Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа
қатысуды тексеру.
5
Т ережесін еске
түсіру.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Тыныштық сәтi. « Нұрға
бөлену ».
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Барлығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе
түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленніп, басыңызға
тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр
бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық
тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр
бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен
Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға
толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.Рахмет.
3.Үй тапсырмасын
тексеру.
Оқулықтың 21-22 бетіндегі
4-сабақтағы Қ.Толыбаевтың « Күш қайдан келеді?»мәтінді оқып келуін
тексеру.
Мәтін бойынша
сұрақтар:
Құмырсқаның бәрінен күшті
болуының мәні неде?
Адам күшті болу үшін қандай
қандай іс-әрекеттер жасауы
керек?
Нағыз күшті адам деп кімді
айтуға болады?
Неліктен адам бәрінен күшті
деп ойлайсыңдар?
Балаға өздерің қандай ақыл
қосар едіңдер?
|