жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сөйлем
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ: Сауат ашу |
Мектеп: О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Ушджанова Раушан |
|
Сынып: 1 « А» |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Ортақ тақырып |
Тағам және сусын |
|
Бөлім |
Жазылым |
|
Бөлімше |
3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау. |
|
Сабақ тақырыбы |
Сөйлем. |
|
Осы сабақ арқылы Жүзеге асатын оқу мақсаты |
1.3.11.1.Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушы:Оқушылар сөйлем туралы біледі. Оқушылардың көпшілігі:Сөйлемді бас әріппен бастап жазады. Оқушылардың кейбірі:Сөйлем соңына тыныс белгілерін қояды. |
|
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану. |
|
Бағалау критерийлері |
1/Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылатынын біледі. 2/Сөйлем құрап айта алады. 3/Дыбыстардан сөз құрайды. 4/Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. |
|
Тілдік мақсат/тілдік емес пәнге/ |
|
|
Пәндік лексика және терминдер |
Сөйлем—предложение---sentence-/сентенс/ |
|
Талқылауға берілген сұрақтар: |
-Сөйлем дегеніміз не? -Сөйлем неден құралады? -Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? -Сөйлемнен соңына қандай тыныс белгісі қойылады? -Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? |
|
Құндылықтар |
Шығармашылық,қарым-қатынас, |
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, әдебиеттік оқу. |
|
АКТ-мен байланыс |
Слайд, интернет желісі |
|
Бұған дейін меңгерілген білім |
Тақырыбы:Мәтін 3.5.Мәтінді түрлі формада құрастыру. 1.3.5.1.Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,суреттер, белгілерін қолдана отырып, мәтін құрастыру. |
|
Ұ.Ж.-ұжымдық жұмыс, Т.Ж.-топтық жұмыс, Ж-жеке жұмыс, Ж.Ж-жұптық жұмыс. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған тапсырмалар |
Дереккөздер /Ресурстар/
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Басы 8мин
1мин
Сабаққа қызығушылығын ояту 4мин
3мин |
Ұйымдастыру кезеңі а/Сәлемдесу ә/Түгендеу б/сабаққа назарын аудару в/ топқа бөлу: 1-топ: « Қасқыр». 2-топ: «Аю». 3-топ: «Қоян».
Шаттық шеңбер. Қайырлы күн - күнім, далам, орманым, Қайырлы күн - гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн- өсімдіктер, жәндіктер, Қайырлы күн - ұстаздар мен қонақтар! Психологиялық ахуал. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам жасаймыз. Сындарлы оқыту теориясы бойыншөткен сабақ пен бүгінгі сабақ арасындағы байланыс «Бауырсақ» ертегісі арқылы тыңдалым,айтылым дағдысын қалыптастырумақсатында мәтін тақырыбын қайталау, сөйлем тақырыбын қалыптастыру.
1/ Ертегі АКТ бойынша жартысы тыңдатылыды. 2/Ертегі немен аяқталғанын білгің келе ме? Сен қалай аяқтар едің? 3/Оқушы өз ойымен ертегіні аяқтайды./яғни сөйлем ойлау арқылы өз ойын жеткізеді/ «Ой қозғау»стратегиясы арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашу,белсенді оқуды қалыптастыру, Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады.Сол сияқты Джером Брунердің спиральды білім беру бағдарламасының үш сатысының бірі таңбалық білім алу.
3+2= 5 С 2+ 1= 3 Ө 6+ 3= 9 Й 4+ 4= 8 Л 3+ 3= 6 Е 2+ 2= 4 М
Сөйлем-аяқталған бір ойды білдіреді.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.Сөйлемнен соң не нүкте/./, не сұрақ белгісі/?/, не леп белгісі/!/ қойылады. |
Қасқыр,аю, қоян.
АКТ
слайд
слайд
слайд |
|||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 25мин
5мин
Бағалау критерийлері 1/Сөйлем құрап,талдап айта алады.
2/Дыбыстардан сөз құрайды.
5мин
Бағалау критерийлері
3/Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылатынын біледі. 4/Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады |
1-тапсырма Т.Ж./топтық жұмыс/ «шашылған дыбыстар» стратегиясы арқылы белсенді оқуды қалыптастыру.Джером Брунердің спиральды білім беру үдерісі бойынша тапсырмалар бір-бірімен байланысып, оңайдан қиынға қарай топтастырылып беріледі. 1-топ:қ ш о у ы/оқушы/ 2-топ: к т е п е м/мектеп/ 3-топ: і п ак т/кітап/ Дескриптор -Дыбыстардан сөз құрайды. -Сөйлем құрап айтады. 2-тапсырма Ұ.Ж. СТО/сын тұрғысынан ойлау/стратегиясы арқылы тапсырманы орындату. /сыныппен/сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы және суретпен сәйкестендір, оқылым дағдысын қалыптастыру. -Маған бауырсақ пісіріп берсеңші. -Неден пісірейін? -Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылған?
Дескриптор -1/Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылатынын біледі. 2/Сөйлем құрап,талдап айта алады. 3/ Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады/.қоян,ата,апа/ |
Кеспе әріптер
Қоянның суреті Атаның суреті Апаныңсуреті |
|||||||||||||||||||||||||
|
Ширату жаттығуы 2мин
5мин
Бағалау критерийлері
1/Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылатынын біледі.
6мин
Соңы Кері байланыс 3мин
|
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды соғамыз. Бір отырып, бір тұрып, Тез шынығып аламыз. 3-тапсырма:дәптермен жұмыс./өз бетінше жеке жұмыс/тапсырма жалпы түсіндіріледі топта әр оқушы жеке орындайды,яғни әр оқушы проблеманы шешеді, жазылым дағдысын қалыптастыру. Бізмектепкебілімалуғабарамыз.Мына сөйлемді оқу неге қиын?қандай ережелер сақталмаған? Дескриптор -Сөйлемде неше сөз екенін анықтайды. -Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылатынын біледі.
4-тапсырма:Ж.Ж./жұптық жұмыс/Диологтық оқыту,рольмен сомдау.Төмендегі сөздерді сөйлесуде қайда пайдаланасың? 1-топ: Ас болсын! 2-топ: Ауыз тиіңіз! 3-топ:Дәм алыңыз! Дескриптор -Сөздерді қолданып, диолог құрастырып айтады. -Жұппен жұмыс жасайды?
-Сөйлем дегеніміз не? -Сөйлем неден құралады? -Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? -Сөйлемнен соңына қандай тыныс белгісі қойылады? -Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
Білемін Білгім келеді Білмеймін/ смайликтерге топқа бөлгендегі суреттерін жапсырады. |
Слайд
смайликтер |
|||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша мәліметтер |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау-оқушының деңгейіне қарай тапсырмаларды іріктеп, таңдап алады. Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау-оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты, ынталандырады.Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
||||||||||||||||||||||||||
|
Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1/Орманға барды балалар. Оқыды Айнұр сабақ.
2/Сурет бойынша сөйлем құрастыр. |
1.Мұғалім бағалайды.
Бағалау парақшасы
2.Жұптар бір-бірін бағалайды./түрлі түсті қарындашпен/ Жасыл-5 Сары-4 Қызыл-3 3.Топтар бір-бірін бағалайды./Екі жұлдыз, бір тілек/Топтар екі жақсы жағын айтады, бір тілегін айтады.
|
||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген