400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ Шоқан Уалиханов – алғашқы қазақ ғалымы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарих пәні мұғалімдеріне жарамды. жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

Мектеп: «Степное негізгі мектебі – балабақша кешені» КММ

Күні:

Пән: Қазақстан тарихы

Мұғалімнің аты-жөні: Дәүлетқанова Балнұр Тлеубекқызы

Сынып: 8 (7)

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шоқан Уалиханов – алғашқы қазақ ғалымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар Ш. Уалихановтың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегімен, ғылыми мұрасымен оқышыларды танысады .

Басым оқушылар Шоқан Уалиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы, әрі ағартушысы болғанын анықтайды

Кейбір оқушылар Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке .

Бағалау критерийі

Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулеріне түсінік береді 

Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар

Бейнекөрсетілім. (оқылым, тыңдалым, айтылым)

Постермен жұмыс (жазылым)


Құндылықтарға баулу

  1. Мәңгілік Елдің Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалуды, туған жерге деген құрмет, жерді бағалауға үйрету.


Пәнаралық байланыс

География, дүние жүзі тарихы


Тақырып бойынша алдыңғы білім

«XIX ғасырдығы Қазақстанның ғылыми зерттеуі » тақырыбы

бойынша білімдері бар, осы тақырыпты оқығанда қолданады.





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы 7 мин










Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, жағымды атмосфера қалыптастыру)

Тапсырма 1. (Б/С): «XIX ғасырдығы Қазақстанның ғылыми зерттеуі » тақырыбындағы үй жұмысын «Допты қағып ал» әдісі арқылы тексеріледі. Арнайы дайындап келген сұрақтарды мұғалім оқушыларға қояды.

  1. Қазақстан жерін зерттеудегі Патша үкіметінің негізгі мақсаты қандай? (қазақ жерін жан-жақты отарлау, сол үшін салт-дәстүрін, өткен тарихын зерттеу маңызды болды). (Тілек)

  2. XIX ғасырдағы қазақ жеріне әскери қызметке келіп, ғылыми зерттеумен айналысқан қандай тұлғаларды білесіңдер?

(Л.Л.Мейер, А.К.Гейнс, И.А.Кастанье, А.И.Бутков, Семенов-Тяншанский, В.В.Радлов, Г.И.Потанин, Н.Н.Каразин, В.В.Бартольд) (Ақбота)

3. Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі ролі? XIX ғасырдың 60—90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Моңғолия, Урянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады. (Еркежан)

4. Қазақ халқының Геродоты аталған кім? (Левшин, «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. (Райхан)

5. XIX-XX ғғ. бас кезінде жарық көрген қандай баспасөзді білесіңдер? («Туркестанские ведомости», «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті»). (Дамир)

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек». (мұғалім мен оқушы)

Топқа топтастыру. Оқушыларды топқа топтастыру үшін саралаудың жіктеу тәсілін қолданып, құрамдалмаған, аралас топқа оқушыларды «вагон билеттері» арқылы бөлу.

1 - топ Зерттеушілер

2 - топ Саяхатшылар

3 - топ Географтар












Сабақтың ортасы

20 мин

Тапсырма 2. (Т ) Ой шақыру стратегиясы арқылы оқушыларға Шоқан туралы бастауыш сыныпта оқығандарын естеріне түсірту мақсатында, «Шоқан кім?» деген сұраққа жауап берулерін сұраймын. (постер қорғау). Оқушылар бүгінгі сабақ мақсатын ашады.

А2 форматтағы қағаз, Шоқанның портреті,






























Сабақтың соңы



Тапсырма 3. Бейнефильм көрсету. Таратпа материалдар беріледі. (Постер қорғау) «БОРТ журналына» толтыру.

1 топ. Шоқан Уәлихановтың балалық шағын сипатта.

Тапсырмаға сұрақтар:

  1. Не себепті XIX ғасыр Қазақстан мәдениетінің дамыған кезеңі деп аталды?

  2. Шоқанның тәрбиесіне мұсылман мектебі қалай әсер етті?

  3. Шоқанның тәрбиесіне Омбы кадет корпусы қалай әсер етті?

2 топ. Шоқан Уәлиханов пен Григори Потаниннің достығын сипатта.

  1. Шоқан Уәлиханов пен Григори Потани қалай танысты?

  2. Оларды не біріктіреді?

  3. Кадет корпусын аяқтағаннан кейін екі достың ара-қатынасы қандай болды?

  4. Не себепті Потанинді «қазақ халқының орыс ұлы» деп атайды?

3 топ. Шоқан Уәлиханов пен Ф.Достоевскидің достығын сипатта.

  1. Шоқан Уәлиханов пен Ф.Достоевский қалай танысты?

  2. Достоевский Шоқан Уәлихановтан 14 жас үлкен болды, бұл адамдарды не байланыстырды?

Дескриптор.

  1. Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын сипаттайды

  2. Шоқан Уәлиханов пен Г.Потаниннің достығын сипаттайды

  3. Шоқан Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің достығын сипаттайды.

ҚБ. «Сандарды шеңберге алу». (мұғалім мен оқушы)


«Блиц турнир» сұрақтары әдісі арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты түсінді:

Шоқан Уәлиханов -......

Шоқанның туып өскен жері-.....

Шоқанның шын аты-......

Шоқанның білім алған оқу орны-....

Шоқан саяхат жасаған жерлер-....

Шоқанның орыс достары-.....

Шоқанның ғылыми еңбектері-...

Сабақтың соңындағы оқушылардың кері байланысы «Интервью» әдісі.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Үй тапсырмасы «Ғалым Шоқан» тақырыбына 250 сөзден тұратын эссе жазып келу.






Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/3578
© e-history.kz


Постер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



  • «Интервью әдісі»

  • «Екі жұлдыз, екі тілек»

  • «Ойлау бутерброды»

  • «Плюс, минус, керемет».


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі