жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Сөйлем"
Қысқа мерзімді жоспар
Сауат ашу Тақырыбы: Сөйлем |
Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ
|
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Тлебалиева Г.Г.
|
||||
Мектепалды топ: 0а |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқыту мақсаты: |
0.1.2.1.Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу. 0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру. |
||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады. Сөйлем сызбасын салады. Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды. |
||||
|
Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Əңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Шаршы арқылы сөйлемнің құрамын анықтайды. Үзік сызықтармен сөйлем құрайды. |
||||
|
Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөйлем сызбасын оқиды. Сөйлем сызбасын құрастырады. |
||||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Достарымен ойнайтын ойын түрлерін атайды. Өзара диалог құрайды. Сызба арқылы сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шахмат, шана, батпырауық. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. -Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? -Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың? - «Классик» (мак) ойыны қалай ойналады? - Шана жасау білесің бе? - Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе? |
||||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлем ішіндегі сөз санын ажырата біледі. Сіріңкенің қауіпті екенін түсінеді. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Сурет, мүсіндеу, сөйлеуді дамыту |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту. |
||||
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 0-5 мин |
Оқушылармен сәлемдесу. Шаттық шеңберіне тұрғызу. Мына сұлу әлемде Адам өмір сүреді Үлкен менен кішіге Күн сәулесін төгеді. Тәрбиеші əртүрлі пішіндерді беріп, əр пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып, балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер жасауға бағыттайды. Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды 2-3 рет қайталайды. |
Әліппе-дәптер
Əліппе-дәптер
|
|||
Сабақтың ортасы
20 мин
ҚМЖ-ның қорытындысы. Рефлексия. 5 мин |
Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді. – Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? – Суреттен не көріп тұрсыңдар? – Балалар қандай ойын ойнап жүр? – Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер ме? – Саған тышқан болу ұнай ма? – Өзің қандай ойынды ұнатасың? – Ол ойын үшін қандай құралдар керек? Балалар шағын əңгіме құрайды. – Досына доп бермеген Досан қандай бала? 2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады. Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз ойларын айтады. Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар. Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем туралы түсініктері қалыптасады.
3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін тәрбиеші мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны бойынша не түсінгені анықталады. Тәрбиешінің айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде пайдалануға болады. Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі жаққа ырғалады). Мак!Мак!Мак! Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп, бір аяқпен секіреді). Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)
4-тапсырма. Ермексаздан шана бейнесін жасау. Шананың ойын құралы екенін айтып, шананың бейнесін сипаттайды.
5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу. Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды пікірге əкелуге жетелеу. – Немен ойнауға болмайды? сіріңкімен – Балалар қораптың ішінде не бар? – Сіріңке неге қауіпті? Үш-төрт сіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады.
6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға жаттығады.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды.
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген