400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сәулетті біздің Алматы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабақ жоспарлауда көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ........................... Ж. Қарынбаева

Пән: Әдебиеттік оқу

Күні: 11.12.2019ж.

Сынып: 3 «А»

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп- гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Аштекова Қ.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

А.Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын»

Оқу мақсаты

3.3.3.1 – шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады.

Көптеген оқушылар: шығармалардан көркем бейнелі сөздерді таба алады.

Кейбір оқушылар: нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде бере алады. Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді.

Тірек сөздер

Оқушылар: Алматы жайлы білетіндерін айта алады. Алматының көрікті жерлерімен әкелген суреттері бойынша толықтыра алады. Өлең жолдарын өз түсінгені бойынша қара сөзбен жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Құлпырған бақ, дара, тура жол, мұзайдын, сәулетті қала, ақ таңы, ертегі қала.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Біз әлі сәнді үйлер саламыз, өйткені, ...

Медеу мұзайдында болдым, сен болдың ба?

Бағалау критерийі

Шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсына алады

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Түртіп алу, Болжау, Бірге ойлаймыз» әдістері арқылы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Идея туралы пікір» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

-Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. - Жеке бас гигиенасын сақтауда үшкір заттардан (қайшы) сақтану

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Алматы жайында суреттер ізденіп әкелуі барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Өлең жолдарын өз қарасөзімен түсінгенін жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдысы

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Мақтанышым-Астанам

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды орындықтарының артына жапсырылған сурет бойынша 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Медеу» 2-топ: «Алатау»

3-топ: «Саябақ» 4-топ: «Шымбұлақ»

«Алақан» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Медеу, Ала-тау, Саябақ, Шымбұлақ суреттері, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы





























































1-тапсырма.Суретпен жұмыс

«Болжау» стратегиясы бойынша слайдта көрсетілген суреттер туралы ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды, суреттермен толықтырады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Суретпен жұмыс

Абдрахман Асылбек- ақын. Ол 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мұғалім болған. «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. 

2- тапсырма

Абдырахман Асылбектің «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын» өлеңін барлық оқушылар «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп, іштей оқиды. Көркем бейнелі сөздерді белгілей отырып оқиды, өлең мазмұнына қажетті ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.

1-топ: «Медеу» - «Мұзайдын» өлеңімен

2-топ: «Алатау»- «Сәулетті біздің Алматы» өлеңімен

3-топ: «Саябақ» - Е.Елубаевтың «Апорт» өлеңімен

4-топ: «Шымбұлақ» «Алматының жолдары» өлеңімен, сызбаға түсіреді.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әр топ өз өлеңін көркем бейнелі сөздерді қолданып, өз ойы мен сезімін жеткізеді. Нақты ақпараттарды сызба түрінде ұсынады. Топтар пікір алмасады.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;

  • сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;

  • өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді;

  • Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді..

3-тапсырма

Кестемен жұмыс

Жұпта «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп өлең жолдарын өз түсініктерімен жеткізеді.

Өлең жолдары

Түсінгеніңді қара сөзбен жаз

Қоршаған таулары,

Жайқалған баулары.

Бұлбұлдар шырқаған,

Субүркек бұрқаған.


Алматы керемет қала ғой.

Алатау айрықша дара ғой.

Көрікті жерлері жетеді,

Бірінен бірі өтеді.

Көңілді көтеріп, демеуге,

Тура жол тартады Медеуге.

Онда бар мұзайдын-сырғанақ.

Құмарың қанбайды мың қарап.


Алатауға алып барса таспа жол,

Көктөбеге көтереді аспа жол.

Жүрегіңді жаңа ауданмен жалғайды,

Абай атты аса сұлу қасқа жол.



Апорт деген алма бар,

Алматы оның Отаны.

Ондай алма қайда бар?

Жерді жарған атағы.


Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

4- тапсырма

«Идея туралы пікір» әдісі бойынша бірге ойланып, басқалардың пікірін сұрай отырып ұжымда орындалады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң бір-бірімен ақылдасып, жинастырған мәліметтері мен өз ойларын біріктіріп жоба ережесіне сүйене отырып дайындайды.

Жоспары:

  1. Қаланың сызбасын жасауға дайындық

  2. Сызба ұсыну

  3. Сөзбен көркемдеу

  4. Жобаны қорғау

Саралау. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Нақты ақпаратты анықтауға арналған оқылым

«Анықта, талқыла» әдісі.

Өлеңді қайта оқиды. Өлеңнен алынған нақты ақпараттарды өмірмен байланыстыра отырып, туындаған сұрақтарын құрастыру ұсынылады. Әр топ бір нақты ақпарат, соған сәйкес туындаған бір сұрақ ұсыну.

Дескриптор: Білім алушы

-мәтінді қайта оқи отырып, мазмұнын еске түсіреді;

-анықталған нақты ақпараттар бойынша туындаған сұрақтарын ұсынады;

-ұсынылған сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып өз ойларын білдіреді.

-Алматыны неге «сәулетті қала» деп айтады? Алматының сәулетті екенін ақын сөзімен дәлелдеп, жазып шық.

-Өлеңдерді жазған кім? Суреттер топтамасын пайдаланып, әңгімеле.

-Әсем қала Алматы саған несімен ұнайды?

-Отбасыңмен Алматының қай жеріне барар едің?

. «Бес қадам» әдісі. ТЖ

Ортаға табан іздері тасталады. Әр топқа тапсырма ұсынылады. Әр топтан шыққан бір оқушыға тақырып бойынша сұраққа жауапты айта жүріп, табан іздерін баса отырып, бес қадам жасайды. Оқушы жылдам жауап беруі керек.

1-топ: Алматы туралы 5 өлең тақырыбын айту

2- топ: Алматыны сипаттайтын 5 сын есім

3- топ: Алматының 5 көрікті жерін ата

4-топ: Алматыға 5 тілек

Алматының суреттері, интербелсенді тақта,маркер, слайд



Ақын суреті және шығар-малары,

Интербелсенді тақта, слайд




Оқулық интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік

слайд








































Кесте жазылған қағаз, маркер, оқулық

слайд




















маркер, түрлі кітаптар,

слайд

Сабақтың соңы

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Слайд


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
5167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі