жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ сөйлеуді дамыту мектепалды даярлық сыныбы
Білім беру саласы: «Коммуникация» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
ТАҚЫРЫБЫ: Қысқы орман |
Мектеп/МДҰ: Жамбыл атындағы орта мектеп |
||
Күні: 10.12.2018 |
|||
Сынып/топ: «Г» сыныбы |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын /қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады. Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді. Көптілділік: шырша - елка - conifer tree Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қысқы орман, табиғат. Пікір алмасу сұрақтары: Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме? Сендер қысқы орманда болдыңдарма? |
||
Өткен ҰОҚ алған білім |
Жануарлар туралы білімі бар. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
(Ұ) -Балалар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай? –Тамаша! –Осы жақсы көңіл күймен келген қонақтарымызбен сәлемдесейік. Шаттық шеңбері Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз. Қонақтарға ізетпен, Иіліп сәлем береміз. -Ал, енді орындарымызға отырайық. -Міне, балалар сіздердің отырғандарыңыз бойынша топтарға ат берейін. 1 топ: «Аққала» 2 топ: «Шырша» 3 топ: «Қар» тобы болсын. - Олай болса, балалар оқу қызметімізге көңіл бөлейік. Бізге қазір қандай оқу қызметі? - Сөйлеуді дамыту - Дұрыс-ақ, ендеше бейне тақтаға назар аударайықшы. - Нелерді көріп тұрмыз? - Жұлдызшалар - Жұлдызшалар сиқырлы екен сұрақтарына біз жауап берсек, жыл мезгілінің бірінің суреті шығады? - Кәне, бәріміз жауап беруге тырысайық. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар? Қазір қандай ай? - Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? – Күн суытып, су қатады. Аяз қысып, боран соғып, қар жауады. Жердің бетін айналаның бәрін аппақ қар басады. Ағаштар да аппақ қар жамылады. Қыстайтын құстар ғана қалады. - Жұмбақты шешіп көрейік? -«Қысқы орман» туралы қандай тақпақ білесіңдер? Қысқы орман Қалғиды қысқы орман, Мүлгиді қысқы орман, Айырылып қалған соң, Жаздағы құстардан. Ақ желек жамылып, Көк моншақ тағынып, Ұйықтайды қысқы орман, Көктемді сағынып. Аюы, қояны ұйқыға тояды, Жел тұрса қысқы орман Сілкініп қояды. - Ендеше бүгін біздер Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен қысқы орманмен танысамыз. - Ендеше алдымен қысқы орманды тамашалайық. - Балалар, қысқы орманға барып тамашалағыларың келе ме? - Иә - Жарайды, келістік олай болса қысқы орманға баруға жиналайық. (Есік қағылады) - Балалар кім екен есікті тоқылдатып тұрған? (Есіктен аққала кіреді) - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Желмен ұйтқып осы жерге келіп қалыппын, мен қайда келдім? Бұл жерде неге балалар көп, мұнда не болып жатыр. - Сәлеметсің бе, аққала. Бұл мектеп. Балалардың білім алатын ошағы. Бұл жерде балалар оқып, білім алады. Бүгінгі күні біз қысқы орман туралы өтіп жатыр едік. Орманға бармақшымыз сен біздің балаларға көмектесіп орманға апарасың ба? - Әрине, мен орманды білемін ғо, бірақ жол алыс, күн салқын, аяз, жылы киіну керек. - Дұрыс айтасың, аққала. Біздің балалар жолға шықпас бұрын алдымен жылы киініп алсын. - Онда ойын ойнап жіберейік. «Қандай киім киесің?» таңдаймыз, оны жіп бойына ілеміз. - Олай болса, алдымен кітабымызды ашып, 1-тапсырмаға назар аударайық. Сен қысқы орманға бару үшін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата. Бұлар қандай киім деп аталады? - Балалар серуенге дайынбыз ба? - Біз серуенге дайынбыз! - Жарайсыңдар, балалар! - Қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған. Өзен, мұз болып қатып жатыр. Орманға бару үшін бізге қандай құралдар керек? Суретке қарап, таңдап көрсет. Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір.- Жарайды, біздер онда күртік қарға ыңғайлы шаңғымызды аяғымызға байлайық та, серуенге шығайық. Сөйлемді жалғастырып айт. Омбы қарда шаңғымен (сырғанаймыз) Мұзда коньки (тебеміз) Шанамен жотадан (зулаймыз) -Міне, балалар орманға да келдік. – Дұрыс – ақ балалар, бұл орман. – Нелерді көріп тұрмыз?
Аққала: Қазір мен оятайын. Қарағаш:
Айназ Емен: Дуб Аққайың: Айзере Шырша:
Инжу Шырша: Асма
Бойымызды жылытып, сергіп алайық. Сергіту Аяққа шаңғы ілеміз, Қолға таяқ аламыз. Оңға қарап, Солға қарап, Бір, екі, үш жүйткиміз. Балалар орманды тамашаладық, енді қайтайық. Аққала: Балалар, сендерге көп рахмет. Сендермен бірге жүріп сергіп қалдым. Енді кетуім керек, әйтпесе жылы ауа райы мен үшін қолайсыз. Сау, болыңдар! Сендермен дос болғаныма қуаныштымын! -Сау болыңыз. Әрине, біз сені ұмытпаймыз. - Балалар, біз Аққала досымызбен қайда бардық? - Орманға - Олай болса, ормандағы ағаштарды балалар екі тілде айтайық. Орман - лес, қысқы орман – зимний лес, қарағаш – карагач, емен - дуб, аққайың – береза, шырша - елка Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине, бұтағы мен діңінен). Сөйлемді аяқта. Егер қарағаш қайыңнан биік болса, онда қайың қарағаштан .... Егер емен қайыңнан жуан болса, онда қайың еменнен .... -Балалар, бүгін Айсұлу мен Қуанышта бізбен бірге, олардың да сендерден білгілері келетіні бар екен тыңдап қарайық. Айсұлудың дауысы: -Саламатсыңдарма, балалар. Біз Қуаныш екеуміз бүгін сендермен бірге орман туралы көптеген мағлұматтар алдық, бірақ келесі тапсырмадағы берілген құс пен жануарлар туралы ештеңе білмейді екенбіз, сендер білесіңдер ме? - Білеміз бе? Тапсырмадағы берілген құс пен жануарлар туралы қызық дүниелер біліп алу үшін бейне тақтаға назар аударайық. Видео көрсетіледі. –Қуаныш: -Қандай керемет! Мінекей, балалар ормандағы жануарлар мен құстар туралы көптеген қызықты ақпараттармен таныс болдық. «Ненің ізі» екенін білдік қо, тапсырманы орындайық. Қайсысы ненің ізіекенін қосып көрсет. – Балалар, қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр. Қане қарайық, ненің іздері екен. Тапсырманы орындау барысында педагог балаларданненің ізі екенін айтып отыруды сұрайды. Мысалы:аюдың ізі, құстың ізі т.б. -Жарайсыңдар, балалар! Айсұлудың дауысы: - Енді балалар, мен сіздерге тапсырма бергім келеді. Бүгінгі сабағымыз бойынша сендердің шығармашылық қабілеттеріңді байқап қарайын. Саусақ жаттығуын орындау Саусақтарым билеңдер, Дәмді тоқаш илеңдер. Қандай жақсы шеберлер, Қандай жылдам шеберлер, Алма қосып илеңдер, Саусақтарым
билеңдер.
1
топ: Аққала «Қысқы орман» қима
суреттерден құрастыру
|
Әліппе-дәптер
Музыка
Слайд
Аққала, шырша, қар макеттері
Тақпақ
Видео көрсетіледі
Аққала (Есіктен аққала кіреді)
Әліппе-дәптер
Шаңғы
Орман макеті, ағаштар, қыстап қалатын құстар мен аңдар суреттері
Әліппе дәптер
Видео көрсетіледі.
Әліппе дәптер
Видео көрсетіледі.
Қима суреттер
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
Педагог қорытынды жасайды. -Бүгінгі сабақта қайда бардық? - Орманға - Орманнан нелерді көрдік? -Жапырақтары жоқ болса ағаштарды қалай айырамыз? -Бұтағы мен діңінен - Орманның адамға қажеттілігі бар ма? - Орман ағаштарынан нелер жасалады екен? - Бүгінгі сабақты түсіндіңіздер ме? Олай болса шыршанықыстырғыштармен безендіре қояйық. Балаларды марапаттайды.Барлық балаларға смайликтер тапсырылады. Міне бүгінгі сабақта сіздерге риза болған шырша жарқырады. (Ө)
Рефлексиялық
бағалау: өз жұмысын бағалапқорыту.
Балалардан баскиімді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен. |
Смайликтер, шырша, гирлянд, әліппе-дәптер,түрлі түсті қарындаштар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген