400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ашық сабақ Сен де бір кірпіш дүниеге ...8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінен8 сынып оқушыларымен өткізген ашық сабағым пән мұғалімдеріне көмек , жұмыс тұрлері ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №202 Мерзімі:05.092014 ж.

№ 1 Тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге...

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік,әдептілік.

Мұғалім:Курманбаева ССынып: 8АӘБ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;

Міндеттері|:

- оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;

- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Ресурстар:(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру «Өмір өнегелері»

- « Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды еңбекқор дейміз?

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

- Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Дәйексөз.«Өзін өзі таныған , өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды»Томас Манн


  1. Әңгімелеу Назар аударыңыз

« Еңбек жемісі» Б. Әділ.

Әкесі алты гектер егістік жер алған.Сол – ақ екен,қауырт жұмыс басталды да кетті.Тұр,балам, — дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық.Содан үй іші болып жердің басына келеді.Әкесі,шешесі,өзі,екі інісі … Жұмыс қызу басталып кетеді.Екпегендері жоқ. Сәбіз,картоп,пияз,жүгері,капуста,қауын,қарбыз.

Асан жазғы каникулын атыз басында өт кізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.

Биыл өнім жаман болмас, — дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер-ана да иіс сала береді.Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар… Теңкиіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта-ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп,өздері тиеп әкетіп жатты.

Әкесіә мәз,мұртынан күледі.

Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған-құтқан өнім көп.Қызанақтар жерге түсіп,ағып жатыр.

Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді.Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.

Қауының не деген тәтті, — деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының…» деп айтқанына …

- Тойып жеп ал, — деді.

- Кешке бес-алты қауын ала кет.Әйтпесе,үйіне өзім апарып тастайын.Ауыр ғой…

Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны.Әкесі бүгін өте көңілді екен.

Ертең менімен бірге жүріңдер, — деді үш ұлына. – Базарға апарып,керектеріңді алып берем…

Сол күні үй іші жаңа бешпент – шалбарды қайта-қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс-пыс етеді.

- Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, — дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.

- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?

- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?

- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?

Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.

Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш , бақыт әкеледі.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сахналау

Ата ақылы

Немересі: Ата, өмір бойы не үшін оқи бересіз? Өмірге келдім анамды көрдім ,деді ол маған ...


Атасы: Менің де өмірде білмейтінім көп. Сондықтан үнемі оқи беремін.

Немересі: Жалықпайсыз ба? Өмірге келдім анамды көрдім ,деді ол маған ...


Атасы: «Оқи берсең көзің ашылады,

Отыра берсең , жалқаулық басынады» — деген балам, адам оқыған сайын жаңа бір нәрсені үйренеді және өмірдегі бар қызықты біледі.

Немересі: Ата, тек өзіңе ұнағаннын оқығанда қызық болмай ма? Ал мені кейбір пәндер мектепте қызықтырмайды.

Атасы: «Білім – таусылмас қазына »- дегендей, білім-адамға өмір бойы таусылмас қазына. Оны түсіну үшін сен көбірек оқуың керек.

Дәптермен жұмыс

«Аяқталмаған сөйлем»

Өмірге келдім анамды көрдім ,деді ол маған ...

Өмірге келдім атамды көрдім ,деді ол маған ...

Өмірге келдім ұстазды көрдім ,деді ол маған ...

Өмірге келдім туған даламды көрдім ,деді ол маған ...

«Ұстаз айтты » ұнаған үзінділерді жатттап айту



Топпен ән «Еңбекке кел, қалқатай»

Сөзі: Т.Ысмайлов, Г.Сабиолдина

Әні: С.Мұхамеджанов


Кім сүйеді еңбекті, мен сүймесем,

Ту қададым тың жерге қол тимеген.

Жалқауланбай алыстан, ортаға кел,

Кім бар екен еңбекке бас имеген.


А-ей, күрегімді қолға алып,

Би билейін қуанып

Еңбекке кел, қалқатай,

Білегіңді сыбанып. 2 рет


Еңбек десе өзіңе тең келмеген

Бірге жүрші бидайға дестеленген

Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ

Біз болар ек сендейді ескермеген


А-ей, күрегіңді қолға алып

Би билейін қуанып

Еңбекке кел, қалқатай, 2 рет

Білегіңді сыбанып.



  1. Үй тапсырмасы.

Н.Әжіғалиев «Есінде мәңгі қалғалы келгем» оқу

Аңыз әңгімені жалғастырып эссе жазу. Кішкене Отаны туралы сурет салу А4 форматта


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі