400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сөйлемдегі сөздердің байланысы" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып мұғалімдеріне қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізуде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Менің туған өлкем

Мектеп: Гребенщик орта мектебі

Күні:12.12

Мұғалімнің есімі:Салықбаева Г.

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Өлең құрастырып, каллиграмма жасаймын

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақ мақсаттары

-Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтай алады.

-Сыни тұрғыда ойлай отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Бағалау критерийі

-Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды.

-Сызба арқылы сөйлем құрастырады.

-Топтық жұмыс жасайды.

-Жұптық жұмыс жасайды.

-Бір- бірімізді бағалайды.

Құндылықтарға баулу

ынтымақтастық,құрмет

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,дүниетану,әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім


Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы 10 минут

Қызығушылықты ояту

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!


Үй тапсырмасын тексеру


Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,өлең құрастыру.Осы өлең мазмұнына сай каллиграмма жасау.


Топқа бөлу: Жұмбақтар арқылы

1.Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)


2. Қолы жоқ, сурет салады,

  Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


3. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)


Мағынаны ажырату

Ой қозғау.

1-топ: Қар сөзіне сөйлем құрайды.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.

2-топ: Аяз сөзіне сөйлем құрайды.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.

3-топ: Аққала сөзіне сөйлем құрайды.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.


Мысалы: Бүгін қар жауды.

Қыста қатты аяз болады.

Балалар қардан аққала жасады.


Дескриптор:

1.Берілген сөзге сөйлем құрай алады.

2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады.

3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсете алады.


-Балалар сонымен өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

-Балалар енді табыс критерийін құрайық?

-Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаймыз.

-Сызба арқылы сөйлем құрастырамыз.

-Топтық жұмыс жасаймыз.

-Жұптық жұмыс жасаймыз.

-Бір- бірімізді бағалаймыз.


-Өте жақсы. Олай болса,оқулығымызды ашайық.


Қима қағаздар






Жұмбақтар

















А4 қағазы,

Қарындаштар












Сабақтың ортасы

30 минут

23-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Сұрақ-жауап әдісі

-Өлең не туралы?

-Өлеңге ат қой.

-Өлеңдегі қысты бейнелейтін сөздерді тап.


Топтық жұмыс.

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша «Қыс» тақырыбына өлең құрастыр.Керекті сөздер:қар,ақ мамық,аяз,қыс, ғажайып, маржандай,ақ қырау,ақ ұлпа.


Не? (1)

Қандай? (2)

Не істейді? (3)

Сөйлем (4)

Не? (1)


Құрастырған өлеңдеріне каллиграмма жасайды.

Жұмыстарын топта жариялайды.

«Галереяны шарлау» әдісі бойынша рефлексия жасайды.


Дескриптор:

1.Тақырыпқа сай өлең құрастыра алады.

2.Тірек сөздерді орынды пайдаланады.

3.Өлең мазмұны бойынша каллиграмма жасайды.

4.Өз жұмысына түсініктеме бере алады.


Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс

24-жаттығу.

Жұмбақты көркемдеп жазу.Шешуін табу.

Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету.


Ширату жаттығуы. «Қар жауып тұр»

Балаларға мақта беріледі.Әр бала керілген жіпке қар жасап іледі.

Мақсаты:саусақ моторикасын дамыту.


Топтық жұмыс.

1-топ: Берілген сөздердің ішінен табиғатқа қатысты сөздерді тап.

Қыс мезгілін бейнелейтін сөздерді анықта.


үй қыс кітап бұлт боран қар

ине аяз көл қол күшік


Дескриптор:

1.Табиғатқа қатысты сөздерді дұрыс табады.

2.Қыс мезгілін бейнелейтін сөздерді анықтайды.


2-топ: Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Үскірік,ұлпа сөздеріне түсініктеме беру

Дескриптор:

1.Сөздіктен мәліметті дұрыс табады.

2.Сөздердің мағынасын түсіндіре алады.


3-топ:

Қар жауады ...........

.................... жүр шапалақтап,

Балалар ............. киеді

............ беттен сүйеді.


Дескриптор:

1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.

2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.


26-жаттығу.

Мақалды оқып,жатқа жазу.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету.


Ой толғаныс.

Шығармашылық тапсырма.

«Қыс» тақырыбына сызбаға сәйкес мәтін құрау.

Мысалы:

Қыс келді.Қалың қар жауды.Балалар қардан аққала жасады.


Дескриптор:

1.Сызба бойынша мәтін құрастыра алады.

2.Мәтінді тақырыпқа сай құрастырады.


Оқулық,

проектор
















«Галереяны шарлау» әдісі,

стикерлер,










Оқулық,дәптер




Жіп,мақта







Қима қағаздар,

тапсырмалар,









Түсіндірме сөздік

















Оқулық,дәптер









Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия.

«Өз жұмысыңды бағала»

Бүгін мен ... білдім.

Маған ... қызық болды.

Маған ... қиын болды.

Үйге тапсырма: 27-жаттығу,113-бет


Смайликтер,

стикерлер



Саралау


Бағалау


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

А,А+

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша өлең құрастырады. Түсіндірме сөзікпен жұмыс жасайды. Сызба бойынша мәтін құрайды.


ЖК арқылы, өзара бағалау

Құндылықтарды дарыту:ынтымақтастық,құрмет.

Пәнаралық байланыс: Көркем еңбек,дүниетану, әдебиеттік оқу

АКТ-ны қолдану дағдылары:осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар проектор арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
5485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі