Материалдар / АШЫҚ САБАҚ "СӘУКЕЛЕ ТІГУ"

АШЫҚ САБАҚ "СӘУКЕЛЕ ТІГУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҚСЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еңбек

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Алипбекова

Сабақтың атауы

Сәукеле тігу

Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.

Білімділік: сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.

Дамытушылық:сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушыығын арттырып, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, информатика

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық

Көрнекіліктері: ұлттық баскиім түрлері ерлер, әйелдер баскиім .

Қажетті құралдар: сәукеле үлгісі шаблон, сантиметрлік таспа, мата, ою, қағаз бор,

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

I.Ұйымдастыру кезеңі: а.оқушылардың сабаққа көңілін аудару.

б. жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын тексеру.

в. Қауіпсіздік ережесі және санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.

II. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.

  • Матаның адам ағзасына экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?

  • Табиғи маталардың пайдасы неде?

  • Өлшемдер қалай алынады?

  • Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?

  • Әр ұлттың киімдерінде өзгешелік бар ма?

Қызығушылықты ояту


«Мұны білу пайдалы» бас киімдерге қатысты ырым-тыйым сөздер:

  • Киімді оң қолдан бастап киіп,сол қолдан бастап шешеді.

  • Тозбаған киімді тастауға болмайды.

  • Киімді сілкіп киген жөн.

  • Бас киімді теріс киюге,лақтыруға болмайды.

  • Қыз бала басына ақ,қара орамал тартпайды.Ақ – жаулықтың,Қара – қайғының белгісі болып саналады.

  • Киімнің жағасын басуға болмайды.

Мағынаны тану


Қазақ халқы баскиімді ерекше құрметтеген. Оны аяқтың астына тастамаған,біреуге сыйламаған,жоғарыға іліп қойған.Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді үйренеміз.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық , эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек, шылауыш.

Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.

Айырқалпақ – ақ киізден немесе драптан өрнектер салынып тігіледі.

Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа жақсы.

Сәукеле- қазақ,қырғыз,қарақалпақтарға ортақ баскиім.Бірақ ортақ баскиім болғанымен әр халықтың сәукелесінің өз ерекшеліктері бар.Қазақтардың сәукелелерінің төбесі шошақ, биік,артқы құлағы шашқап тәрізді белге дейін жеткен Сәукелені – қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін қолданып келеміз. Сонғы кездері үйленген жас жұбайлар үйлену тойында қазақтың ұлттық киімін киетін болған.

Сәукеле тігудің реті

1. Қуыршаққа сәукеле тігу үшін сары түсті 25х25 см шаршы пішінді мата керек.

2. Матаны үшбұрыштап екіге бүктеп, бүгу сызығын ал.

3.Матаның екі шетін ортаңғы бүгу сызығына жеткізіп бүкте. Алынған үшбұрыштан конус шығатындай дөңгелектеп сызып, белгіле.Конусты қиып ал. Төбесін де белгіленген жерден дөңгелектеп сызып, қиып ал

4.Сәукеленің екі шетін біріктіріп тік.Диаметрі 3см дайын үлгіні матаның үстіне қойып,сәукеленің төбесі болатын дөңгелек қи.Сәукеленің негізгі бөлігіне төбесін біріктір.

5.Жұмсақ фольгадан өлшемі 5х5 см болатын бірнеше шаршы қиып ал.Осы шаршыларды қолмен умаждап, дөңгелек моншақтар жаса.

6.Сәукелеге моншақтарды тігіп, әшекейле.Төбесін, ортасын әшекелейтін моншақтарды ПВА желімімен желімдеуге болады. Ал етегін әшекейлейтін моншақтарды жиегіне тігу керек.



Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау


Жасаған сәукеленің сапасын тексере отырып, өте жақсы жасаған жұмыстарды марапаттап, жетістіктері мен кемшіліктерін айтып, жалпы сабаққа қорытынды жасап оқушыларды бағалаймыз.

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ