400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тарау/Бөлім

Қатынастар және пропорциялар

Пәні:

математика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сатханова Мульдр Аманжоловна

Сынып: 6

Қатысқаны:12

ЕББҚ:1

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.3. Шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;

6.3.3.4 Дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:


  • шеңбер ұзындығының формуласын және дөңгелектің ауданының формуласын есептер шығаруда қолданады.


Бағалау критерийлері:

  • шеңбердің ұзындығының формуласын есептейді;

  • дөңгелектің ауданын формуласын есептейді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут











4 минут


I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру

2. Топтарға бөлу. «qazmath.net» сайты арқылы 3 топқа біріктіру.

3. «Көршіңді сына» әдісі

Үй тапсырмасын тексеру.


Тақтада үйге берілген тапсырманың жауаптары көрсетіледі

1.«Миға шабуыл» әдісі.(өткенді қайталау)

Тапсырма.

Дөңгелек айналады. Меңзер қай сұрақты көрсете тоқтайды, сол сұрақты дауыстап оқимын.

  • Шеңбер дегеніміз не?

  • Дөңгелек дегеніміз не?

  • Шеңбердің радиусы дегеніміз не?

  • Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?

  • Радиустың диаметрге қатынасы қандай?

Мұғаліммен сәлемдеседі. Сабаққа қажетті оқу құралдарын әзірлейді.


Оқушылар сайтта көрсетілген топқа бірігеді. Топ басшысын сайлап, бағалау парақшасын алады.



Дәптерлерін алмасу арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді,өз жауабына сәйкес түсті мұғалімге көрсетеді





Мұғалім дауыстап оқыған сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтере отырып жауап береді. ЕБҚ (есту қабілеті бұзылған оқушы)

оқушысы экранда шыққан сұраққа жауап беру арқылы ойынға қатысып белсенділік таныта алады.





Түстер арқылы бағалау:

Жасыл түс-барлығы дұрыс

Сары түс – аз қателері бар

Қызыл түс- дұрысы жоқ





Дескриптор:

-әр дұрыс жауап

«Өзін-өзі бағалау»




Топқа бөлу • QAZ MATH












https://wordwall.net/ru/myactivities


Қосымша 1



Сабақтың ортасы

5 минут
















5 минут




















7 минут































10 минут














\









5 минут



II.Жаңа тақырыпты меңгерту

« Көрсетілім» әдісі бойынша

Оқушыларға шеңбердің ұзындығы.дөңгелектің ауданы туралы youtube желісінен бейнебаян көрсетуді жоспарлаймын.

Бейнебаян көрсетіліп болған соң оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру сұралады:

Шеңбердің ұзындығы неге тең?

Дөңгелектің ауданын қалай табамыз?

Сыныпты талқылауға шақыра отырып тақтада бірнеше мысал қарастырамын.


ЕБҚ оқушыға ақпараттық мәтін қағазға шығарып беріледі.


3.ЖЖ «Досыңмен жұптас» әдісі


Тапсырма 1
1. Радиусы 9 см болатын шеңбердің ұзындығын табыңыз.

2. Диаметрі 10 см дөңгелектің ауданын табыңдар.

3. Дөңгелектің ауданы 113,04 . Осы дөңгелектің радуисын табыңдар.





ЕБҚ оқушыға тапсырма қима қағаз түрінде беріледі


1. Радиусы 9 см болатын шеңбердің ұзындығын табыңыз.




III.Есептер шығару

Ж: Сараланған тапсырма.

«Табысты баспалдақ» әдісі

Оқушыларға 1,2,3 баспалдақтан өту үшін тапсырма ұсынылады. Тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды.

  1. Шеңбердің диаметрі 5 см болса, оның ұзындығын табыңыз.

  2. Радиусы 3,5 м болатын шеңбердің ұзындығын табыңыз.

  3. Шеңбердің радиусы 2 см болса, оның ауданын табыңыз.

  4. Шеңбер ұзындығы 18,84 дм. Осы шеңбермен шеңтелген дөңгелектің ауданын табыңыз.

  5. Радиусы 15 см екенін біле отырып, шеңбер ұзындығын және осы шеңбермен қоршалған дөңгелектің ауданын табыңыз.

ЕБҚ: оқушыға тапсырма қима қағаз түрінде беріледі

Тапсырма:

Дөңгелектің радиусы 2 см болса, оның ауданын табыңыз.







ТЖ: «Бірлескен жұмыс» әдісі

Функционалдық сауаттылық есебі

А сылзат тігінші болып жұмыс жасайды. Оған қыз балаға арналған белдемше тігуге тапсырыс түсті. Қыз балаға арналған «күн» белдемшесінің үлгісін жасау үшін ол екі концентрлі шеңбер салды, олардың біреуінің ұзындығы «бел шеңберінің» ұзындығына тең 62,8 см, белдемшенің ұзындығы 60 см.


Сұрақ:Белдемшенің төменгі жиегіне тігу үшін қанша таспа және толық белдемшеге жетуі үшін қанша мата сатып алуы керек?




«Кім бірінші» әдісі бойынша «Plikers» платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындайды

1. Сұрақ

Егер D= 10м болса, шеңбердің ұзындығы қандай болады?

А)314 м В)31,4 м С)62,8 м

2 сұрақ

Амфитеатр аренасы шеңберінің ұзындығы 40,8 м. Аренаның радиусын табыңыз. (π=3)

А)6,8 м В)13,6 м С)20 м

3 сұрақ

π-ді жүздікке дейін дөңгелектеу арқылы радиусы 10м шеңбердің ауданын табыңыз.

А) 62,8 ш.м. В)31, 4 ш.м. С)314 ш.м.

4 сұрақ

Радиусы 8,5-ке тең шеңбердің 0,2-сіне тең доғаның ұзындығын табыңыз.π санын ондыққа дейін дөңгелектеңіз.

А)52,7 м В)10,54 м С)26,35 м

5 сұрақ

Шеңбердің ауданы 16π .Диаметрі неге тең?

А)8π м В)4 πм С)16π м


ЕБҚ оқушыға да осы тапсырмалар ұсынылады.


Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтап алған соң, бейнебаяннан жаңа сабақ материалымен танысады. Тың ақпараттарды дәптерлеріне түртіп алып отырады.

Бейнебаянда алған білімдеріне сәйкес оқушылар қойылған сұрақтарға қол көтере отырып жауап береді.

Талқылауға қатысады.







Шешуі.

1 есеп

2 есеп

3 есеп

C=2·9·3.14=

56.52


Жауабы: С=56,52


R=6

Жауабы: 6 см.



Оқушылар тапсырманы жұпта талқылай отырып жазбаша орындайды.



ЕБҚ оқушысы формуланы қолданып, есептеуді жүргізеді







Оқушылар орнында отырып табысты баспалдақтан өту тапсырмаларын орындайды. Осы арқылы кім қай баспалдақта қалса, сәйкес деңгейде бағаланады. Көмек қажет ететін оқушылар мұғалім тарапынан қолдау табады.



Жауаптары:

  1. Ұзындығы 15,7см.

  2. Ұзындығы – 21,98 м.

  3. Ауданы – 7850 см, ұзындығы – 314 см.

  4. Ауданы -12,56 ш.см.

    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    3 ұстаз жүктеп алған
    23.05.2023
    613
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі