жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Шаю және дезинфекциялау технологиясы
Қызылорда облыстық Білім басқармасы
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі
«Бекітемін»
Колледж директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
__________Таңқыбаева Б.Р.
«___»_____________2022ж.
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Шаю және дезинфекциялау технологиясы
Оқытушы: Райканова Гулжазира
«Техникалық» пәндер
ЦӘК қаралды
Хаттама №____
«____»_______2022ж.
ЦӘБ жетекшісі:
_________Шалқарбаев А.Ө.
Қызылорда 2022
Сабақ жоспары
Тобы: С-16-11
Пәннің атауы: Сумен жабдықтау және су қайтару жүйелерін қалпына келтіру
ІІ.Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
-
студенттің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;
-
алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;
-
алған білімін іске асыруға баулу;
-
студенттерді іске өздері баға беруге, талдауға үйрету;
-
білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу.
Дамытушылық мақсаты:
-
құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципин ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;
-
оқу қабілетін дамыту (оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жасауға үйрету, сабаққа дайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);
-
ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
-
еңбекке тәрбиелеу;
-
білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі
VІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
V. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, конспектілеу.
VI.Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне көріністер, сызбалар.
VII. Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Журналға белгі соғу
Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
-
Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру (30 мин)
Жаңа сабақ жоспары (30 мин)
Шаю және дезинфекциялау технологиясы
Судағы жүзгін бөлшектерді жəне коагуляцияланған ұлпақтарды бөлу ауырлық күші əсерінен жүреді. Жүзгіндердің негізгі бөлігін тығыздығы судың тығыздығынан артық бөлшектерді гравитациялық тұндыру арқылы судан бөліп алу үшін арнайы қондырғылар – тұндырғыштар қолданылады.
Тұндырғыштардың қазіргі конструкцияларының барлығы да (горизонтальды, вертикальды жəне радиальды) ағысты болып табылады, себебі жүзгіндердің тұнуы кірістен шығысқа дейінгі судың үздіксіз қозғалысы арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, тұндырғыштардағы судың жылдамдығы үлкен болмауы керек, мысалы, вертикальды тұндырғыштарда мм/с –тың ондық үлесімен өлшенеді, ал горизонтальды жəне радиальды тұндырғыштарда - бірнеше мм/с. Тұндырғыштарды жобалағанда басты міндет – тазартылатын судың құрамындағы жүзгіндердің негізгі массасын тұндыру.
Фильтрлеу де судың сапасын белгілі бір талаптарға немесе ауыз суға қойылатын ГОСТ талаптарына сəйкестендіруге мүмкіндік беретін, суды тазартудың негізгі əдістерінің біріне жатады. Фильтрация əдісінің мəні – құрамында қоспалары бар сұйықты өткізетін, бірақ қатты бөлшектерді жібермей ұстап қалатын фильтрлегіш материалдар арқылы өткізуде. Фильтрлеу процесі жүргізілетін су тазарту қондырғыларын фильтрлер деп атайды. Су тазарту станцияларында көбінесе түйіршікті фильтрлер қолданылады. Бұл фильтрлер көптеген белгілері бойынша жіктеледі:
-
фильтрлеу жылдамдығына байланысты: баяу фильтрлер, жылдамдығы 0,1 – 0,3 м/сағ; шапшаң филтрлер, жылдамдығы 5 – 12 м/сағ; аса шапшаң фильтрлер, жылдамдығы 36 – 10 м/сағ;
-
2) жұмыс істейтін қысымдарына байланысты: қысымсыз фильтрлер, қысымды фильтрлер;
-
3)фильтрлейтін материалдардың ірілігіне байланысты: ұсақ түйіршікті, орташа түйіршікті, ірі түйіршікті; 4) фильтрлейтін қабаттардың санына байланысты – бір қабатты, екі қабатты, көп қабатты.
Фильтрлейтін қабат сортталған қатты материалдан жасалады. Бұрын ірілігі 0,5 - 2,0 мм аралығындағы өзеннің кварц құмы қолданылатын. Соңғы кезде санитарлық талаптарды қанағаттандыратын жəне химиялық, механикалық тұрақтылығы жеткілікті басқа материалдар – ұсақталған антрацит, ұсақталған жəне ұсақталмаған керамзит, вулкан шлагы, ұсақталған шунгизит, домна шлагы, пенополистирол жəне т.б. қолданылуда. Жүзгін жəне коллоидты заттардың судан бөлініп шығып, фильтрлейтін қабаттың түйіршіктеріне бекітілуі жабысу күшінің (адгезия) əсерінен жүреді. Түйіршік қабатында түзілген тұнбаның структурасы тұрақсыз. Су қозғалысымен пайда болатын гидродинамикалық күштердің əсерінен, бұл струтура бұзылады, жəне бекітілген бөлшектердің бір бөлігі түйіршіктерден ұсақ ұлпақтар түрінде бөлініп шығады да, келесі қабатқа өтеді, қайтадан ұсталады. Фильтрдің жеткілікті ұзақ жұмысынан кейін, түйіршіктердің тұнбаны ұстауы шегіне жетеді, ол одан ары суды ағарта алмайды, фильтрден шыққан суда жүзгіндердің концентрациясы өсе бастайды.
Берілген түйіршіктің қажетті тазарту дəрежесіне дейін суды ағарта алу қабілеті фильтрдің қорғаныс əсерінің уақыты (ұзақтығы) деп аталады. Осы уақыт өтпегенше, фильтрден шығатын судың сапасы қажетті талапқа сай келеді. Қорғаныс əсерінің ұзақтығы түйіршіктер қабаты қалыңдаған сайын өседі, фильтрлеу жылдамдығы жəне түйіршіктердің размерлері өскен сайын азаяды. Суспензияларды фильтрлеген кезде түйіршіктерде жиналған тұнба, түйіршіктер саңылауларының геометриялық структурасын өзгертеді. Бұл өз кезегімен, түйіршікті қабаттың гидравликалық кедергісінің өсуіне жəне ондағы қысымның азаюына əкеледі. Суды залалсыздандыру. Суды коагуляция, ары қарай ағарту жəне түссіздендіру əдістерімен өңдеген кезде, ондағы бактериялардың 95 пайызы жойылады. Алайда олардың қалған бөлігі ауру таратушы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін. Сондықтан фильтрленген суды, ол ары қарай 30 шаруашылық –ауыз су мақсатында қолданылатын болса, міндетті түрде залалсызсыздандыру қажет. Суды залалсыздандырудың көптеген əдістері бар, олар негізгі төрт топқа бөлінеді:
- термиялық əдіс – суды 12-20 минут бойы қайнату, осы кезде ұрықсыз микроорганизмдердің барлығы өледі; ал микроорганизмдердің ұрығын жою үшін суды 1200С дейін қыздыру керек;
- суды тотықтырғыштармен залалсыздандыру – күшті тотықтырғыштар, бактериалдық клеткалардың энзимдерін (ферменттерін) тотықтыра отырып, бактерияларды өлтіреді. Суды залалсыздандыру үшін хлор, бром, иод, хлор диоксидін, озон, калий перманганатын, сутектің асқын тотығын қолданады;
- асыл металдардың иондарының əсерімен залалсыздандыру – мысалы, суды күміс иондарымен өңдеу;
- Физикалық əдістер – ультракүлгін жəне иондағыш сəулелердің əсерімен, ультрадыбыстың əсерімен залалсыздандыру.
Залалсыздандырудың кең тараған əдістерінің бірі хлорлау. Суға хлор қосқанда бактерия протоплазмаларының құрамына кіретін заттар тотығады да, бактерия жойылады. Суды хлорлау əдісі эпидемия болуын тоқтататын сенімді əдіс. Патогенді бактериялардың көпшілігі тиф жəне дизентерия бациллалары, холера вибриондары, энцефалит вирустары хлор əсеріне өте тұрақсыз. Алайда бұл əдістің кемшілігі, ұрық түзетін бактериялар хлор арқылы жойылмайды.
Хлорлау əдісінің тиімділігі енгізілген хлордың мөлшеріне жəне оның сумен контакт уақытына байланысты. Микроорганизмдерді тотықтыруға қосылған хлордың аз мөлшері жұмсалады, басым бөлігі судың құрамындағы органикалық жəне минералды қоспаларды тотықтыруға кетеді. Сондықтан енгізілген хлордың мөлшері судың хлор сіңіргіштігінен, судағы бактериялар мен органикалық заттардың тотығуы аяқталғандығын көрсететін, қалдық хлор мөлшерінен үлкен болуы тиіс. ГОСТ 2874 – 82 «Ауыз су» бойынша қалдық хлор мөлшері 0,5 мг/л-ден көп болмауы жəне 0,3 мг/л-ден аз болмауы керек. Су тарату жүйелерінде бактерицидті тиімділікпен суды хлорлау жалғыз сенімді əдіс болып табылады. Хлордың суды залалсыздандыру əсері хлорды қосқан жерден бастап, тұтынатын жерге дейін сақталады. Суды сапалы хлорлау үшін жақсы араластыру керек, одан соң суды тұтынушыларға берместен бұрын, сумен 30 минуттың контактада болуы керек. Контакт фильтрленген судың резервуарында, немесе су құбырының ұзындығы жеткілікті болса, су құбырында болады.
Суды хлорлаудың негізі, хлорды суға қосқан кезде оның гидролизі жүретіндіктен:
Сl 2 + Н2О → НСl + НСlО
Түзілген хлорлы қышқыл гипохлорит ионын түзіп диссоциацияланады (Ю.Ю. Лурьенің қызметкерлерімен бірге гипотезасы). Хлорлы қышқылдың өзі де, гипохлорит ионы да (ОСl-) микроорганизмдерге тотықтырғыш əсер етеді.
Хлордың орнына хлорлы известь қолданса төмендегі реакция жүреді:
2Са(ОСl)2 + 2 Н2О ↔ СаСl2 + Cа(ОН)2 +2НСlО
Хлорлы қышқылдың ары қарай диссоциациясы жоғарыдағы механизм бойынша жүреді. Хлорды хлораторларда дозалайды. Олар жұмыс істеу принциптері бойынша вакуумды жəне қысымды болып бөлінеді. Қысымды хлораторлардың кемшілігі, мұнда газ түріндегі хлор атмосфералық қысымнан жоғары қысымда болады, сондықтан өте улы газ сыртқа шығып кетуі мүмкін. Вакуумды хлораторлардың мұндай кемшілігі жоқ. Хлор станцияға баллондарда сұйытылған түрде жеткізіледі, сосын аралық баллондарға құйылып, газ күйіне өтеді. Хлоратордың көмегімен газ күйіндегі хлор құбырдағы жалпы су құбырына қосылатын, хлорлауға арналған тасымалданатын суда хлор суын түзіп, ериді. Суды озондау – суды озонмен залалсыздандыру процесі, озон ыдырағанда түзілетін атомарлық оттегі бактерияларды тотықтырады. Озон сонымен қатар, судың түсін, исін жəне əр түрлі дəмдерін азайтады, судың дəмдік сапасын жақсартады. Озон бір мезгілде бактерияларды, ұрықтар мен вирустарды жоятын күшті тотықтырғыш. Озон судың табиғи қасиеттерін өзгертпейді, себебі оның артық мөлшері (реакцияға түспеген озон) бірнеше минуттан соң ыдырап, оттегіне айналады.
Жер асты су көздерінің 1 л суын залалсыздандыру үшін 0,75 – 1 мг озон қажет, ал жер үсті су қоймаларының фильтрленген 1 л суы үшін 1 – 3 мг озон қажет. Озонды озон-ауа қоспасы түрінде электрлік озонаторларда ауадағы оттегінен алады. Озонатор қондырғыларының құрамына озонды синтездейтін жəне оны сумен араластыратын қондырғылар кіреді. Ауаны синтезге дайындағанда, ауадағы жүзгіндерді фильтрлейді, адсорберлерде селикагелмен немесе алюмогелмен құрғатады. Дайын болған ауа озон алу үшін озонаторға жіберіледі. Алынған озон-ауа қоспасын тазартылатын сумен араластыру, барботаж колонналарында жəне резервуарларда жүреді. Суды бактерицидті залалсыздандыру. Бұл əдіспен суды залалсыздандырғанда бактерицидті қасиеті бар ультракүлгін сəулелер қолданылады. Əдетте бұл əдіс жер асты суларының аздаған көлемін, сондай-ақ фильтрленген жер үсті суларын залалсыздандыру үшін қолданылады. Лайлығы жоғары сулар бұл əдіспен залалсыздандырылмайды.
Сəулелену көзі ретінде жоғары жəне төменгі қысымды сынап-кварц лампалары қолданылады. Қазіргі кезде су тазартатын техникалар жасайтын басты фирмалар, ультракүлгін сəулелердің үлкен ағынымен сипатталатын, қондырғылардың жаңа түрлерін шығара бастады.
АОР (Advanced Oxidation Processes) деп аталатын, ең перспективалы əдістердің тобына, тазартылған су ары қарай озондалатын, ультракүлгін сəулелермен өңдеу процесі жатады. Табиғи суды осылайша өңдеу, бұл дезинфектанттардың əрқайсысын жеке қолдануға қарағанда сіңірілетін озонның мөлшерін жəне УФ-сəулеленуді 2,5-3 есеге азайтуға мүмкіндік береді.
Бактерияларды залалсыздандыру процесі осы О3/УФ əдісінде неғұрлым жоғары. Суды жұмсарту. Су дайындау практикасында, судың құрамындағы қаттылық беретін катиондарды (Са жəне Мg) аз еритін қосылыстарға айналдыру мақсатымен суды реагенттер арқылы өңдеу əдістері қолданылады, соңынан тұндыру немесе фильтрлеу арқылы бөлініп алынады. Реагентті əдістердің əр түрлі варианттарын қолдану, бастапқы судың сапасына жəне қажетті жұмсарту тиімділігіне байланысты. Мысалы, судың карбонатты қаттылығын известеу арқылы жою əдісі (судың декарбонизациясы) судың əрі қаттылығын, əрі сілтілігін азайту қажет болған жағдайларда қолданылады. Əдістің мəні суды известпен немесе известь сүтімен Са(ОН)2 арқылы өңдеу, сонымен қатар жұмсартудың известь-сода əдісі де қолданылады, яғни известпен бірге сода Nа2СО3 қосылады. Суды термохимиялық жұмсарту əдісі 1000С жоғары температурада жүргізіледі. Жоғары жылыту кезінде түзілген тұнбалардың ұлпақтары ірі болады жəне олар кəдімгідей жақсы тұнады. Жоғары температурада жұмсарту əдісі негізінен бу қазандарында су дайындаған кезде қолданылады, яғни осы кезде суды жылытуға жұмсалған жылу ұтымды пайдаланылады. Суды термохимиялық жұмсарту əдісінде қолданылатын негізгі реагенттер – известь жəне сода, кейде известь орнына күйдіргіш натр қолданылуы мүмкін.
Суды катионитттермен жұмсарту – суда ерімейтін материалдардың (катиониттердің) судағы еріген суға қаттылық беретін катиондарда өзіне сіңіріп, эквивалентті мөлшерде ерітіндіге өтетін, ион алмасу қабілетіне негізделген. Су тазарту практикасында көбінесе жасанды шайырлардың негізінде күшті қышқылды катиониттер қолданылады. Суды катионит қабаты арқылы фильтрлеген кезде төмендегі реакциялар жүруі мүмкін:
2[Kat]Na + Са(НСО3)2 ↔ [Каt]2 Са + 2N аНСО3
2[Kat]Na + Mg(НСО3)2 ↔ [Каt]2Mg + 2N аНСО3
[Kat] – символы арқылы катионит полимерінің матрицасы белгіленген. Суды фильтрдегі катионит қабаты арқылы фильтрлеген сайын, активті топтың негізгі бөлігі судағы кальций жəне магний иондарымен алмасады. Соңында, катиониттің алмасу қабілеті біткен кезде, яғни активті топтардың барлығы кальций жəне магний иондарымен алмасып біткенде, катионит фильтрін тоқтатып, оны ас тұзы ерітіндісімен регенерация жасайды (жуады). Осының нəтижесінде катиониттегі кальций жəне магний иондары натрий иондарымен алмасады, катиониттен ығыстырып шығарылған кальций жəне магний иондары элюатқа өтеді. Суды Nа – катионит фильтрінде жұмсарту, судағы кальций жəне магний иондарының мөлшерін өте аз шамаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Ауыз суды тазарту (видео көрсетіледі).
Ағынды суды тазарту (видео көрсетіледі).
4.Жаңа сабақты бекіту (20 мин):
1. Жаңа сабақты бекіту үшін студенттер сөзжұмбақ шешеді.
2. Студенттерге таратпалар тартылады, сол бойынша тапсырмалар орындалады.
5. Үйге тапсырма: Шаю және дезинфекциялау технологиясы (оқып келу).
6. Сабақтың аяқталуын хабарлау(5 мин): Оқушыларды бағалап болғаннан кейін, сабақтың аяқталуын хабарлау.
Оқытушының қолы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген