір жаттығуды дискриптор арқылы бағалап отырамын.

Қалам,қарындаш, желім

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі