400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Сиқырлы Аққала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Сиқырлы Аққала. Балаларды қыз мезгілінің ерекешеліктерімен таныстырып, қар үлпектерін ажырата білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Мүсіндеу. Тақырыбы:«Сиқырлы Аққала» Мақсаты: Балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.Қар үлпектерін ажырата білуге үйрету.Дәстүрден тыс технологияларды қолданып,жасанды қар ұлпаларын жасап, одан аққала мүсіндеуге қызуғушылығын ояту.Жасаған аққаланы тыныс алу жаттығуында қолданып,дұрыс тыныс алуды ұйымдастырып, көңілді күй орнату.Дидактикалық ойын ойнату арқылы жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.Балалардың ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту. Қажетті-құралдар: қыс ерекшеліктері туралы бейнежазба, көбік, ас содасы, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: қыс ерекшеліктері,қар,аққала. Тәрбиеші:Саламатыздар ма балалар?Таңғы көңіл күйлеріңіз қалай?Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізге дайынсыздар ма?Олай болса шаттық шеңберіне тұрайық. Шаттық шеңбер: Балалар, алақанымызды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауадан жұтайық, Жүрек жылуын салайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық.(балалар шеңберге тұрады, өлең сөздерін қайталап, қимыл-қозғалыстар жасайды) Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,қане орындарымызға жайғасамыз.Балалар мен сендерге жұмбақ оқимын,мұқият тыңдаңдар. Жұмбақ:Мамықтай ұлпа, Қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, Көктемде сайға қашады. -Балалар:Қар. Тәрбиеші:Қар қай мезгілде жауады? Балалар:Қыс мезгілінде. Тәрбиеші:Қар қандай болады? Балалар:Қар ақ түсті болады,суық,мамық,ұлпа болады,жапалақтап жауады. Тәрбиеші:-Дұрыс балалар, енді көгілдір экраннан қыс мезгілінің ерекшеліктерін тамашалайық.(қыс мезгілін тамашалайды) Тәрбиеші:Балалар,мен бүгін балабақшаға келе жатып, балабақшаның есігінің алдынан бір қорапша тауып алдым. Бұл қорапшада не бар екен? Кәне ашып көрейік.Ойй балалар қараңдаршы ішінде хат бар екен, оқып көрейік. Хат: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарың қалай?Сендерге хат жолдап отырған-Аққала.Менің денемді зұлым қасқыр мен қарға бөлшектеп тастады. Денемді құрастырып,біріктіріп беріңдерші. Экранға қарасаңдар бәрін түсінесіңдер» «Сәлеммен Аққала» Тәрбиеші:Ал балалар,аққалаға көмектесеміз бе? Балалар:Әрине. Олай болса онда көгілдір экраннан аққала ұсынған мульфильмді бірге қарайық.(«Ақшақар пошташы» мультфильмі) Тәрбиеші:Балалар мультфильмді қарап аққалаға неге біздің көмегіміз қажет болғанын түсіндік.Көмектеспен бұрын,алдымен біз бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті:Аққала әнін айтып,мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Тәрбиеші:Балалар бойымызды сергітіп алған болсақ,орнымызға отырайық.ас содамын көбіктің қоспасынан жасанды қар жасайық.Одан үлгіге қарап аққала жасайық. Тәрбиеші:Балалар мынау не? Балалар:Ас содасы,көбік Тәрбиеші: Өте дұрыс.Енді осы екі қоспадан жасанды қар жасаймыз,ал ол қардан үлгіге қарап аққала жасайық.Балалар ас содасын,көбікті аузымызға апарып,көзімізді уқаламамызмыз.Жұмыс жасау барысында балаларға көмектесу.Балалар барлығымыз аққаланы жасап болдық па?(балалар ас содасымен көбіктен жасалған қоспадан аққаланы мүсіндейді) Балалар:Ия: Тәрбиеші:Өте жақсы балалар.Енді жасаған аққалаларымызбен ойын ойнау арқылы,дұрыс тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алу жаттығуы: Балалар жасаған аққалаларын арнайы құтыларға салып, түтікше арқылы қар ұлпаларын ұшырады.(балалар тыныс алу жаттығуын өте қызыға жасап, көңілді күй орнатады) Дидактикалық ойын: “Қысқы мезілін толықтыр” Шарты:Жыл мезгілдерінің қиынды суреттерінің ішінен,қыс мезгіліне сәйкес суреттерді тауып алып,тақтадағы қыс мезгілі бейнелеген суретті толықтыру. Тәрбиеші:Балалар біз неден қар жасадық?Біздің жасаған қарымыз қандай екен?Сенге аққала жасап,кімге көмектестіңдер?(балалар іс-әрекетін мадақтау) Аққала сендерге сыйлық беріп жіберді.(балаларға ойыншықтарды таратады).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі