жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Scratch программалау ортасындағы блоктар" 5 сынып
Тексерілді: ___________________
Ашық сабақ
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3В Талқылау және программалау |
Мектеп: №169 мектеп-лицейі |
|||||||||||||||||||||||||
Күні: 20.02.2020 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Бодаева Индира Алтынбековна |
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 «Г» сынып |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
|
Scratch программалау ортасындағы блоктар |
|
|||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
5.3.2.2-алгоритмді сөз түрінде ұсыну |
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Scratch программалау ортасындағы блоктар туралы біледі. Көпшілігі: Программаның блоктарын пайдалана алады Кейбіреулері: Scratch программалау ортасындағы блоктарын пайдаланып, өз жобаларын жасай алады. |
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Түйінді сөздерді білу Scratch бағдарламалау ортасындағы блоктар - Блоки программирование в среде Scratch - Blocks of programming are in the environment of Scratch Пәндік лексика және терминология Блок түрлері, анимация Диалог құруға жазылуға қажетті сөздер |
|||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану, бағалау |
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Жұптық, топтық жұмыс жасау барысында жақсы қарым-қатынас орнатылады. |
|||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, ағылшын |
|||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Менің алгашқы программам. Scratch ойын программалау ортасы |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1.Ұйымдастыру Оқушылардың зейінін шоғырландыру / 2 минут/
Топқа біріктіру /2 минут/
Сынып оқушылардың зейінін сабаққа аудару. /1 минут/
Өткенді қайталау /5 минут/
Жаңа сабақты қалыптастыру /10 минут/
|
Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру: Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Топтастыру: Ән шумақтары бойынша топтастыру әрі әндерді айту арқылы сергіту сәті жүргізіледі. Оқушыларға Абайдың ел арасында көп тараған әндерінің шумақтары мен қайырмасы жазылған карточкалар таратып беремін. Оқушылар сол әнді құрастырып, топқа бірігеді. Мақсаты: Ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылады, Абай әндерін жатқа білу. 1-топ: "Желсіз түнде жарық ай" (Программа) 2-топ: "Көзімнің қарасы" (Скретч) 3-топ: "Айттым сәлем қаламқас" (Лего)
Топтастырғаннан кейін "Жетістік баспалдағы" кері байланыс парағын оқушыларға ұсынамын. /Бұл кері байланыс парағы сабақтың басынан сабақ соңына дейін пайдаланылады. Әр баспалдақ сайын оқушылардың іс-әрекетін бақылап, кері байланыс жасап отырамын/ Мақсаты: Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмаларды сатылай орындай отырып, оқушылардың оқу мақсаттарын қаншалықты меңгергенін және қай оқушымен қосымша жұмыс істеу керектігін, білім деңгейі әлсіз және мықты оқушыларды жұптастырып, бірге талқылауға, бір-біріне сұрақ қойып, түсінбеген жайттарын анықтап алуға мүмкіндік береді. Өткен сабақты қайталай отыра жаңа сабаққа өту, оқу-шылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау және түсін-діру. /Проблемалық сұрақтар/ Үй тапсырмасын тексеру: "Стартер" әдісі арқылы "Ғажайып алаң" ойынын ойнау. Мақсаты: Оқушылардың алдыңғы білімі тез арада жеңіл жолмен тексеріледі. Алдағы өткізгелі тұрған сабақта қандай жайттарға көбірек назар аударып, шоғырландыру керектігін білуге мүмкіндік беріледі. Тиімділігі: Ойын арқылы сұрақтарға тек ауызша ғана жауап беріп қоймай, оқyшылаp интepбeлceндi тaқтадан тапcыpмaлаpды өздepi opындaйды. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың "Диалог және қолдау көрсету" тәсілі қолданылады. Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын. Бағалау: Оқушылар "Мақтау, мадақтау" сөздері арқылы бағаланады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңызды рөл атқарады.
Scratch(Скретч) программалау ортасының блоктары-мен оқушыларды таныстыру: 1.Блок түрлері (блоктар палитрасы): Қозғалыс блоғы, Түр блогы, Дыбыс блогы, Қылқалам блогы, Мәліметтер блоғы, Оқиғалар блоғы, Басқару блоғы, Сен-сарлар блоғы, Операторлар блоғы, Басқа да блоктар. 2. Неліктен түрлі-түсті ... Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетемін-3 мин.
3.Әр блоктың командалары және олардың қызметтері. Ескерту: Scratch программалау ортасында блоктардың формасы бір бірімен сәйкес келмесе, оларды байланыстыру мүмкін емес. Сондықтан блок формаларының бір-бірімен сәйкес келуін қадағалау керек. |
Жұлдызшалар, түрлі-түсті қағаз
ДК, проектор Презентация
Scratch(Скретч) программалау ортасы
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Блум таксономиясы көмегімен сабақтың мақсатына жету /20 минут/ Білу Түсіну
Талдау Жинақтау
Қолдану
Бағалау |
Топтық және жеке жұмысқа берілетін сұрақтар мен тапсырмалар: «Ойлан-Топтас-Талқыла» әдісі І-топ. 1.Блоктар палитрасы деген не? 2.Блоктардың қандай түрлері бар? ІІ-топ. 1.Басқару блоғы не үшін керек? 2.Математикалық есептеулер қай блокта орналасқан? ІІІ-топ. 1.Скриптілерге дыбыстар қолдану қай блокта орналасқан? 2. Қылқалам блогының қызметі?
Дескрипторлар:
«Ой-түрткі» Программалау ортасында блоктарды қолданудың басты идеясымен ой бөлісіңдер?
Дескрипторлар:
Компьютермен жұмыс. Жұптық жұмыс. 1.Суреттегідей программа құрыңдар, қалай жұмыс жасайтынын тексеріңдер. Түсіндіріңдер. 2. Scratch программалау ортасында өз жобаларыңды жасап көріңдер. Программада қандай блоктар қолдандыңдар? Олардың бір-бірімен байланысын түсіндіріңдер? Дескрипторлар:
Мақсаты: Теорияны практикада көрсетеді, оқyды бaсқapy жәнe көшбасшылық модyлі тиімді жүзeгe aсады, бірін-бірі оқытады, үйретеді, оқушылардың функционалдық сауаттылықтары дамиды. Тиiмдiлiгi: Оқyшылаp жaңa тақыpыптың мaтepиалын ойын арқылы толық түсініп, игepеді, бipiн-бipi оқытып, үйpeтеді. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың "Тапсырма" тәсілі қолданылады. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай оларға көмек керек болса әрекетті түсіндіре отырып көмектесіп, келесі кезеңге өтуіне ықпал жасаймын. Бағалау: Оқушылар "Медальдар" әдісі арқылы бағаланады. Жасаған жұмыстарына қарап оқушыларға номинациясы бар медальдар беріп, марапаттаймын. Бұл бағалаудың мақсаты: топтың тәртібін, жұмыс істеу қарқынын реттеу, топ ішінде құндылықтардың дамуына ықпал ету.
Сергіту сәті. Көз жaттығулaрын жaсaу |
Оқулықпен жұмыс
Интерактивті тақтамен жұмыс
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы /3 минут/
|
Рефлексия. «Ойлaудың 6 қaлпaғы» әдісі бойыншa сaбaқты қорытындылaу. Әр топты "Жетістік баспалдағы" арқылы саралай отырып 2 қaлпaқтaн ұсынамын. Оқушылар топ болып aқылдaсып, ойлaрын жинaқтaғaн соң ортaғa шығып, бeрілгeн сұрaқтaрғa жaуaп бeрeді. Мақсаты: Оқyшылаpдың cыни oйлаy қабiлeтi, өз oйлаpын дәлeлдeй бiлy қабiлeтi дамиды, сұрақ қою арқылы сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктер анықталады. Тиімділігі: Сұpақтарға жауап беру аpқылы тiл бaйлықтаpы жeтiлiп, cөйлeyгe ашылaды, тұйық, ұяң oқyшылаp cөйлeyгe ынтaланады, оқyға дeгeн қызығyшылықтаpы аpтып, шeткepi қалып қoйған oқyшылаpдың ceзiмдepi oянады. Cыни тұpғыдан oйлаyғa, бip-бipiнeн үйpeнyгe, бacқа oқyшылаpдың oйымeн бөлicyгe, пiкip aйтyға, әңгiмeлecy аpқылы oйын жинaқтаyға көмeк бepeдi, әpтүpлi шeшiмдepдiң iшiнeн oйды бip мәceлe төңipeгiндe шoғыpлaндыpа алaтын бoлады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың "Қорытынды" тәсілі көрінеді. Білім деңгейлеріне, оқушылардың қажеттіліктеріне қарап сұрақтар қоямын. Жаңа сабаққа қорытынды жасалады. Бағалау: Оқушылар "Қол шапалақ" әдісі арқылы бағаланады.
Әр топтағы оқушылар "Жетістік баспалдағы" өздерінің жеткен жетістіктерін стикер арқылы жабыстырып шығады.
Үй тапсырмасы 1. Scratch программалау ортасындағы блоктары 2. 5.2 –тапсырма. Scratch ортасында программа құрастырыңдар. Мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаулары дамиды. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың "Қарқын" тәсілі көрінеді. "Жетістік баспалдағына" саралау жұмыстарын жүргізіп "мықты", "әлсіз" оқушыларды жұптастырамын. |
Стикер
|
||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
|
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын:
|
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген