жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық Сабақ: Сенде бір кірпіш дүниеге
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі
Мерзiм:13.09.2016жыл.
Тақырып: Сен де бір кірпіш дүниеге
Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жақсы мен жаманды ажырата білу
Мұғалiм Қапезова Қаламқас
Сынып 8 Оқушылар саны_______
|
Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті: Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар:интербелсенді тақта,стикерлер,оқулық,жұмыс дәптер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Тыныштық сәтi. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық 2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген «Өмір өнегелері» бойынша сұрақ қою Сұрақтар: Өлеңдегі «нағыз өмір», «тіршілік ету», «күн көріс» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
Әңгімелесу -Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай |
|
|
Дәйексөз «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды» |
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс Оқушылар сабақ барысында меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушы дәптеріндегі 2-тапсырманы орындайды. Балаларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолы туралы онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру мақсатында оқулықта ұсынылған тапсырма орындалады. Онда оқушылар өзін-өзі танудың адам өмірінде алатын орны туралы түсініктерін кеңейту мүмкіндігі туындайды. Оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарымен ұсынылған ақын Нұралы Әжіғалиевтің «Есіңде мәңгі қалғалы келгем» атты өлеңін оқушылар өз бетінше оқып шығады. Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың адамның өмірдегі орны, мақсаты туралы түсініктері кеңейе түседі. Оқушылар мәтіндегі ақынның Отанына, туған халқына, өз ұлтына деген сүйіспеншілігі мен жалынды сезімдерімен танысу арқылы, өздерінің өмірлік ұстанымдарын, мақсаттарын, туған халқы алдындағы парызын айқындайды. Қадірлі елім, қабырғалы елім! Айтарымды айтып, арылғалы келгем. Жан-жүрегімді жарқыратып тұрып, Алдыңда сенің жарылғалы келгем. Еңселі елім, іргелі елім! Құшағыңа ыстық кіргелі келгем. Өзіңе мына қадірім қанша – Осыны сенен білгелі келгем. Оқулықта берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың өмірдің мәні туралы ой-пікіріне тұжырым жасайды. |
|
|
Топпен ән айту. 3 мин. Өмір өзен әнін орындайды |
|
|
Үй тапсырмасы. І.Есенберлин шығармасы оқып келу |
|
|
Қорытындылау. Достым, сен өмірден өз орныңды табасың, өйткені сен... Құрбым, сен үлкен жетістіктерге жетесің, өйткені сен... Бауырым, мен сені мақтан етем, өйткені сен... Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген