400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ семинардағы 10 ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орталық Қазақстан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Есенбеков Б Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері. ЭКСПО - 2017

Мектеп: Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 6. 11. 2017жыл

Мұғалімнің есімі: Мусаева Айжаркин Дусановна

Сынып 10 "Ә"

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1. Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері жайлы мәлімет алу.

2 Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен

мәселелері туралы білім қалыптастыру.

Ойлау деңгейі


Білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану, бағалау

Сабақ мақсаттары





Барлық оқушылар: Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері не екенін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері жайлы түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері туралы түсіндіре алады және мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік дағды


Негізгі сөздер мен тіркестер: ЭКСПО-2017

Ұлттық құндылықтарды дарыту


Еліміздің табиғатты тиімді, ұқыпты пайдалану жайлы білуге үйрету

Алдыңғы оқу



Қазақтанның физикалық географиясы білімі негізінде

Бағалау критерийлері

Қазақстанның экономика саласындағы мүмкіндіктері мен мәселелері туралы білім қалыптасады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

Басталуы

Кіріспе

(10 минут)

Сәлемдесу (оқушылар түгелдеу)

Санату арқылы топтарға біріктіру. Екі топқа да тапсырманы өздігінен таңдату арқылы бірінші топ мәселен экономиканың мүмкіндіктерін қарастырса, ал екінші топ экономикада,ы мәселелерді қарастыру арқылы яғни екі топ арасында бүгінгі сабақта әңгіме дебат жүзеге асады деп жоспарладым. Қазақстанның экономикасының мүмкіндіктері жайлы не білеміз деген ой тастау арқылы оқушылардың бастама жауаптарын тыңдау. Қазақстанның ең әйгілі мүмкіндігі ол баршамызға белгілі ЭКСПО - 2017. «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмесі және Халықаралық көрмелер бюросының жұмыстары жайында көптеген мәліметтер берілді. Сонымен қатар, қатысушылар назарына әр елде өткізілген Халықаралық көрмелердің видеодеректері ұсынылды. Еліміздің жас және ең әдемі астанасы – Астана қаласының қазіргі және құрылғаннан кейінгі бес жылдан кейінгі жаңа келбеті туралы, Республика бойынша бірнеше аймақтарда желдің көзінен қуат алатын жел энергия станцияларының жұмыс жасап жатқандығы жайында ақпараттар берілді. Астана жеңіске жеткен жағдайда, ЭКСПО –2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс жасайтын болады. Әлем бойынша энергетика саласындағы кешенді мәселені шешу – энергетикалық балансты баламалы қуат көздерімен толықтыруға тікелей байланысты. Еліміздің географиялық жағдайы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Бұл ретте әлемдік қауымдастыққа «ЭКСПО»-ны өткізу үшін «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынған Қазақстан тек елде ғана емес әлемдегі ең өзекті, тіптен өмірлік маңызы бар мәселені көтеріп отыр. Шара барысында сондай-ақ климаттың өзгеруі, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігі және баламалы энергия көздері туралы нақтылап айтты. Ал екінші топ осы ЭКСПО - 2017 болған қателіктер мен шығындарды айту арқылы экономиканың екінші саласы яғни мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге бірнеше мысалдар мен дәйектер.

Интернет материалдары


Дүниежүзінің саяси картасы



Ортасы


«ЭКСПО» көрмесінің кешендерін салуда енді артық ақша жұмсалмайды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрме шығынын барынша қысқартқанын мәлімдеді. Бұл туралы  Zakon.kz. хабарлайды.

«Алғашқы кездегі қарастырылған қаржыдан бөлек қосымша ақша қажет болмайды. Бұдан бөлек, біз жоба құрылысын 22 млрд теңгеге қысқарттық. Бірақ нысандар толық салынады. Ол үшін жоба жасаушылар және реттеушілермен кездесік. Оларды көндіру оңай болған жоқ», — деді ол.

«Президент маған халық үшін қызықты, әрі маңызды жобаны сеніп тапсырды. Жұмыс өте көп. Ең алдымен тиімсіз, қиын құрылымды байқадым. Жағдайдан шығу үшін барлығы оңтайластырылды. Компания барынша мобильді болды, артық қосымша топтарды, топ-менеджменттерді қысқарттық. Осыған орай, парламент өзіне тиесілі тапсырманы жақсы біледі. Нәтижесінде жалақының жылдық қорынан 150 млн теңгеден аса қаржы үнемдедік. Барлық ақша және қажетті құралдар барынша тиімді пайдаланылады», — деді А. Есімов.

Компания төрағасының сөзіне қарағанда, «ЭКСПО-2017» болады. Жоба қолға алынғаннан бері түрлі жағдай орын алғаны белгілі. Сондықтан жобаға қатысты мәселе көп.

«Жобаға байланысты барлық ресурстар бар. Кесте бойынша кешіктіріліп салынып жатқан кешендер бар. Алайда көрме кешені толық аяқталады», — деді компания төрағасы.

Ал экс-төраға Талғат Ермегияевтың жемқорлығына қатысты топ-менеджер қолды болған қаржының аз еместігін, алдағы сот отырысында барлығына нүкте қойылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін жеткізді.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9836

Осылай екінші топтың айтуына қарсы бірінші топ арнайы өздері дайындаған бейнетаспалар және статистикалық мәліметтерді ұсынды.

Екі топ арасында да бірнеше мысалдар дәлелдері мен қарастырады.

Екінші топ та өз дәлелдерін қарастырып нағыз әңіме дебаттың болуына өз үлестерін қосады деп жоспарладым.




Проэктр, ноудбук, А4 парағы

Аяқталуы Жинақтау

Қорытынды

(10 мину

Бүгінгі дәстүрден тыс сабағымызды қорытындылай келе оқушыларға қояр сұрағым егер сендер құрметті оқушылар депутат немесе президент яғни жоғары лауазым иесі болған жағдайда не істер едіңдер деген сұраққа жауап алу арқылы сабағымды аяқтаймын.




Қосымша ақпарат сайттар ?

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ- мен байланыс құндылықтардағы байланыс


Әңгіме дебат кезінде нақты көрініс табады.






Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


2:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------






















































Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-баптың 1-тармағы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):

39-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.»;

«4. Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.

Дербес білім беру ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.».

1-баптың 2-тармағы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 135-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу»;

2) 58-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

«5-2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.»;

3) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-3-баппен толықтырылсын:

«135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу

1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталатын күні тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді. Бөлек салықтық есепке алу есепті салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) табыстардың жалпы сомасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін немесе өзге де қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстардың үлес салмағы бойынша жалпы шығыстарды бөлу үшін де қолданылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.»;

4) 150-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.»;

5) 387-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:

«3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;

6) 398-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігініңережелері салық салу объектілері пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;

7) 428-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.» деген сөздер «заңды тұлғалардың;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.».

3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):

11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «жұмыс істейтін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «жұмыс істейтін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».

4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, жобалар сараптамасының жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін қорытындысы;»;

2) 27-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және пайдалану кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ стандарттарын қолдануға жол беріледі. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін салу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.»;

3) 60-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;

9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердi және (немесе) құрылысты игеру үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заңда, мемлекеттiк нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгiленген жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының талаптарымен және сатылары бойынша, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемiнде әзiрленуге тиiс.»;

4) 62-баптың 2-тармағында:

3) тармақшадағы «тапсырмасына сәйкес әзірленеді.» деген сөздер «тапсырмасына сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;

5) 63-баптың 3-тармағында:

бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «тапсырмасына сәйкес әзірленеді.» деген сөздер «тапсырмасына сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;

6) 64-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне қолданылмайды. Бұл объектілер сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын сараптамаға жатады.»;

7) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда оның оң қорытындысының (Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері үшін жергілікті сараптамалық оң қорытындының) және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.».

5. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«21-1) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;

екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;

көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;

өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;

21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;

21-3) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға бөлінген жер учаскелері;

21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасында (оның ішінде бас жоспарда) көзделген объектілер тізбесіне енгізілген;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектілері, құрылыстар, инженерлік және көлік инфрақұрылымы;»;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;

14-2) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді;»;

3) 28-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмеге қолданылмайды.

4. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:

1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:

1) орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасалған өтеусіз шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.

6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар да жатады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

6. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):

1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.»;

2) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.».

7. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат):

1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіде техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін мөлшерде қаржылай қамтамасыз етудің болуы туралы талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қолданылмайды.»;

2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының 7), 8) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап қолданылмайды.»;

3) 11-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қатысты бұл мерзім бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.».

8. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):

1) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін айқындайды;»;

2) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін әзірлейді;».

2-бап. Осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 3-і.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі