Ересек
«Көбелек» тобына арналған ұйымдастырылған
оқу қызметі.
Күні:
11.01.21
Білім
беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту
Тәрбиеші:
Ақылбек Г.Д
Тақырыбы: «Қыс
қызығы»
Мақсаты
:
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп,
көре білуге тәрбиелеу.
Қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Тілдік қорын, ой-өрісін дамыту.
Оқыту:
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.
Балалардың
қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,
жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді
бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат
көрінісін, қысқы ойын , қысқы киім
түрлерін әңгімелеп айту арқылы
байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Көрнекілік
құралдар:
Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті
заттар.
Әдіс
тәсілдері: Әңгімелесу,
түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ойын,
сергіту сәті.
Билингвальды
компонент:
қыс-зима, қар-снег, шана-санка,
аққала-снеговик.
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
Ұйымдастырылған
оқу іс - әрекетін «Қыс қызығы» деген
видеоны көрсетуден бастау.
Тәрбиеші:
-Балалар
не байқадыңдар?
-Балалар
жылдың неше мезгілі бар?
Жыл
мезгілдерін атайық?
Қазір
жылдың қай мезгілі?
-
Қыста қандай өзгерістер болады, қандай
ойындар ойнаймыз?
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің
белгілерін білеміз бе?
Балалар:
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші:
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай
көрсетеміз?
(
Балалар қолдарын жоғары көтеріп,
гуілдейді)
Тәрбиеші:
Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын
қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші:
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай,
деп қолдарын көтереді)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын
атайықшы
Балалар:
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Негізгі
бөлім:
Балалар
енді
мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
1.Қыста
ғана болады,
Ұстасаң
қолың тоңады.
қар
2.Шелек
қалпақ басында,
Сәбіз
екен танауы
Қыста
қардан тұрады,
Танып
көрші сен оны.
аққала
(Аққала
суретін бояу)
Сергіту
сәті:
Жарайсыңдар,
балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту
сәтін орындап, бір серігіп қалайық
(видео
арқылы)
-Балалар
, міне бағанадан айтқандарымыздың
барлығы қыс мезгілінің қызықтары. Қыс
мезгілінің қызықтары бұл ғана емес және
де осы мезгілде болатын мерекелер де
бар.
-Қыс
мезгілінде қандай мерекелер бар?
-Жаңа
жыл мерекесінде не істейміз?
Қортынды:
-Қардың
түсі қандай? Ақ
-Қар мұздай ма, жылы
ма? Мұздай
-Аққала неше бөліктен
тұрады? Үш бөліктен тұрады
-Оның
бөліктерінің пішіндері қандай? Дөңгелек
-
Балалар қыста біздер қалай киініп
жүреміз?
-
сырт киімдерді атайық?
Дидактикалық
ойын:
« Сыңарын тап»
(қолғаптар)
Балаларды
мадақтап әр балаға смайликтер тарату
Күтілетін
нәтиже:
Білді
: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы
ойын, киім түрлерін
Игерді:
жұмбақтар шешуді, тақпақ жаттауды,
айтуды , ойындарды
Меңгеру:
аққала жасауды, шырша безендіруді