400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Менің досым Мектеп/МДҰ:

Күні: Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.1.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы

бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу, сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі.

Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді сөйлегенде қолданады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Әңгімені әрі қарай өрбіте алады.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақ-тарға жауап береді, әңгіме құрастырып айтады, диалог арқылы сөйлесе алады.

Көптілділік: дос – друг – friend достық – дружба – friendship

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Татулық, қайырымдылық.

Пікір алмасу сұрақтары:

Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?

Достық дегенді қалай түсінесің?

Достарыңмен бірге уақытты қалай өткізесің?

Қандай ойындарды ойнағанды жақсы көресің?

Өткен ҰОҚ алған білім Отбасы мүшелерін ажырата біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Педагог: Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?

Балалар өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады.

Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз

тамақтансақ, көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз

қалмас үшін бізге дос, жолдас керек.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Досың туралы әңгімеле.

Сенің ең жақын досың кім?

Оның жас нешеде?

Досың қайда тұрады?

Неліктен сен оны жақын досым деп санайсың?

Ойын-жаттығу: «Сөйлемді аяқта».

Мен өз досымды адал деп санаймын, өйткені ...

Мен өз досыммын ... бөлісемін.

Мен өз досыма көмектесемін және ...

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Дос бәрінен де қымбат.

3-тапсырма. Досыңның суретін сал.

Сергіту сәті:

Біз балалар бағында

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақ та достықпен

Өткіземіз өмірді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

4-тапсырма. Досыңмен бос уақытыңды қалай

өткізетініңді сызба бойынша әңгімеле.

Педагог балалармен бірге шартты белгілерді

талқылайды.

Әліппе-дәптер

Әліппе-дәптер

Әліппе-дәптер

Көптілділік: дос – друг – friend

достық – дружба – friendship

Педагог әңгімені тыңдауды ұсынады.

Арман ойыншық құлыншағын алып, аулаға ойнауға шықты. Ауладағы тентек бала Қайсар Арманның құлыншағымен ойнап жүріп, аяғын сындырып қойды. Құлыншақты Арманға қайтарып берді. Ал Арманның досы Қуаныш Қайсарға бұл істеген ісі жөн емес екендігін айтты да, ...

(Балалар әңгімені өздері жалғастырып айтады.)

Тіл ұстарту:

Ша-ша-ша – пісіп тұр алша.

Ос-ос-ос – бәрі бірге дос.

(Т) Дидактикалық ойын: «Досыңды тап».

Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары

көздерін таңып, өз достарын табуы керек.

Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін қолмен

ұстап, сипау арқылы табады.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

5-тапсырма. Досыңа не сыйлар едің? Белгіле.

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.

Балалардан құлыншақты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі