400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Шеңберді тең бөліктерге бөлу" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы






Мектеп: «Атамекен» жалпы орта мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шырынбаева Нағима



Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 24

Сабақ тақырыбы

Шеңберді тең бөліктерге бөлу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Шеңберді 3,5,6,7,8,12 тең бөліктерге бөлуді  тәжірибе жүзінде үйрету. 

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу, Түсіну және Қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылар шеңберді тең бөліктерге бөлуді түсіну

Көптеген оқушылар:

Шеңберді 3,5,6,7,8,12 тең бөліктерге бөлуді  АКТ-да үйрету. 

Кейбір оқушылар:

Шеңберді 3,5,6,7,8,12 тең бөліктерге бөлуді  тәжірибе жүзінде қолдану. 

Бағалау критерийлері

-Терінің құрылысын оның бөліп шығарудағы маңызын анықтайды;

-Тері ауруларының алдын алу шараларын анықтайды


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Шеңберді 3,5,6,7,8,12 тең бөліктерге бөлуді  тәжірибе жүзінде үйрету. 

/тыңдалым және айтылым дағдысы қалыптасады/

«Мағынаны тану» әдісі арқылы:

/жазылым және айтылым дағдысы қалыптасады/

Пәнге қатысты лексика мен терминология: шеңбер, бұрыш, бөліктер, кесінділер

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият – жеке тұлғаның цифрлық сауатын арттыруға тәрбилеу.


Пәнаралық

байланыстар

Геометрия, информатика, технология

Алдыңғы білім


Паралелль және өзара перпеникуляр түзулер салуды біледі


Сабақ жоспары

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.


Үй тапсырмасын сұрау:

«Желпуіш әдісі»

15 градусқа еселік бұрыштардың қайсысын сызба бұрыштықтарды пайдаланып салуға болады?

Қандай аспаптардың көмегімен өзара параллель көлбеу сызықтар жүргізеді?

90 градусқа тең емес бұрышты үш бөлікке қалай бөледі?


Сызу пәні оқулық

Сабақтың ортасы




Оқушыларды 3-топқа «Полиглот» әдісі арқылы біріктіру.

1-топ: Шеңбер. Круг. Circle

2-топ:Кесінді. Обрезок. Section

3-топ: Бұрыш. Угуль. Angle


Мұғалім түсіндірмесі: Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын және жаңа сабақ туралы мәлімет беріп өтеді.

«Миға шабуыл». сұрақ-жауап әдісі 
1.Өзара параллель түзулерді қандай құралдармен орындаймыз? 
2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы? 
3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз? 
4.Өзара перпендикуляр түзулерді қандай құралдармен орындаймыз? 
5.Циркуль қай елдің сөзі? 
6.Өзара параллель түзулердің қандай қасиеттері бар? 
7.Өзара перпендикуляр түзулердің қандай қасиеттері бар? 
8.Өзара перпендикуляр түзулерді салудың неше әдісі бар? Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты анықтайды 

«Мағынаны тану»

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады

Бейне ролик: «Шеңберді тең бес бөлікке бөлу».

https://www.youtube.com/watch?v=xi6EzFDMwro&list=PLGzAT91R4nbFKk51Ejaj6jZaxExP-TvmH&index=1

1-топ: Тапсырма:

Шеңберді тең төрт және сегіз бөлікке бөлу.

Қақпақ контурының сызбасын салу кезінде шеңберді тең төрт бөлікке бөлу, содан кейін тең сегіз бөлікке бөлу қажет болады. Ол үшін алдымен перпендикуляр екі ось жүргізеді. Осьтердің қиылысу нүктесі О-ны центр етіп алып, шеңбер жүргіземіз.1,3,5 және 7 нүктелері шеңберді тең төрт бөлікке бөледі. 2,4,6 және 8 нүктелерін алу үшін циркуль мен 45º бұрышты бұрыштықты пайдаланып, тік бұрышты қақ бөлудің бізге белгілі тәсілін қолданамыз.Шеңберді бұрыштықтың көмегімен төрт және сегіз бөліктерге бөлу барысында бұрыштықтың гипотенузасы берілген шеңбердің центрі арқылы өтуі тиіс.

2-топ: Тапсырма:

Шеңберді тең үш бөлікке бөлу

Фланц контурының сызбасын орындау кезінде шеңберді өзара тең үш бөлікке бөлу керек болады. Ол үшін циркульді О нүктесіне бекітіп, шеңбердің радиусына тең радиуспен доға сызамыз, оның шеңбермен қиылысу нүктелерін 2 және 3 деп белгілейміз. 1,2 және 3 нүктелері шеңберді өзара тең үш бөлікке бөледі.

Бұрыштары 30° және 60° бұрыштықты пайдаланып, шеңберді тең үш бөлуге болады, мұнда да бұрыштықтың гипотенузасы шеңбердің центрінен өтуі керек.

3-топ: Тапсырма:

Шеңберді тең алты бөлікке бөлу

Жоғарыдағы сияқты алты тесік бұрғыланған фланцты да сызу талап етіледі. Бұл жағдайда шеңберді тең үш бөлікке бөлудің тәсілін қолдануға болады. Бірақ мұнда 1 және 4 нүктелерін центр етіп алып, шеңбер радиусына тең радиуспен бір емес, екі доға жүргізеді. Шеңберді тең алты бөлікке бөлуді бұрыштары 30° және 60° болатын бұрыштықпен орындалады.



















































Сабақтың соңы


Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырма.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жіктеу-мүдделері ұқсас оқушылардан топ құрылады.

Диалог және қолдау көрсету-тапсырманы орындау барысында жоғары деңгейлі оқушыға төмен деңгейлі оқушыға көмектесуге нұсқау беремін.

Саралау:

Қорытынды-барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада олардың нәтижелері әртүрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған зертханалық тапсырма бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінің тәжірибеден не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Сабақтың бекіту кезеңінде термин сөздермен жұмыс жүргізу

Қарқын-кейбір оқушылар басқаларға қарағанда термин сөздердің мағынасын жылдам табады.

«Миға шабуыл» әдісі:

«Мағынаны тану» әдісі арқылы:

Психологиялық тұрғыдан алғанда, сыныпта жеке және топтық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы,қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.

Америкалық ғалым әрі жазушы К.А.Томлинсонның саралап оқытудың 4-ші жолы Оқу ортасы бойынша саралау17-бет.

«Саралап қытудың тиімді жолдары» Астана 2017ж.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақтыжақсартуға не ықпал етеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.01.2019
837
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі