КМҚК «Бастау»
балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тақырыбы: Қырманда
Ортаңғы «Балауса» (4-5 жас) тобы
үшін
Тәрбиеші: Бахтина
А.К.
2019-2020 оқу жылы
Ортаңғы «Балауса» тобы үшін
ашық ұйымдастырылған
оқу қызметінің жоспары
Өткізілген күні, айы,
жылы: 13.11.2019
жыл
Тәрбиеші: Бахтина
А.К.
Білім беру
саласы: Қатынас
Ұйыдастырылған оқу
қызметінің түрі: Сөйлеуді
дамыту
Өтпелі
тақырып: «Қош келдің, Алтын
күз»
Апта
тақырыбы: «Өзіңе және өзгелерге
көмектес»
Тақырыбы: Қырманда
Білімділік
міндеті: Астық өнімін жинау кезіндегі
адамдардың еңбегімен таныстыру. Адамдардың күзгі еңбегі туралы
әңгіме жүргізу. С.Бакытжанованың «Күз» өлеңін жаттау. Сөз және сөз
ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылығын
арттыру.
Дамытушылық
міндеті: Қойылған сұраққа дұрыс жауап
беруге дағдыландыру. Әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру. Тілдің
грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды
қолдану.
Тәрбиелік
міндеті: Бір-бірімен дос болуға,
әрдайым көмектесуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету,
түсіндіру, сурет бойынша әңгіме
Сөздік
жұмыс: қырман,
астық
Билингвальды
компонент: қырман -ток, егін-посев,
астық-зерно
Көрнекі
құралдар: суреттер
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң
достарым,
Қайырлы таң бақшамыз!
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
-Барлығымыз күз мезгілінің айларын атап
берейікші.
-
Күз мезгілінде ауа-райы
қандай болады?
Негізгі бөлім:
Жұмбақ жасыру:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
Ол
не?
(бидай)
Суретпен жұмыс:
-
Бидай, сұлы, арпа, тарыны
жалпы астық деп атайды. Астық күз мезгілінде піседі. Астықты
комбайнмен орамыз. Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып
машинаға салынады. Машинамен қырманға тасимыз. Қамбаға әкеліп
төгеміз. Диірменде ұн жасаймыз. Ұнды нан зауытына апарамыз. Ол
жерде түрлі нандар, тәтті тоқаштар пісіреді. Нанды дүкендерге
апарады, дүкеннен біз сатып аламыз. Міне дастарханға нан осындай
еңбекпен келеді.
Қырман— комбайннан түскен дәнді кептіріп, құрғататын,
тазартатын, ашық не қалқалы қарапайым алаң.
Қырманды тегіс, құрғақ жерде жасайды. Ол жердің шөбін тазартып
тегістейді, суғарады, 1 — 2 тәулік өтіп жер дегдіген соң таптайды,
асфальт төсейді, айналасын қоршайды. Кептіріліп тазартылған дән,
машинаға тиеліп, элеваторға немесе арнаулы астық қоймаларына
жөнелтіледі.
Егінші қонаққа
келеді:
Егінші:
-
Балалар маған піскен бидайды жинауға
көмектесесіңдер ме?
-
Барлығымыз қосылып еңбектенсек, тез жинап алып
машинаға саламыз. Келісесіңдер ме?
-
Иә,
әрине!
Еңбек қызыл
қырларда,
Бидай толды
қырманға.
Алтын таулар
секілді,
Сап-сары боп
тұрғанда.
Балалар
тақпақты хормен айтып егіншінің машинасына қолдарындағы бидайды
салады.
Егінші
балалармен «Асық ату»
ұлттық
ойынын ойнайды.
Егінші:
-
Иә егінші, біздің балалар
еңбекқор. Балалар сізге қырман мен астық
туралы тақпақтар айтып береміз
дейді.
1.
Көктемде егін
егетін,
Күзде жиып
теретін.
Біздің дала –
бай дала,
Алтын астық
айнала.
2.Біреу астық
түсіріп,
Біреу бидай
ұшырып.
Жатқан мезгіл
күз екен.
Алдым соны
түсініп.
3.Ел егінін
жинайды,
Қырманға дән
сыймайды.
Біздің дала –
бай дала,
Алтын астық
айнала
С.Бакытжанованың «Күз» өлеңін
жаттау:
1.Алдымен тәрбиеші өлеңді оқып
береді, сосын балалармен бірге қайталайды.
2.Балаларға үйге жаттауға
беру.
Күз
Күз
келді мінеки,
Сарғайды жапырақ.
Күн
нұры солғындау,
Көңілсіз атырап.
Бау-бақша толып тұр
Жайқалған жеміске.
Трактор атаулы,
Бәрі жүр егісте.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Мөлдір су боп ағайық.
Гүл боп жайнайық,
Терең-терең демалып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
Билингвальды
компонент: қырман -ток, егін-посев,
астық-зерно
Қорытынды бөлім:
Оқу іс-әрекетін
«Күншуақ» ойыны арқылы
қорыту.
Ойын
шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.
Күннің әр шуағында сұрақтар берілген. Күн шуағындағы сұрақтарға
жауап беру арқылы күнді күлімдету.
-
Күзде жапырақтар…
(сарғаяды)
-Күзде күн … (суып, жаңбыр
жауады)
-Күзде құстар…(жылы жаққа
ұшада)
-Күзде жеміс-жидек… (піседі)
-Күзде астық ...(піседі)
-Піскен астықты машинаға
салып, қайда апарады?
- Балалар сендерге бүгінгі оқу
қызметі ұнады ма?
Бәрің де сабаққа жақсы
қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Балаларды
жеке-жеке мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін
біледі.
Игереді: Адамдардың күзгі еңбегімен
танысады.
Меңгереді:
«Күз» өлеңін жаттап, мазмұнын
түсінеді.

