15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сөйлем мүшелері қазақ тілі 3 сынып
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі: А.Дуйсембиева
Пәні: Қазақ тілі |
Мектеп:№188 МГ |
|||
Мерзімі:26.11 |
Мұғалімнің аты-жөні:Байзыханова |
|||
Сынып:3 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы 51-сабақ. |
Сөйлем мүшелері |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
3.1.2.1 мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мəтіннің мазмұнын болжау; 3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру; 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы(бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырату. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
• Сөйлем мүшелері туралы біледі. • мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек,математика |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||
Алдыңғы білім |
Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау. Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. Түбір мен қосымшаның жазылуы. |
|||
Сабақ барысы
|
||||
жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс әрекет |
Қоры |
||
Сабақтың басы 5минут |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын байқау. Топқа бөлу Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Балалар,біз қандай бөлімді аяқтадық?/Уақыт/ Ол бөлімде қандай тақырыптармен таныстық? Бүгін жаңа бөлімді бастаймыз.Сәулет өнері Бұл бөлімнен біз ,сөйлемді жалаң,жайылмаға ажыратуды, сөйлем мүшелерін, сөйлем мүшелеріне талдауды ,олардың байланысын анықтауды үйренеміз.
|
Геометриялық фигуралар |
||
Сабақтың ортасы 30 минут |
1-жаттығу. Мəтінді тыңдау. Мəтін тақырыбы бойынша мазмұнын болжа. Мəтінді мұқият тыңдайды. (Т) Тірек сөздерді табу. Оқушылардың жұптық жұмысы ұйымдастырылады. Мəтін мазмұны бойынша талқылаулар жасап, мəтін мазмұнына тірек болатын сөздерді табады. Мəтін мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру. . Мұғалімнің басшылығымен мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді. Сұраққа жауап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Оқулықта берілген сұрақтарды оқып, жауап жазады. Мəтін сөздерін пайдаланып, «Сəулетші деген кім?» сұрағына жауап жазады. Оқушылардың сұрақтан ауытқымауына, бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды. 2-жаттығу. Сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қойып , көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды. Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру. Сөйлем мүшелерін ажырату. Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіреді. Сөйлемдерде неше сөз бар екені анықтатылады. Алғашқы сөйлемдерге сұрақ қояды. Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Сөйлем құрастыру. Сөйлем мүшелерін ажырату.
Шығармашылық тапсырма
Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқып, әр сөйлемге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз 1-топ Асқар келді. Дана ойнады.Қойлар жайылды. Құлын ішті. Қыздар терді. 2-топ Айдана жазды . Олар шықты. Кезекші сүртті. Сәуле құйды. Гүлжан шырқады.
3- жаттығу. Суреттегі ғимараттардың атауын қатыстырып, сөйлем құрастырады. Құраған сөйлемдерін жазып, əр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айтады. Үлгіге сүйеніп, сөздердің үстіне оған қойылатын сұрақты жазады. Сөйлем мүшелерін ажырату.
1-топ Бәйтеректің суретін салып ,сөйлем құрап жазады . 2-топ Цирктің суретін салып ,сөйлем құрап жазады. Театрдың суретіне сөйлем құрап, тақтада орындатылып талданады.
|
Оқулық
Білімленд видеотоптама
Интерактивті тақтадан тірек сызба көрсету
Жұмыс дәптері
А3қағазы, маркерлер постер қорғау
Білімленд видеотоптама
|
||
Сабақтың соңы 5 минут
Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Берілген сызбаның көмегімен хатты оқу. Оқушылардың назары жұмыс дəптердегі тапсырмаға аударылады. Əлидің Мерейге жазған құпия хатын сызбаның көмегімен оқиды. Шешуі: Өнерлі бала сүйкімді. Парталасына мақалдың мағынасын қалай түсінетінін айтып береді.Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі«Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Қандай жаңа ақпаратпен таныстыңдар? Сабақта алған әсерлеріңді алдарыңдағы стикерлерге жазып «Білім ағашына» жапсырамыз
4-жаттығу 99 бет Ереже жаттау |
|
||
«№188 мектеп- гимназия» КММ
Сәулет өнері туралы не білемін?
Сөйлем мүшелері
Семинар сабақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Байзыханова Б.С
Алматы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген