Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сиқырлы асықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 19 «Толағай» балабақшасы


«Бекітемін» «Келісемін»

19 «Толағай» балабақша директоры № 19 «Толағай» балабақша әдіскері

______ Толесинова Р.М ______ АлмамедовМ.Б

«___»____2020ж «___» ____2020ж





«Үздік педагог 2020» қалалық сайысына арналған

«Сиқырлы асықтар»

ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Дайындағандар:

Әдіскер: Алмамедова М.Б

Тәрбиеші: Дарменкулова Қ.Т

Өткізген:

Тәрбиеші: Дарменкулова Қ.Т













Ақтау қаласы

2019-2020 оқу жылы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Сиқырлы асықтар»

Мақсаты: Асықтарды қазыргі заман талабына сай әртүрлі ойындар жасауды жалғастыру.

Әртүрлі түсті асықтарды ойын арқылы түстерді бекіту. 1-ден 5-ке сандарды қайталау. Балалардың асыққа деген ынталарын арттыру. Музыка арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекі-құралдар: Асықтар,себет,жіп,текшелер.

Әдіс-тәсіл: Айту,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Жаңа технологиялар: «Денсаулық сақтау » технологиясының элементі, Асық терапиясының элементтері, Ойын технологиясының элементтері.

Шаттық шеңбері: Дөңгелекке тұрамыз, Шеңберді біз құрамыз Қол ұстасып бәріміз. Ақ тілекті жолдайық Әлемде нұр тыныштық, Әрбір үйде күн ыстық. Қайырлы таң балабақша Қайырлы таң достарым.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы

«Сиқырлы асықтар» деп аталады.

Балалар,қазыр жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазыр жылдың күз мезгілі. Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар? Балалар: Бір жылда төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші: Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы

Тәрбиеші: Олай болса балалар көңіл-күйімізді көтеру үшін ойын ойнап алайық.

Ойын: «Көңіл күй»

Ойынның шарты: Мен сендерге смайликтер көрсетемін,ал сендер болсаңдар сол смайликте бейнеленген көңіл-күйлеріңізді маған көрсетулерің керек.

Балалар: Көңіл-күйлерін көрсетеді

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ендеше орнымызға отырайық.

Тосын сый (қонаққа Дымбілмес келеді).

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе? Дымбілмес.Қош келдіңіз!

Дымбілмес Сәлеметсіңдерме балалар?

Балалар: Салематсызба?

Дымбілмес: Балалар мынаны маған досым берді, бұл не? Мен, мынаны не істесем болады?

Тәрбиеші: Ой, Дымбілмес бұл түрлі-түсті асықтар ғой.

Дымбілмес: Мен білмеймін.

Тәрбиеші: Ендеше біздің балалар саған үйретеді. Қазір асықтан балалар әр түрлі тапсырмалар орындап үйретеді, сенде бізбен бірге тапсырманы орында.

1-тапсырма: «Сан бойынша асықты орналастыр»

Балалар: Тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Келесі тапсырма анамызға сыйлық, балалар алдымызда тұрған түрлі – түсті жіпке асықтарды тізіп саламыз.

2-тапсырма. «Анамызға сыйлық», асықтарды жіпке тізу арқылы моншақ жасау.

Балалар: Тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Балалар шаршап қалған боларсыңдар,ендеше орнымыздан тұрып қолғаптарды киіп бойымызды сергітіп алайық, Дымбілмес сенде бізбен бірге қайтала.

Балалар: Жаттығуды жасайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ендеше орнымызға отырып келесі тапсырманы орындайық.

3-тапсырма: «Бағдарлау»

Тәрбиеші: Балалар өткен оқу қызметімізде біз бағдарлау жасадық, кәне есімізге түсіріп тапсырманы орындап шығайық.

Балалар: Тапсырманы орындап шығады.

Дымбілмес: Өте жақсы,бұл тапсырмағада асықты пайдаланған екенсіңдер.

Балалар рақмет сендерге. Сендер өте білімді, ақылды, тапқыр екенсіңдер. Мен енді бұл асықтармен әртүрлі тапсырмалар орындап, ойындар ойнайтынын түсіндім. Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысқандарыңа рақмет. Осымен бүгінгі «Сиқырлы асықтар» атты ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңдар.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
1759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12