400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Саяхат және туризм»




Мектеп:




Күні:18.05.18ж.


Мұғалімнің аты-жөні:

Ахметова Асем Саяхметовна

Сынып:6


Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.О2 Ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме).

6.Ж1 Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу.

6ТБ2 Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» үзіндісінің стильдік ерекшелігін анықтайды.

Стильдік ерекшелікті сақтай отырып бір күнге күнделік жазады.

Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өздерінің туған жерінде саяхаттап барған көрнекті жерлер туралы «Уақыт тізбегін» жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, «Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жаза алады.

Бағалау критерийі

Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» үзіндісінің стильдік ерекшелігін анықтайды.

Стильдік ерекшелікті сақтай отырып бір күнге күнделік жазады.

Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады. Өздерінің туған жерінде саяхаттап барған көрнекті жерлер туралы «Уақыт тізбегін» жасайды.

Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, «Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» үзіндісінің стильдік ерекшелігін анықтайды.

Стильдік ерекшелікті сақтай отырып бір күнге күнделік жазады.

Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады. Өздерінің туған жерінде саяхаттап барған көрнекті жерлер туралы «Уақыт тізбегін» жасайды.

Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, «Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жаза алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

бағдар, өлкетану, заңғар, жоспарлау, аспалы, деректер

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: нақыл сөздер, халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы, белгілі жыршылар, сөз жүйелелері, терең із

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Сендер саяхаттап көрдіңдер ме?

2.Саяхаттау сендерге ұнай ма?

3.Саяхаттан алған әсерлерді қалай есте сақтайсыңдар?

4.Сендер өз күнделіктеріңді жазып көрдіңдер ме?

5.Сендердің ойларыңша күнделік жазудың қажеттілігі бар ма?

Не себептен күнделік жазу керек деп ойлайсың?

ишара:

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Тарихтың мәдениет пен тілдік біртұтастығы»тармағы Отансүйгіштікке, туған жерінің тарихына деген қызығушылыққа өз елінің Ұлы адамдарын қадірлей білуге тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс

Тарих, өлкетану, география

Алдыңғы оқу

Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы (7 мин)




3 мин
















4 мин

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық ахуалға көңіл бөлу,сабаққа дайындығын тексеру.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

«Шаттық шеңбері».

  • Балалар шеңберге тұрып, төрт түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл,ақ) әуе шарларын алады;

  • Балалар шарларды тек ауамен емес, жақсы көңіл күймен толтырады;

  • Шарды бір-біріне лақтырып, жақсы көңіл- күймен бөліседі;

  • Балалар шарды көтереді, олардың түсіне байланысты топтарға бөлінеді.

Топқа бөлу. Түрлі түсті шарлар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Ой шақыру.

Сабақтың тақырыбын болжау мақсатында интербелсенді тақтадан Шоқан Уәлихановтың суреті көрсетіледі.

-Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер?

-Жоңғария туралы не білесіңдер?

-Сонымен балалар бүгінгі сабақтың тақырып қандай деп ойлайсыңдар?

-Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады.






Сабақтың ортасы (25 мин)


9 мин

















9 мин































7 мин

1-тапсырма Т. Ж.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы

«Жоңғария очерктері» мәтінді 2 рет түсініп оқып шығыңдар.

Стиль түрлерінің ерекшеліктері жазылған дайын парақтар үлгі ретінде беріледі.

«Жоңғария очерктері»мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтайды.

Дескрипторлар:

1.«Жоңғария очерктері» мәтінді 2 рет түсініп оқып шық.

2. Стиль түрлерінің ерекшеліктері жазылған дайын парақтарды қолданып, «Жоңғария очерктері»мәтіннің стильдік ерекшелігін анықта.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды.


2-тапсырма Ж.Ж.

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы өздері демалыс кезінде уақытты жақсы өткізген кездеріне бір күндік күнделік жазады.

Күнделік жазуда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастырыңдар.

Өз күнделігінді негізге алып «Уақыт тізбегін» толтыр (көпшілігі).

Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, «Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жазыңдар (кейбіреулері)

Дескрипторлар:

1.Өздері демалыс кезінде уақытты жақсы өткізген кездеріне бір күндік күнделік жаз.

2. Күнделік жазуда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастыр.

3. Өздерінің туған жерінде саяхаттап барған көрнекті жерлер туралы «Уақыт тізбегін» жаса.

4. Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, «Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жаз.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жұп бір-бірін бағалайды.


3-тапсырма Ж.Ж.

Сөз тіркестері:

Табиғи сипаты, Сібір штабы,физикалық жағрапия деректер,бес ай, алғаш рет, Шренк Влангали, Семенов, экспедициясына қатысқаны, ғылыми тұрғыдан зерттеген сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөздердің орын тәртібін сақтап 3 жай сөйлем құрастырыңдар.

Дескрипторлар:

1.Сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөздердің орын тәртібін сақтай отырып 3 жай сөйлем құрастыр.


ҚБ «+ - ?» белгілері арқылы бір-бірін бағалайды.













Күнделік жазуға арналған дайын кестенің үлгісі

Менің күнделігім

күні

әдемі жерлер, табиғаты, оқиға т.б.




Флипчарт, маркер,

түрлі-түсті қағаздар













Сабақтың

соңы (8 мин)

5 мин




3 мин






«Күнделік жазу керек пе?» тақырыбынада «Попс» формуласымен бүгінгі сабақты бекітеді.


Рефлексия

«Ойды аяқта»

1.Бүгін мен білдім.....

2.Мен үйрендім.....

3.Қолымнан келді.....

4.Қиындық тұдырды.....



«ПОПС» формуласының үлгісі



Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Барлық оқушыларға

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы«Жоңғария очерктері» мәтінін оқиды.

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы өздері демалыс кезінде уақытты жақсы өткізген кездеріне бір күндік күнделік жазады.

Сөз тіркестерді пайдалана отырып, жай сөйлемдер құрастырады.

Көпшілігіне

Өз күнделігінді негізге алып «Уақыт тізбегін» толтырады.

Кейбір оқушыларға

«Жоңғария очерктері» үзіндісіне түсініктеме жазады.

Жұптық, тoптық тaпсырмa түрлерiне «Екі жұлдыз 1 тілек» әдісі , «Бағдаршам» әдісі, «+ - ?» белгілері арқылы қaлыптaстырушы бaғaлaу мaқсaтындa қoлдaнaмын.

Пәнаралық байланыс: тарих, өлкетану, география.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Тарихтың мәдениет пен тілдік біртұтастығы»тармағы Отансүйгіштікке, туған жерінің тарихына деген қызығушылыққа өз елінің Ұлы адамдарын қадірлей білуге тәрбиеленеді.







Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі