жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Шешенің балаларын сүюі" 4 сынып
Мектеп: №74 Ж.Баласағұн жалпы орта мектебі
Пәні: сауат ашу
Мұғалім: Мамбетова Сафия Серікболқызы
Тақырыбы:Шешенің балаларын сүюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу,оқулықта берілген өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып,тақырыбын ашу.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөйлеуін дамыту,шығармашылыққа,өз ойларын еркін,жатық жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі:Оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан- ананы сүюге,қадірлеуге,қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі:жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілігі: тірек сызба,слайд,суреттер,смайликтер,стикер,оқулық, бағалау тақтасы.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,музыка,дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу. I топ-«Білім» орталығы
Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп».
II топ- «Зерттеу» орталығы
Ұраны: «Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады».
III топ-«Өнер» орталығы
Ұраны: «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын»
II.Үй тапсырмасын сұрау.Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» мәтінін оқып,мазмұнын айту ( 3-4 оқушы мазмұнын айтады )
«Миға шабуыл»стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап алу.
I топ
Естелікті кім жазған? Мәтін кейіпкері кім?(Асқар Міржақыптың ағасы)
II топ
Мәтінге сүйеніп, Міржақыпты сипаттау.
Сыртқы түр-әлпеті:денесі тығыршықтай жұмыр
Бойы: аласалау
Киімі : таза,жинақы
Қимылы:шапшаң
Ерекшелігі:үздік оқуы,өжеттігі,ізденімпаздылығы.
III топ
М.Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян,қазақ» деп аталу себебі неде?
Міржақып «Оян,қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер,білімге шақырған.
Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп,іргелі ел болуын көксеген.
----Балалар,биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды?(26 жыл)
-
кезең. Тәуелсіз Қазақстан еліне саяхат.
-- Қай жылы Қазақстан тәуелсіз ел боп жарияланды?
---1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
--Тұңғыш Президент кім және қай жылы сайланды?
-- 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тәуелсіздігі-ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі»-деген болатын.Біз-қазақстандықтар тарихта тұңғыш рет толық тәуелсіздікке қол жеткіздік.Осы тәуелсіздігіміздің арқасында Қазақстан өркендеп,үлкен жетістікке қол жеткізді.
IIIЖаңа сабақ. Топтастыру стратегиясы. Отан ұғымын білдіретін тіркестерді, сөздерді жазу.
Қазақстан
туған жер туған
ел
![]()
о
тбасы
атамекен ана
ата-жұрт
2-кезең.Ұлттық рәміздер еліне кіру үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек екен .
-Ұлттық рәміздер қай жылы қабылданды және авторлары кім?

--1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
--Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнек бар.Жалаудың ұзындығы 2 метр,ені 1 метр.Жалаудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.Шаңырақ-Отан отбасынан басталады,ортақ шаңырақ биік,босаға берік болсын мағынаны,ал уықтар-үлкен үйдің уықтары шын ниеттермен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуаттытілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Әнұранның сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов. Әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты
Оңға оқы,солға оқы,
Өзгермейді еш одан
Күнім, жаным дейтұғын
Айтады кәне, кім атын? (ана)
---Сонымен,балалар, «Ана деген кім?» сұрағына қойылатын жауаптар тізбегін жазайық.
Ана кім?
--Қамқоршы.
--Ұстаз.
--Жарық өмір сыйлаушы.
---Жанашыр.
--Ақылшы.
--Мейірімді жан.
3-кезең.Ұлттық валюта.
--Жаңа сабақпен танысу үшін мына сұраққа жауап беруіміз керек екен.


-Теңгеміз қашан айналымға шықты?
--1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
--Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбына байланысты.М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
--Автор туралы мағлұмат беру.
М
іржақып Дулатов
кім?
---Қостанай өңірінен шыққан тұлға.
--- Жазушы.
--Драматург.
--Қазақ ақыны.
---Ағартушы-педагог.
--Алаш қозғалысының қайраткері.
--ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі
--Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын.
-Міржақыптың «Оян, қазақ» деген жинағы бар.Ақын өлеңдерінде халықты білімге,оқуға, теңдік үшін күресуге шақырады. Балаларға арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер,өлеңдер жазған.
Соның бірі- «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.
4-кезең.Астана қаласына саяхат. –Елордамыз қай жылы Астана қаласына көшірілді?
--1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Алматыдан Ақмолаға көшіруі туралы шешім қабылданды.1998жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы-Астананың тұсауы кесілді.


Ө
леңді мұғалімнің мәнерлеп
оқуы.(Мәтін оқылып жатқанда күй әуені ойналып тұрады,интерактивті
тақтадан суреттер көрсетіледі).
Өлең кім туралы?(Бала үшін өмірдегі ардақты жан-ана туралы жазылған).
5-кезең.ЮНЕСКО Астана қаласын қалай атады?
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.
Сөздік жұмыс.
Көз жасын көлдету—қатты жылау
6-кезең .Ғарышкерлермен кездесу.
у.

А. Айымбетов. Т.Әубакиров. Т.Мұсабаев
Өлеңді әр топ бір шумақтан оқып, мазмұнын ашу,талдау.
Әр шумақты оқи отырып талдайды.Бұл өлеңде ақын ана баласын жақсы болса қуанып,жалқау болса уайымдайтындығы,баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып,төбесі көкке жетеді деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.
IVСергіту сәті: «Анашым» әнін орындау.
7-кезең. Мектебіміздің шет елдерде білім алған түлектеріміз:
Салыбай Жанар,Күмісбеков Мэлс,Жиенбек Әбдіқайым,Айтлеуов Олжас,Айтлеуова Фариза.
Дәптермен жұмыс.
I топ Ана туралы мақал-мәтел жазады.
II топ Анасы қалай еркелететінін жазады.
IIIтоп Бес жолды өлең «Ана»
V.Сабақты бекіту.
1.Өлең авторы кім?
2.Бұл өлең тақырыбы кімге арналған?
3.Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні қандай?
VI Қорытындылау.
--Ана туралы толғанбаған жан кемде-кем.Данышпан да,ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтпаған.Демек,дүниеде ана алдында парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұту азаматтық міндетіміз деп білейік.
8-кезең. Астан ЭКСПО-2017жыл

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім»(оқушылар өз ойларын стикерге жазады)
VII.Үйге тапсырма беру.
М.Дулатовтың « Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау.
«Менің аяулы анам» тақырыбына шағын шығарма жазу.
VIII. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағы бойынша бір-бірін бағалайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген