Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сиқырлы сандар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға сандар туралы түсінік беру. Айырмашылықтарын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: М.Ж.Аменова

Күні: 13.04.2018ж.

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас». 
Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ . 
Тақырыбы: Сиқырлы сандар. ( Есептік санау 1-ден 10-ға дейін шектеу) 
Мақсаты: 
Білімділік:Балаларды 1-ден, 10 ға дейін санауға жаттықтыру,сандар туралы түсініктерін толықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. 
Дамытушылық:Тура және кері санай білу қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар бере отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым - қатынасқа тәрбиелеу. 
Әдіc – тәсілдері: сұрақ - жауап, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. 
Көрнекілігі: сандар, пішіндер, суреттер, таратпа материалдар 
Қостілдік компонент: 1 – 10 сандар.
Жылулық шеңбер: 
« Жүректен жүрекке ». Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді. (енді орындарымызға барып отырайық).

Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс - әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар». 


Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

  • Сендер ойын ойнағыларын келеме?

  • Иә.

  • Жарайсыңдар, ендеше « Үшінші артық » деген ойын ойнаймыз.

  • Ойнаймызба, балалар?

  • Иә, ойнаймыз.

  • Жарайсыңдар.

Ал, балалар мен сендерге ойын топтамаларын айтамын, сендер онын үшінші артық екенін табасыңдар.

  • Шырын, сүт, нан.

  • Жаңбыр, қар, өзен.

  • Аяз, боран, қаңтар.

  • Қалам, дәптер, су.

  • Теледидар, компьютер, айран.

  • Жарайсыңдар.

Ал, балалар қараңдар, мен сендерге кереметтей түрлі – түсті шарлар әкелдім. Ал мен сендерге қанша шар әкелгенімді сендер санап беріндер. Біріңші тура және кері санаймыз.

  • Балалар, 1-10 санайды ( қазақша, орысша, ағылшынша).



Ал балалар, мен сендермен тағы қызықты ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты « Құлыпты аш » деп аталады.

Шарты: Музыка ырғағымен билеп жүріп, үстел үстінде тұрған геометриялық пішіндерді қалағанша алып, би билеп айналып, жүресіңдер. Музыка әуені тоқатағанда, сендер тез өз құлыптарынды барып ашасыңдар. Ол үшін сенін қолындағы пішінмен құлыптағы пішін сәйкес келу керек. Түсіндікпа? Балалардан түсін, пішінін сұрау.

Ал балалар, енді біз мына тақтадағы сандардың құпиясын білуге асығып тұрған сияктымыз. Ең бірінші сандардың басында қандай сан тұрады?

  • Бір тұрады. Бір ұғымына сәйкес келетін әлемде не бар? Не бар деп ойлайсыңдар?

  • Балалар: бір күн, бір ай және біздің Отанымыз бар екен. Енді бір санына байланысты Жания тақпақ айтып береді.

  • Жания: Жіңішке жалғыз таяқша,

Бір саны ол айырықша.

Енді Жания бір санын тауып алып кел.

  • Бірден кейін қандай сан келеді?

  • Балалар: екі.

  • Екі ұғымын білу үшін, ата – ана бір – бірімен тығыз байланысты. Мемлекетпен мемлекет тығыз байланысты. Өз дене мүшелерінде екі зат барма?

  • Балалар: екі қол, екі құла, екі көз, екі аяқ, екі бет.

  • Ал екі санының тақпағын тыңдайық.

  • Дария: Міне екі саны тұр,

  • Қараңдаршы неткен түр.

  • Мойының алға иеді,

  • Құйрағы артына ереді.

  • Ал балалар, екі саны қайда жасырынды екен. Дария екі санын тауып келші.

  • Ал балалар, сандық қатарда 1-мен 2-ден кеін тұратын сандарды тауып рет – ретімен орналастырайық. Қане орнымыздан тұрайық.

Ал келесі тапсырмамыз, мен айтамын, сендер орындайсыңдар. Устелде кеңістіктер берілген, сол кеңістікте мен оқып тұрған өлеңдегі көріністі тақтаға бейнелеу керек. Әр жол сайын оны тақтаға көрсету керек.

  • Түсіндікпе?

  • Ендеше, мен өлеңді жол жол бойынша оқып тұрамын, мұқият тыңдаймыз.

Жоғарыда ақша бұл күлімдеген,

Арасынан күн нұрын шашса.

Ал төменде айдын көл мөлдіреген,

Жағасында қос аққу орын тапса.



Ал балалар сергіту сәтін орындаймыз.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болып шықты он саусақ. Орынымызға отырамыз.



Ал келесі тапсырма « Ұзын –қысқа . Ең ұзын құртты ең үлкен санмен қос. Ең қысқа құртты ең кіші санмен қос. Жауатарын қызық арқылы қосу

Алдарында қағазда тапсырма берілген, орындаймыз.

Екінші тапсырма: « Екі ұқсас пішінді боя » деп аталады.

Осымен оқу іс – әрекетіміз аяқталды, бүгінгі оқу іс – әрекетінде әркім өзіне қандай баға қояр екен, алдарындағы сандар арқылы тез көрсете қойындар.

Өлең: мен паравоз от алып,

Астанаға бет алам,

Чух – чух,чух – чух,чух-чух.

Вагондары тизилген

Ретіменен санайық.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12