жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Шешендік сөз және сөз мәдениеті" 11 сынып

Ахметжанова Айгүл Қабылбекқызы
Алматы облысы
Ескелді ауданының
Қаратал орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Халқымыздың өмірінде сөз, сөйлеу өнері ең басты, шешуші рөл атқарады. Бүгінгі уақытта шешен, ұтқыр, ойлы сөйлеудің қажеттілігі күн санап артып келеді. Олай болса,тіл мәртебесін көтеруге, өз тілімізде көркем де кестелі сөйлеуге, сауатты жаза білуге жас ұрпақты тәрбиелеу - мектептегі әдебиет пәнінің басты мұраты деп білемін.
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз және сөз мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздің мазмұны, айтылу формасы, стильдік ерекшелігі жайлы түсінігін молайту.
Міндеттері: 1. Бір-бірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.
2. Анық та, нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.
3. «Шешендік сөз өнері және сөз мәдениеті» тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.
4. Оқушылардың өз ойларын тұжырымдауға және басқалар көзқарасын сыйлауға үйрету.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, ой-толғаныс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Тірек-сызба, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
-
Қызығушылықты ояту сатысы:
Ой қозғау:
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр даламда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі-деп ақын қызымыз Фариза Оңғарсынова жырлағандай бүгінгі , Шешендік сөз және сөз мәдениеті атты сабағымыздың мақсаты сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге дағдыландыру, Әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы-кітап. Ендеше сендер кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөзге назар аударыңдар.Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда.
-
Сәлемдесу - сөз басы
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Кішінің үлкенге сәлем беруі-үлкеннің құрмет көруі, жастың ізеттілік білдіруі. Олай болса сәлем беру түрлерін атап өтейік:
Сәлемдесу түрін аттан, машинадан түсіп сәлем беру, қол алысып, төс қағыстырып сәлемдесу, әйел мен қыз балалардың амандасу әдебі деп бөлуге болады.
Қазіргі күнде көбіне: «Сәлеметсіз бе?», «аман-есенсіз бе?», «есен-саумысыз?» деп сәлемдеседі. Ал ер адамдар құрмет тұтып, дәстүрді сақтап, «ассалаумағалейкум» деп өз қолын ұсынады. Ассалаумағалейкум – «сізге алланың нұры жаусын, тәңірден есендік тілеймін, тыныштық болсын» дегеді білдірсе, Уағалейкумассалам – « алланың рақым нұры сізге екі есе жаусын, тәңірден сізге де амандық, тыныштық тілеймін» деген ұғымды білдіреді. Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, әдебін де білуі тиіс. Сәлемдесу кезінде ең алдымен жылы лебіз керек. Қабағын түнертіп, жүзін суытып ,естілер-естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу кісі көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту- инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, олай болса әрқашан жүзіміз жарқын, аманымыз дұрыс болсын деп сабағымызға көшейік.
III. Топтастыру әдісі /топпен жұмыс/
Тауып айтылған тапқыр сөз

Ой
түсіретін даналық
сөз
Ш
ешендік
сөз Таңдай
қақтыратын білімді
сөз
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін түйінді сөз
Сезімді қозғайтын әсерлі сөз
Сөз шебері
ШЕШЕН
Суырып
салма Елдің тұтқасы
![]()
Дана
От ауызды, орақ тілді, сөз маржанын терген қазақ халқының шешендері аз емес, олай болса атап кетсеңдер. /Балалар жауабы/
Мұғалім сөзі: Заманалар көшіне бір сәт перзенттік парызбен зер салып, ден қоятын болсақ өз дәуірінде ел бастаған шешен жандар, біртуар алып тұлғалар аз болмаған. Міне солардың бірі – Жетісідың жыр дүлдүлі Абылай ханның үзеңгілесі, ел қорғаны, халық мақтанышы Жылкелді ұлы Ескелді батыр /1692-1780/ жайында айтпасақ бізге күнә. Қалың елді, қарулы қолды бастаған Ескелді шешендігімен шешендігімен ерекшеленген. Әр сөзін сүйектен өтіп, жүрекке жететіндей етіп айта білген. /Арнагүл, Жазира, Алия/
Ескелді ат жалын тартып мініп, азамат қатарына қосылған шағында нағашысы Төле бидің ауылына тартады. Амандасып болған соң Төле Ескелдіден
-
Досың қайда, дұшпаның қайда, балам?-депті албыртқан жиеніне қарап.
Сонда Ескелді сұқ саусағымен жүрегін нұсқапты да, тілін көрсетіпті. Енді біраздан кейің:
-
Жақсылық пен жамандық тұрағы қайда?- депті.
Бұл сұраққа Ескелді оң иығы мен сол иығын нұсқап көрсетіпті.
Төле би тағы да:
-Білікті адам қандай, ақымақ адам қандай?-депті. Ескелді көз алдына күн салып, алысқа қарапты. Сәлден соң көзін тарс жұмып, аяғының астына үңіліпті. Жауабына риза болған би бата беріпті. Сендер бұны қалай түсінер едіңдер?
- Қас та, дос та адамның өзінен. Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос көп. Жүрек адам денесінің төрешісі. Тіл-адамның әрі досы, әрі барып тұрған қас дұшпаны. Оқыс айтылған ағат сөздерің өзіңді құрт-құмырсқа жылан боп шағады.
- Аңыз бойынша Калиман мен катибан екі періште адам баласының жақсылығы мен жамандығы. Екі иығыңа қонып алып,жазып отыратын көрінеді, мен солай тұспалдадым депті.
- Ал үшінші сұрағына, «білікті адам болашақты болжай білсе, ақымақ –аяғының астынан алысты көрмейді»-дейді.
Қазақтың атақты үш биі: Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелер қазақ даласының ырыс пен ынтымақтың ақ отауын тігіп кеткен болса, сол ақ отаудың бір уығындай болған Ескелді бабамыз ел жүрегінде мәңгі қалады
III. Мұғалім: - Балалар, Шешендік пен сөз мәдениетінің арасында қандай байланыс бар? /Оқушылар ойы/
«Сөйлей-сөйлей шешен боларсың
көре - көре көсем боларсың» деген мақалға келісесіңдер ме?
IY. Тапсырма: Алғыс, ризалық сөздер: Бар бол, бақытты бол, рахмет, нұр жаусын, көп жаса, мұратыңа жет, өркенің өссін, айың оңыңнан тусын, жұлдызың жансын, көсегең көгерсін, көп жаса, мерейің үстем болсын
Кешірім сөздер: оқасы жоқ, ештеңе етпес, өтті кетті, қайтер дейсің,
Қошемет, қоштау, таңдану сөздер: айт де!, айтқаның келсін, тамаша! Ғажап! Керемет!, әп, бәрекелді, жаса, жігіт деп осыны айт, шіркін, паһ шіркін, пай-пай!
Y. Қазіргі кездегі шешендік сөздердің түрлері
|
р/с |
Шешендік сөздің тектері |
Шешендік сөздің түрлері |
|
1 |
Әлеуметтік-саяси |
|
|
2 |
Академиялық шешендік |
|
|
3 |
Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер |
|
|
4 |
Сот ісінде қолданылатын сөздер |
|
YII . Әзіл сұрақтар:
-
Қар жана ма?
-
Сиырдың сүті қай жерінде?
-
Түкіріктен көл құрала ма?
-
Тауық түс көре ме?
-
Адамның қанаты бар ма? Болса ол не?
-
Адамда арқау бола ма?
-
Қайтсең тегін ішесің?
-
Қандай бас аяққа тыным бермейді?
YIII . Тапсырма. Іскерлік әңгіме
а/ Балың жетіп тұрса да, қалаған оқу орнына іліге алмадың, соның себебін білу үшін, әділдікке жету үшін университет ректорына кірдің. Осы жағдайдағы ректормен әңгімені көрсет.
б/ Мектеп оқулықтары дүкенде сатылып бітті. Сенің қолыңда дүкен есепшотына аударылған ақшані\ың төлемқағазы бар. Мәселені қалай шешуге болады:
в/ Сендерге үлкен бір мекемеге барып газет-журналға жазылу туралы келісім, үгіт жүргізу жүктелді. Қай басылымға қалай жарнама жасап, үгіттер едіңдер?
IX. Мақал-мәтелді жалғастыр:
-
Сөз қадірін білмеген ...
-
Адамның өзі жетпеген жерге ......
-
Ішімдегінің бәрі..... Тілімдегінің бәрі...
-
Айтылған сөз...
-
Таяқ еттен өтеді...
-
Шебердің көзі мереген ...
X. Оқушылар құттықтауы
Сабақты бекіту : Қазіргі заманда шешендік өнер керек пе?
Сабақты қорыту: Тәуелсіз ойлап, дербес пікір білдіре аламын деген кез келгенің шешендерден оқып, үйрене жүріп, жан-жақты білім алумен, үздіксіз сөйлеп жаттығумен шешен бола аласыңдар деп сендіргім келеді.
Үйге тапсырма «Шешендік сөз - өнер падишасы» атты шығарма
Бағалау:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген