400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Серік Алтын 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа сабақ беретін ұстаздар үшін жақсы материал, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың бөлімі:10.4А туындының қолданылуы

Күні:

Сынып:10 сынып

Мектеп: «Гагарино орта мектебі»КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Серік Алтын

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.29 –функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Функцияның кризистік нүктелерін және экстремум нүктелерін табу алгоритімін түсіндіреді. Функцияның кризистік және экстремум нүктесін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген кесіндідегі функцияның ең кіші және ең үлкен мәндерін табады.

Кейбір оқушылар:

Берілген функциядағы ең үлкен мәнді қабылдайтын х айнымалысының барлық мәндерін табады.

Бағалау критерийі:

Функцияның кризистік және экстремум нүктелерін табады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу алгоритімін тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

кризистік нүктелер, сан аралық, теңдеу, максимум нүктесі, минимум нүктесі, туынды,

Диалогқа, жазылымға қатысты тіркестер:

Функцияның кризистік нүктесін, экстремум нүктесін табу алгоритімі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6-құндылығы негізінде оқушыларды елінің тілін және тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Функцияның өсу және кему белгілері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  1. Топқа бөлу:

Оқушылар өздері жақсы білетін Абай өлеңдерін айтып, өздеріне ұнағанын талдайды және сол арқылы 3 топқа бөлінеді.

  1. Топ «Ғылым таппай мақтанба»

  2. Топ «Көзімнің қарасы»

  3. Топ «Желсіз түнде жарық ай»

  1. Үй тапсырмасын қайталау:

«Ойланып жауап бер» әдісі

  1. Функцияның кризистік нүктесі мен экстремум нүктесін табу алгоритімі қалай?

  2. Функцияның ең кіші және ең үлкен мәндерін қалай табамыз?


Бағалау ауызша жүргізіледі.

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылайтын боламын.


Сабақтың ортасы 20 мин

І. Топтық жұмыс. «Қатені тап» әдісі

  1. Тапсырма: квадрат үш мүшелігі берілген. Экстремум нүктелерін және осы экстремум нүктелеріндегі мәнді есептеңдер.

Дескриптор:

  • Функцияның туындысын табады.

  • Функцияның экстремум нүктесін анықтайды, мәнін есептейді.

  1. Тапсырма: функциясының кризистік нүктесін анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Берілген функцияның туындысын табады.

  • Функцияның анықталу облысын анықтайды.

  • Кризистік нүктесін шешеді.

  1. Тапсырма функциясының аралығындағы экстремум нүктелерін анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Функцияның туындысын табады.

  • Берілген аралықтағы функцияның мәнін табады.

  • Экстремум нүктесін анықтайды.

ҚБ: дескриптор арқылы оқушылар бір-бірлерін бағалайды, қатесін түзетеді.

Сергіту сәті:

Абай Құнанбаевтың «желсіз түнде жарық ай» әнін қормен айту

https://ziatker.kz/pptx/adis_tasilder_matematika_paninen_12213.html

Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып Алматыкітап баспасы 2019




Сабақтың соңы: 10 мин

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Бағалау критерийлері:

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табады.

  1. Тапсырма: берілген кесіндіде функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

,

Дескриптор:

  • Функцияның туындысын табады.

  • Мәндер облысын анықтайды.

  • Үлкен және кіші мәндерін шешеді.


ҚБ: «БББ кестесі»

Үй тапсырма: 102 бет, 15 жаттығу

Рефлекция:«Екі жұлдыз бір тілек»


Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып Алматыкітап баспасы 2019

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға саралаудың «тапсырма» «диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдалану арқылы оқу мақсатына жетуіне көмектесемін.

Бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторы бар тапсырмалар құрастырылды.

«Ойланып жауап бер» әдісі

«Қатені тап» әдісі

«БББ кестесі» әдісі

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Оқушыларды топтастыру және сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі