Ашық сабақ сенім менің сергім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ сенім менің сергім

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың адамдардың бір - біріне деген сенімді қарым - қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту, сенім ұғымының мән - мағынасын ашу; - өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту; - өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге тәрбиелеу.сенім ұғымының мән - мағынасын ашу; - өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;ізгіліктік, мейірімділік, сенімділік, ұстамдылық, шыншылдық қасеттері туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК












«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі:А.А _______________



Тәрбие сағатының жоспары





Тақырыбы: «Сенім менің серігім»

Өтетін орны: «№8 ЖОББМ» КММ

Сынып: 9«Г»

Мерзімі: 13.10.2021

Тобы: 24

Машықкер:Тлеубекова Ақнұр

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)









Семей 2021












-



Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың, адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейту. : Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізуге,түсініктернін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: кітап, дәптер, әртүрлі суреттер.

.


Тәрбие сағатының құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

- «танысу» тренингі»

Кіріспе сөз; -3мин

ІІ. Негізгі кезең 10 - 20 минут

-Мақалды-мәтелді құрастыр.

-Жағдаяттарды шеш

-Постер құрастыр.


ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

- Рефлексия 1-3 минут -






Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлеметсіздерме оқушылар!Қалдарыңыз қалай?Көңіл күйлеріңіз жақсы ма?Сіздермен тәрбие сағатын өткіземін.Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және де сәттілік тілеймін.Мен сағатты ашық микрафон әдісімен бастайық.Микрафонды алып аттарыңызды және хоббиларыңызды айтсаңыздар.

Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат

МыНа өлең жолдарын бір оқушы шығып оқып берсе.

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

Тақпақтың сөздеріне жақсылап мән берсеңдер,бүгінгі сағаттың тақырыбын табасыздар.

Таныс болған «Сенім» ұғымы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы жақынырақ танысайық.

Сұрақ жауап:

Балалар сендер сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?Иә балалар.

Қандай адамға сенуге болады? Ал саған біреу сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?Өте тамаша жауап:

Сендер қалай ойлайсыңдар-адамдардың бәріне бірдей сене беруге болады ма?Иә балалар менде солай ойлаймын.

Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

Тренинг

Балалар қазір біз ортаға шығып тор құру әдісімен-жаныңда тұрған досыңның жақсы қасиетін айтайық.Өте жақсы балалар тек бүгін ғана емес әрқашанда бір-бірімізге жақсы қасиеттерін айту арқылы тамаша көңіл күй сыйлап жүрейік.

Топтық жұмыс

Қазір мен 4 топқа әр түрлі жағдаяттар Беремін,сендер сол жағдаяттың шешімін табыңыздар.Ең алдымен топ жетекшісін сайлайық себебі сабақ соңында әр топ бір-бірін бағалайды.Топ жетекшісін сайлап болсаңыздар жұмысты бастайық.

1 –Топ:

Сіздің сыныптас досыңыз бар еді. Бір күні досыңыз қомақты қаржы керектігін айтып, сізден несие алып беруін сұрады. Сіз сөзге келмей досыңызға қажетті соманы алып бердіңіз және әр айдың аяғында несиені төлеп отыру керектігін айттыңыз. Арада үш ай уақыт өтті. Бір күні сізге банк қызметкері хабарласты. Ол осы уақыт аралығында банкке ешқандай қаржы түспегенін айтып, ескерту жасады. Сіз төбеңізден жай түскендей болдыңыз. Бұндайды досыңыздан күтпеген едіңіз. Іле-шала досыңызға телефон шалдыңыз, алайда досыңыздың телефоны өшірулі еді.

Сіздің келесі әрекетіңіз қандай?

2-топ:

Мынадай жағдайды елестетіңіз: Сіз азық- түлік дүкенінде кезекте тұрсыз. Сіздің алдыңызда жасы 6-7жасар бала сауда жасап тұр. Сатушыға келіп саудадан артылған ақшаны (сдача) алды. Сатушының ақшаны дұрыс қайтармағанын сіз байқап қалдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?

3-топ

Сыныпта топтық жұмыс болып жатыр, топтық жұмысты әрдайым белсені бір оқушы басқарады. Басқа оқушыларда топтық жұмысты басқарғысы келеді, бірақ белсенді оқушы оларды к Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.

4-топ

Сіздің ата – анаңыз пәтерге жоғарғы дәрежедегі интернет желісін қосып, осы қызмет үшін ай сайын 5мың теңге төлейді. Бірде, сіздің пенсионер көршіңіз сізге интернет желіге қосылу үшін рұқсат сұрайды. Өзінің өтінішін ол балаларының басқа қалада тұратынын, ал интернет олармен сөйлесу үшін қажеттігін айтады. Бірақ олар ай сайын 5 мың төлей алмайтынын айтады.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:

Жақсы балалар мен бұл жұмысты жасату себебім кез-келген жағдайда мәселенің жауабын тез әрі дұрыс шешіп үйренуіміз қажет екенін түсіну мақсатында.

Ендігі кезекте ойын-ойнайық.

Ойынның аты-мақалды жалғастыр.

Ойын топ бойынша ойналады.Осылай топтың белсенділігін анықтайтын боламыз.Алдарыңдағы қағазда 4 мақал жасырылған құрнап шығаруларың керек,

1-топ

2.Өтірігіңді ашты-

Сенімің қашты.

3.Айға сенген үсіп өлер,

Байға сенген аштан өлер.

4.Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,

Қырағы қыран көзіне сенеді.

2-топ

1.Ерліктің шарты,

Өзіне сенгендік.

2.Бұл бақытқа сенбе,

Келер,кетер деме.

3.Мұзға сүйенбе,

Жауға сенбе.

4.Еліне сенген ...

3-топ

1.Сенімсіз

Иман жоқ.

2.Бостан босқақарғанба,

Саған кісі нанбайтын болар.

3.Сенімге ие болғандарға,

Сенімді адамдар сыналады.

4.Өз адамның дұрыстығына сенңмдң адам,

Сөзі анық болады.

4-топ

1.Надандықтан білім іздеу емес,

Өзіне сенімділік көбірек туады.

2.Ұлы сөздің бастамасы-

Өзіңе деген сенімділікте жатыр.

3.Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес,

Сенімділік пен баяндылықтан өлшенеді.

4.Бойымыздағы сенімділік,

Өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі.

Қорытынды бөлім

Рефлексия

Балалар сабақтан алған әсерлеріңді мына бетке жазсаңыздар.

Сабақ аяқталды,келесі кездескенше сау болыңыздар.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі