|
Тақырыбы:
|
«Сиқыршының
сандығы»
|
|
Мақсаты:
|
инновациялық әдістер мен
технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін
тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту; интеллектуалдық
қабілеттерін,
логикалық ойлауын дамыту және
қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін
қалыптастыру;
|
|
Міндеттері:
|
суреттер бойынша
таныс ертегілерді тануға, сұрақтарға жауап беру дағдыларын
қалыптастыру. Дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды
қолдану арқылы сөздік қорын
байыту.
тәулік бөліктерін
тану және атау дағдыларды
қалыптастыру.
|
|
Сөздік
жұмыс:
|
Сиқыршы, Ерте, ерте, ертеде,
шаршы-квадрат, шеңбер-круг,
үшбұрыш-треугольник
|
|
Болжамды
нәтиже:
|
Білу
керек: ертегілерді мазмұндайды,
тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және
атайды,
геометриялық пішіндерді таниды
және атайды;
|
|
Қалыптасқан
әдет: педагог пен балалар арасында
байланыс қалыптасқан;
|
|
Істей
біледі: берілген тапсырмаларды мұқият
орындайды.
|
|
Көрнекіліктер:
|
паравоз, ертегі
кейіпкерлері;
|
|
Үлестірмелі
материалдар:
|
Буклет жыл мезгілі, Сиқырлы текше-Математика
негіздері, қарама-қарсы белгілеріне арналған
материал
|
|
1.Кіріспе
бөлім:
|
-Балалар бүгін бізде
ерекше күн. Ең алдымен келген қонақтармен
амандасайық
-Сәлеметсіздер ма!
Здравствуйте!
-
Балалар, енді шаттық
шеңберіне тұрайық.
-Қане ,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап
күн жасайықшы.
-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
-Таңмен, күнмен амандасып
алайық
Амансың ба, Алтын
күн
Амансың ба, Көк
Аспан!
Амансың ба, Жер
Ана!
Амансың ба, Жан
досым!
Шапалақтайды.
-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға
отырайық.
Тәрбиеші: Балалар көздеріңді жұмыңдаршы,
қазір мен сендерге тосынсый
жасаймын.
Балалар көздерін
жұмады.
|
|
1.1.
|
(Тәрбиеші сиқыршы
бас киімі мен жамылғысын жамылып, қолына сандық пен жұлдызша алып
шығады.)
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге сиқырлы
сандық алып келдім. Сендерге арналған сыйлықтарым бар. Бірақ
сандықтың аузы құлыптармен жабық. Оны ашу үшін әр құлыптың
тапсырмасын орындау қажет. Олай болса тапсырмаларды орындауға
дайынсыңдар ма? 1 Тапсырманы орындауға
кеттік.
Тәрбиеші:- Ендеше, пойызбен барайық. Ал
кеттік.
Бәрі шеңбер бойымен
жүріп
Қимылды ойын:
«Пойыз» Тіл ұстарту
жаттығу.
Қатар, қатар тұрайық
Кәне, кәне
сұрайық
Кімнің болса бойы
ұзын
Паравозы ол
пойыздың
Пш-пш-пш-пш біз
кеттік
Жүрісті біз
үдеттік
Гу-гу, гу-гу
гуілде
Қалып қойма
біріңде. -Қане, балалар, тоқтайық. Пыш —
ш —
ш.
Орындарымызға
жайғасайық.
|
|
1.2.
|
1-тапсырма.
«Уақыт пойызы». (Логикалық тізбектерді
құруды үйрену, зейінін, есте сақтауын, ойлауын
дамыту).
(Вагондарға ертегі
кейіпкерлерін ретімен
орналастыру.)
Бүгін уақыт пойызына
Бауырсақ ертегісі мінеді. Ертегіні есімізге
түсірейікші.
-Ертегі қалай
басталады? (Ерте, ерте, ертеде ата мен апа болыпты) -1 Вагонға ата
мен апаны отырғызамыз.
-Апа бауырсақ
пысырды . Бауырсақ жолға қарай домалай жөнелді -2 вагонғане (
бауырсақ) отырады?
-Бауырсаққа бірінші
болып алдынан не шықты? (Қоян) -3 вагонға қоян
отырады.
-Бауырсақ жолда
домалап келе жатты, алдынан ??? (Қасқыр) -4 вагонға қасқыр
отырады.
-Қасқырдан қашып
келе жатты? (Алдынан аю шықты) -5 вагонға аю
отырады.
-Ең соңғысы болып не
кездесті? (Түлкі кездесті). Ертегі қалай аяқталды? (Түлкі
бауырсақты жеп қойды.)
-Жарайсыңдар
балалар, бұл тапсырманы
орындадыңдар.
Тәрбиеші
балаларды сиқырлы жұлдызымен айналып шығады. Бір баланың артынан
кілт пайда болады. 1 құлыпты
ашады.
-Балалар келесі тапсырманы
орындайық.
|
|
2.Негізгі
бөлім
|
2
тапсырма
«Геометриялық
пішіндерді сиқырлайық»
-Балалар, әр пішінге
барып тұра қалыңдар, мен сиқыр
жасаймын.
Дөңгелек- күн,
апельсин, доп, глобус,
Үшбұрыш-пирамида,
шырша, кеме, қалпақ,
Шаршы- сағат,
шахмат, жол белгісі,
картина.
-Еркежан айта қойшы,
сенің қолыңда қандай пішін? Неге
ұқсайды?
-Ерназар сен айта
қойшы сенің қолыңдағы шаршы пішіні қандай затқа ұқсайды екен?
т.с.с.
Шарты: Балалар пішіндерге барып
тұрады. Пішінді көтеріп қарайды. Неге ұқсайтынын
айтады.
-Пішіндерді маған
жинайықшы
-Келіңдер балалар
қолымыздан ұстайықшы, біз қолымыздан ұстасақ қандай пішінге ұқсайды
екенбіз? (Шеңбер)
(Тәрбиеші балаларды сиқырлы
жұлдызымен айналып шығады. Бір баланың артынан кілт пайда болады. 2
құлыпты ашады.)
|
|
2.1
|
3-тапсырма.
-Балалар келесі
тапсырманы орындау үшін сендердің кеуделеріңдегі белгілер бойынша
топтарға бөлінеміз. 3 топқа
бөліну
1
топ- «Сиқырлы кітап-Жыл мезгілі».
ойыны
-Қазір жылдың қай
мезгілі? (Қазір жылдың қыс
мезгілі)
-Күз мезгілінің
ерекшеліктерін аташы? (жапырақтар сарғаяды, жерге
түседі)
2-
топ – «Сиқырлы текше»
ойыны
-Геометриялық
пішіндерді атаңдаршы, қандай геометриялық пішіндер бар екен?(
Балалардың жауабы) (Пішіндер туралы кім тақпақ
біледі?)
-Тәулік бөліктерін
аташы (таң, күн, кеш, түн)
3-
топ –«Қарама-қарсы»
ойыны
-Ыстыққа қарама
қарсы не?
-Аққаланы ыстық жаққа қойсақ
не болады? Аққала еріп
кетеді.
|
|
3.Қортынды
|
-Жарайсыңдар балалар
бұл тапсырманыда орындадыңдар. Шеңберге тұра
қалайық.
(Тәрбиеші балаларды сиқырлы
жұлдызымен айналып шығады. Бір баланың артынан кілт пайда болады. 3
құлыпты ашады.)
-Сиқырлы сандығым
ашылды ішінен сыйлықтар
шашылды.
Балаларды мадақтау, сыйлықтар
тарату.
|