400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Сөйлем 2 сынып Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Сөйлем 2 сынып Сауат ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ : Сауат ашу

Күні: 26.04.2017ж

Мұғалімнің есімі: Жиренбаева Нұржамал

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары):

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін

каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерге мінездеме бере алады. Жазба жұмысында әріп элементтерін жаза алады.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің құрамын ажырата алады. Сахналастырылған көрініс қоя алады. Жазу жұмыстарын талапқа сай орындайды.

Кейбір оқушылар: сөйлемнің түрлерін ажырата алады, кейіпкерлердің рөлін сомдайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.


Тілдік мақсат:













Оқушылар... (істей) алады:


Негізгі сөздер мен тіркестер: дыбыс, әріп, сөз, сөйлем, мәтін, бауырсақ, ата, әже, қоян, аю, қасқыр, түлкі, ертегі

Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер):

Талқылауға арналған тармақтар:

1. «Бауырсақ» ертегісі

2. Сөйлем және оның түрлері



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Бағалау критерийлері


-Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.

- Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді

-Сөйлем және оның түрлерін ажыратады.


Алдыңғы тақырып

Ұлттық тағамдар

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Ресурстар

Басталуы.

(15 мин)


Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберін құру.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан салайық

Достық мейірін салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық!


Оқушыларды дауысты және дауыссыз дыбыстарды таңдату арқылы 2 топқа бөлу

Қызыл түсті текшелер Дауысты дыбыстар

Көк түсті текшелер Дауыссыз дыбыстар

Әр топ өз топ аттарын қорғайды.

Тамаша , өте жақсы балалар.

Топтық ережені естеріне түсіреді.

Алдыңғы тақырып:

Ұлттық тағамдар туралы сәйкестендіру.

Shape1 Shape2

Өте тамаша балалар.

Ой қозғау:

Балалар міне барлығымыздың алдымызда мынадай тастар бар.

Балалар ыдыстағы тастар әдемі, әшекейлі болуы үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Ыдыстағы тастар әдемі болуы үшін тастарды жіпке тізіп жинауымыз керек.

Мұғалім: тастарды тізбектеп жіпке тіздік. Нені байқадыңдар?

Балалар: әдемі моншақ шықты.

Мұғалім: енді бірнеше сөз алайық, әрбір сөзді моншақтың тасы деп алайық.

  1. Сөздер алу

  2. Сөздер тізбегін алу

Енді не түсіндіңдер.

Оқушылар өз ойларын айтады.

1 мысалда. Жекелеген сөздер тұтас ойды білдіре алмайды, олар моншақтың жеке тасы сияқты.

2 мысалда. Сөздер бір-бірімен тіркесіп байланысқан сөз тізбегін құрып бір ойды білдіріп тұр. Бұл тізбектелген әшекей моншақ сияқты.

Жарайсыңдар , өте тамаша балалар. Сендер бүгінгі оқу мақсатымызды өздерің аштыңдар.


Шаттық шеңберін құрады.









Кеспе қағаздар арқылы топтасады.

Топтық ережені тыңдайды.

«Сүт» жыне «Наурызкөже» тағамдарының жасалу жолын сәйкестендіреді.






Тастардан моншақ жасайды.

Сөздерден сөйлем құрайды. Өз ойларын айтып, оқу мақсатын ашады.

Ортасы.

(25мин)











  Біз бүгін «сөйлем» деген ұғыммен танысатын боламыз.

Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?Сұраулы мағынада айтылған сөздерге қандай тыныс белгісін қоямыз?Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады? Қуанышты, ренішті білдірген кезде қандай тыныс белгісін қоямыз? Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады? Балалар мектепке келді. Бегжан сабаққа келді ме? Алақай, күн бүгін күн тамаша! Оқушылар тыныс белгілерін қоюлары керек.Сөз дегеніміз не? Сөздер нелерден құралады? Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?


Қалыптастырушы бағалау

Жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша.

«Кір жаю» әдісі

Мен сендерге қазір мынадай киімдер таратып беремін. Бұл киімдерде сөздер жазылған. Біз осы сөздерден сөйлемдер құрастыруымыз керек. Сөйлем құрап болғасын кірлерді мына жерге жаямыз? Қандай тыныс белгісін қойдық? Не үшін ол тыныс белгісін қойдық?Осы сөздерді нүкте, сұрақ, леп белгісін қоятындай етіп өзгертіңдер.

  1. Көктем қандай тамаша!

  2. Көктемде адамдар не істейді?


Оқулықпен жұмыс:

Балалар, біз қазір оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын басшылыққа ала отырып оқулықпен жұмыс жасаймыз.

1-топ Оқылым дағдысын басшыллыққа алып дауысты дыбыстар ертегіні оқиды

2 топ Тыңдалым дағдысын басшыллыққа ала отырып дауыссыз дыбыстар ертегі мазмұнын айтып береді.


Ертегінің жалғасын сахналау арқылы көрсету.

Ертегіге қатысқан кейіпкерлерді атату.

Сөздікпен жұмыс:

Ата – дедушка- grandfather

Апа –бабушка- grandmather

Қоян – заяц - rabbit

Аю- медведь –bear

Қасқыр – волк –wolf

Түлкі – лиса –foxs

Ертегідегі сұрау мағынасында және көңіл-күйді білдіріп тұрған сөзді тапқызу?


Сергіту сәті:

Видео үнтаспадағы қимылдарын жасайды.


Жазылым дағдысын басшылыққа ала отырып

дәптермен жұмыс жасаймыз. Дәптермен жұмыс:

Каллиографиялық және орфоэпиялық талаптарды басшылыққа ала отырып жазады.


Үйшік ойыны:

Оқушыларға сөйлемдер беріледі сол сөйлемдерді өздерді тиісті үйшіктеріне салу керек. ( оқушылар жеке-жеке оқып салады).Берілген сөздерді сөйлемнің үш түріне өзгертіп айту керек. Дұрыс айтқан жағдайда өз үйшігіне салады.

Ребус шешу.

Ребусты шешеді. Сол сөз туралы не білетіндерін айтады?



Берілген сұрақтарға жауап береді.















Сөздерден сөйлемдер құрап кірлерін жаяды.










Ертегіні оқиды, мазмұнын айтады, сахналайды.








Полиглот

Бауырсақтаң жасалу ретін реттік санмен көрсетеді.

«Бауырсақ» туралы тақпақтар айтады.

Қимылдарын жасайды.

Дәптермен жұмыс.





Берілген сөйлемдерді өз үйшіктеріне орналастырады.

Ребусты шешеді. Шыққан сөз туралы не білетіндерін айтады.

Аяқталуы

(5 мин)

Кері бағыттау сұрақтары:

- Бүгін қандай ұғыммен таныстық?
- Сөздердің қандай түрлері бар екен?

- Сұрау мағынада қолданылған сөздерге қандай белгісін қоямыз?

- Қуанышты, ренішті білдірген сөздерге қандай тыныс белгілерін қоямыз?

- Хабарлау мақсатында айтылған сөздерге қандай тыныс белгісін қоямыз?


Рефлексия.

  • Балалар сабақ сендерге ұнады ма?

  • Балалар, мен сендердің барлығыңды бүгін өте жақсы жұмыстандыңдар деп айта аламын.





Сұрақтарға жауап береді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация.(Саралау)- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тасырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс




Рефлексия .

Сабақ/оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім

бе? Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі