400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Синтаксис" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. Сабақ жоспарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын инновациялық тәсілдер арқылы жетілдіру қарастырылады. Сондай-ақ, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, өз бетімен жаңа материалды меңгеруде оқушылардың өзіндік оқу ортасын құру, деңгейлі тапсырмалар беру жолдары да қарастырылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Қазақ тілі

СЫНЫП: 4Б

Күні: 25.11.2017.

Матаева А.Б.

Тақырыбы: «Синтаксис әлеміне саяхат» тарауын қайталау

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны:2

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Тарау бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана алуларына, тілдік дағдыларын дамытуға жағдай жасай отырып, ұлттық тәрбие құндылықтарын дәріптеу.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тарау бойынша алған білімдерін қайталап, практикада қолдануға жаттығады, өмірмен байланыс орнатады.

Кейбір оқушылар:

  • Өмірмен байланыс орнатып, өз тәжірибелерінен мысал келтіре алады.

  • Топ жұмысына басшылық жасай отырып, өзіндік оқу ортасын құра алады, құрдастарына көмектесіп, шығармашылықпен жұмыс жасайды.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • «Синтаксис» тарауы бойынша термин сөздердің мағынасын аша алады, тілдік лексикондарында қолдана алады..

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сөйлем, қыстырма сөздер, бірыңғай мүшелер, жай сөйлем, құрмалас сөйлем

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

Сөйлем айтылу мақсатына қарай түрлері, құрылымы, сөйлем құрамы, сөз тіркесі

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

-Сөйлем тақырыбын білу не үшін қажеттігін айта аласыз ба?

Жазу үшін ойға салу:


Алдыңғы оқу

«Синтаксис» тарауы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

(2 мин)











Слайд:2

5 минут


Қайталау- білім анасы.

Жазылым

10 минут




Айтылым



















Топтық жұмыс

15 минут

Топқа бөліну: -біздің сыныпта ақылды, өнерлі, спортшы, тіпті жолы болғыш оқушыларымыз бар.

Бастаушы: - Ортаға өзін «Мен ақылдымын» деп санайтындар шықсын.

-«Мен өнерлімін»-дегендер ортаға шығады.

-«Өздерін спортшылар» деп санайтындар шықсын.

-«Өздерін жолым болғыш адаммын» деп санайтындар топқа жиналсын.


Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз- еңбектену

Еңбек етіп жұмыла

Бестікке қолды жеткізу.

Сабақ мақсатын айту: Біз сендермен «Синтаксис әлеміне саяхат» тарауын аяқтады. Осы тарауда алған білімімізді қайталап, шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.

Топ басшылары «Синтаксис» тарауына «Менталді карта» жасайды.

« Шашыраған сөздер» ойыны.

Бұл тапсырманы қалай орындаймыз деп ойлайсыңдар?

Ол үшін дескриптормен танысыңдар.

Топта талқылап, әр оқушы жеке орындайды. Жұбымен тексереді.

Слайдта сөздер, суреттер берілген. Оқушылар сөйлемдер құрастырып жазады. Дайын жауап беріліп, жұпта бір-бірін тексереді.

Дескриптор:

*Сөйлемдер дұрыс құрылған.

* Құраған сөйлемдерде сурет кірістірілген.

*Қатесіз, сауатты жазылған.

*Тыныс белгісі дұрыс қойылған.

«Ментальді картаны қорғау» .

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату.

1-топ: Деталдарын қос:

Бір сөз беріледі.

-сөз тіркесі-жалаң сөйлем-жайылма сөйлем- сұраулы сөйлем- лепті сөйлем-құрмалас сөйлем. (Ережелерді қатыстырып айтады)

2-топ: «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы

Сөздер банкісінен «Қыстырма сөздер» тақырыптық сөздерге салып, ережелерді айтады. Әрқайсысы бір сөйлемнен дәптеріне жазып отырады.

3-топ: 6 сұрақ әдісі. Бірыңғай мүшелер туралы сөз қозғайды. Мысал келтіреді.

4-топ: Сызба бойынша сөйлем құрастырып жаз. Оның қандай сөйлем екенін дәлелдеп айт.


Шаттық шеңберінде тұрып, топқа бөлінеді сынып бөлмесіне кіреді.









Топ басшысы санайды. Ең аз сөз жазған топ оқушылары жауап береді.






«Күн, Ай, Бұлт»












Ұжымға ұсынған кезде дәптерлеріне жазып отырады

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

А тобы: Сұраққа жауап бер.

Не қоспа болып табылады?

Тапсырма: Бұл жерде айтылу мақсатына қарай қандай сөйлемдер кездесіп тұр?



В тобы: Райгүл мен Дарын туған күнді тойлауға көмектесіп жатты. Олар торт пісіргенде қателесіп, қанттың орнына тұз қолданыпты. Қонақтар келердің дәл алдында ғана Дарын торттың дәмін көріп, оның тұзды екендігін түсінді. Ол торттағы тұзды алып тастап, оның орнын қантпен алмастыра ала ма?

Өз жауабыңды ауызша түсіндір.

Тапсырма: Сөйлемнен құрмалас сөйлемді тап.

С тобы: электр қуатын өткізетін заттармен бірыңғай мүшелері бар құрмалас сөйлем құра.

Group 1


Функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмаларды орындайды.

Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Қазақстан» туралы «Бір айналым сөйлеммен» әңгіме құра.

2-топ: «Қатесін тап» ойыны Ай-Мектеп тапсырмасы.

3-топ: Елбасына құттықтау ашықхаты.

4-топ: Мәтінді жалғастыр:

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.


Аяқталуы

-Бүгін біз не жайлы сөз қозғадық?

-Қазақ елі гүлденуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

-Адам өзін қаншалықты ақылды, өнерлі, жолы болғыш, спортшы санағанымен, бәрібір де өз қатарынан қалып қалмас үшін не керек?

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын, -деп Жүсіп Баласағұни ғүлама айтқандай, біздің еліміз, ауданымыз көркеюі үшін денсаулық пен білім қажет.




Кері байланыс

-Бұл сурет, біздің Зырян қаласының табиғаты деп ойлаңдар.

-Егер, бүгнігі сабақта жақсы жұмыс істедім, білмегенімді толықтырдым, десеңіз, ағаш отырғызыңыз. Білім тамыры тереңге кетіп, беік болсын

-Егер, білімім жақсы, біліміммен маңайыма әдемілік сыйлаймын десеңдер, гүл таңдаңдар.

-Білімім өте жақсы, аспандағы жарық жұлдыз болып, жарқырап тұрмын десеңдер, күн шуағы болыңдар.


Бағалау

Топ ақылдаса келе баға қояды.

Мұғалім қай оқушы неше алғанын сұрап, журналғы қояды


Үйге тапсырма

«А» тобы- Елбасы туралы бесжолды өлең

В тобы- Қазақстан туралы әңгіме жазу

С тобы- Елбасыға арнап өлең құрау.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

  • Топ басшылары көмек көрсетеді;

  • Менталді карта жасайды;

  • Көшбасшылық рөлін алып жүреді

  • Теория мен практиканы ұштастырып отырамын

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдер

  • Дүниетану, әдебиеттік оқу, математика пәндерімен пәнаралық байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

-Сабақ мақсаттары шынайы, смарт мақсаттар болды.

-Оқушылар «Синтаксис» тарауы бойынша білімдерін қорытындылап, теория мен практиканы ұштастырды.


Қорытынды бағамдау



Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
2279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі