400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Scracth программалау ортасындағы блоктар. 5 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Scracth программалау ортасындағы блоктармен жұмыс жасауды үйрене отырып, лабиринт құруды жүзеге асырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия


Күні:

Мұғалім: Досыбаева А.


Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Тарау

Талқылау және программалау


Сабақтың тақырыбы

Scracth программалау ортасындағы блоктар


Сабақтың мақсаты

5.3.3.1 – тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлық оқушылар:

Оқушылар Scracth программалау ортасында жұмыс жасай отырып, блоктар қызметімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Scracth программалау ортасындағы блоктарды міндеттеріне қарай қолдануды үйренеді

Кейбір оқушылар:

Scracth программалау ортасындағы блоктармен жұмыс жасауды үйрене отырып, лабиринт құруды жүзеге асырады.


Сабақтың мақсаты

Scracth программалау ортасындағы блоктармен таныстыра отырып, лабиринт құруды үйрету.


Бағалау критерийі

Оқушылар Scracth программалау ортасын пайдалана отырып, блоктармен танысады, олармен жұмыс жасауды үйренеді



Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:Scratch, блоктар палитрасы, қозғалыс блогы, түр, дыбыс, қылқалам, мәліметтер, оқиғалар, басқару, сенсорлар, операторлар блоктары


Құндылықтарға баулу

Жауапкершілік ,Серіктестік, Құрмет, Ынтымақтастық. Шығармашылық, Сыни тұрғысынан ойлау, жылдамдық;


Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі, орыс тілі,бейнелеу өнері


Тақырып бойынша алдыңғы білім


Scracth ойын программалау ортасы


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин







Білу

Үй жұмысы

3 мин
























Жаңа сабақ:


4 мин

Амандасу: «Сәлеметсіз бе!» Оқушылар екі қолының аттас саусақтарын бір-біріне түйістіре бастап былай дейді:

Бас бармақтарын түйістіре – «әрқашан»

Сұқ саусағы – «әр жағдайда»

Ортаңғы саусағы – «үлкен»

Аты жоқ саусағы – «жетістіктер»

Шынашағы – «тілеймін»


Алдыңғы білім:

«Саңырауқұлақ теру» ойыны


Критерий: Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өзіне балл жинайды

Әрбір дұрыс жауап-1балл

Тапсырма: Сұрақтарға жауап бер!

1. Алгоритм деген не?

2. Программа деген не? 3. Программалау тілдері деген не?

4. Scratch программасын неліктен Лего конструкторына ұқсатады?

5. - батырмасының қызметі қандай?

6. - батырмасының қызметі қандай?

7. - қандай батырма? (спрайттар кітапханасы)

8. - батырмасының қызметі қандай?

9. Жаңа спрайт салу үшін қандай команда орындалады

10. Алгоритм неше түрге бөлінеді?

Дискриптор. Сұрақтарға жауап берді, тиісті балды жинады.


Ой – қозғау

Критерий:Ресурстағы берілген ребусты шешеді, шешімін айтады.

Тапсырма: Ресурстағы берілген ребусты шеш, шешімін айт!



   

Жауап: блок


Дискриптор: Интерактивті тақтадағы берілген ребусты шешті, нәтижесін айтты.

Ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Бағдарламада негізінен 10 түрлі блок бар. Әр блоктың өзіндік қызметтері айқындалған.

Блок түрлері:

Қозғалыс блогы

Түр блогы

Дыбыс блогы

Қылқалам блогы

Мәліметтер блогы

Оқиғалар блогы

Басқару блогы

Сенсорлар блогы

Операторлар блогы

Басқа да блоктар









Сұрақ жауап










Оқушыларды уәждік бағалау «жақсы», «өте жақсы» сөздерімен бағалау.







Сабақтың ортасы

Практикалық жұмыс




15 мин
































































Тапсырма. Лабиринт салып, оның ішінде жүретін спрайтты қосу. Спрайт лабиринттің қабырғаларымен соқтығысқаннан кейін артқа кету. Соңына дейін жеткенде, төртбұрышқа тигенде «Сен жеңдің!» деген хабарлама айту.

Тапсырманы орындау технологиясы.

  1. Scratch бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. Жобадан Спрайт 1-ді өшіріңіз.

Сурет 49. Спрайтты жобадан өшіру


  1. Әуелі сахна белсенді етеміз. Ол үшін сахнаға бір рет тінтуірдің сол жақ батырмасымен шертеміз.


Сурет 50. Сахнаны белсенді ету


  1. Сахнаға сурет салу үшін «рисовать новый объект» батырмасына басып, өз қалауларың бойынша лабиринттің суретін салыңыз.

Сурет 51. Лабиринт суреті

  1. Енді жобаға доп спрайтын кірістірейік, ол үшін жаңа спрайттарды кірістіретін батырмаға басып, Things бумасының ішіндегі доп объектілерінің бірін таңдаңыз.

Сурет 52. Things бумасы


  1. Енді доп спрайтына арналған келесідей скриптерді құрыңыз.

Сурет 53. Доп спрайтының бағдарламасы


  1. Содан кейін доп спрайты лабиринттің соңына дейін жеткенде бір спрайтқа соғылу керек. Мысалы, төртбұрыш объектісі. Сол спрайтқа келесідей скриптерді құрыңыз:

Сурет 54. Спрайт1 үшін бағдарлама


  1. Енді жобамыз дайын. Жобаны іске қосып, тексеру үшін демонстрациярежиміне өтіп, жасыл жалаушаға басыңыз.






Scratch бағдарламасы, тапсырма




















































Сабақты

бекіту

6 мин







Бағалау

2 мин

* Блоктар палитрасы деген не?

* Блоктардың қандай түрлері бар?

* Басқару блогы не үшін қажет?

* Жаңа айнымалыны қалай құруға және жоюға болады?

* Scratch ортасында блоктардың маңыздылығы қандай?

* Математикалық есептеулер қай блокта орналасқан?

* Скриптілерде дыбыстарды қолдану қай блокта орналасқан?



Тақырып мазмұны ашылса – 5

Сұрақтар


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Білім ағашы»

Оқушыларға стикерлер таратылады. Бүгінгі сабақтан қандай ақпараттар алды, нені түсініп, нені түсінбегенін стикерге жазып білім ағашына келіп іледі.

Білім ағашы, стикерлер

Үйге тапсырма 2 мин

Тақырыпты оқып, 112-беттегі қызықты ақпаратты жазып келу, сұрақтарға жауап беру

кітап


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі