жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Сөз мағынасы 4 сынып
Кабинет:№10 |
Сыныбы: 4 «А» |
Уақыты: 29.11.2018 |
Пәні:Қазақ тілі |
Мұғалім: А.И.Жеткергенова |
|||||
Сабақтың атауы |
Сөз және оның мағынасы |
||||||||
Сілтеме |
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
||||||||
Жалпы мақсаттар |
Сабақтың мақсаты: Білімділік:сөз
және оның мағынасы туралы білімді
қайталау, еске түсіру, толықтыру |
||||||||
Оқыту нәтижесі |
|||||||||
Сабақтың жабдығы |
Интерактивті тақта,кестелер, тірек сөздер, А3 қағаз, стикер, маркер, дидактикалық ойындар. |
||||||||
Сабақ әдісі |
сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу |
||||||||
Сабақ |
Аралас |
||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Психологиялық дайындық «Менің көңіл-күйім қандай?». Өздерінің дәл қазіргі көңіл күйлеріне сәйкес смайликтерді таңдап алып, қайталау. |
Таңдаған смайликтерін қайталайды. |
|||||||
Топқа бөлу |
Сөз мағынасының түрлеріне қарай 2 топқа бөлу. Мағынасы жуық сөздер арқылы екі топқа бөлу. Шалғай, алыс, қашық сөздері түскендер 1 – топ, батыр, батыл сөздері түскендер 2 – топ. |
Таңдаған сөздеріне байланысты екіге бөлініп отырады. |
|||||||
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй жұмысы жазылған дәптерлерін жинап, екінші дәптерлерін тарату. Өткен тақырыптар бойынша «Ұяшық» ойынын ойнау. Интерактивті тақтада нөмірленген ұяшықтар беріледі. Екі топ оқушылары кезек пен таңдап ұяшықтарда берілген сұрақтарға топпен жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріледі. 1.Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Жауабы: Екіге жай және құрмалас сөйлем 2. Қыстырма сөз дегеніміз не? Жауабы:: Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер. 3. Жай сөйлем дегеніміз не? Жауабы:: Құрамында бір ғана бастауыш және бір баяндауыштан тұратын сөйлемді 4. Құрамында бір ғана бастауыш және бір баяндауыштан тұратын сөйлемді 5. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Жауабы: Екі не одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем 6. Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір қай кезде қойылады?
|
Топпен жұмыс жасайды. Таңдаған ұяшықтарындағы сұрақтарға топпен жауап береді. |
|||||||
Қызығушылықты ояту
|
- Ал, балалар біз өткен тақырыптарды есімізге түсіріп алдық. Жарайсыңдар! Енді айта қойыңдаршы : - Сөз дегеніміз не? - Сөз нені білдіреді? - Сөз неден құралады? -Балалар, сендер кез-келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы біледі екенсіңдер.
|
Өз қалаулары бойынша жауап береді. -Қандай да бір заттың атауы -Сөз мағынаны білдіреді -Дыбыстан құралады. |
|||||||
Мағынаны тану
|
Сөз мағынасының үш түрі бар. Мағынасы жуық сөздер (Әдемі, сұлу, көркем); Мағынасы қарама-қарсы сөздер (жақсы –жаман, үлкен – кіші); Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер. (Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық) (Слайдтан көрсету) |
Мұғалімді мұқият тыңдайды |
|||||||
Тақтамен жұмыс |
3-жаттығу Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің мағынасы туралы не айтасың? Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық. |
|
|||||||
Топпен жұмыс
|
4-жаттығу. Берілген сөздерден мағынасы жуық сөздерді 1-топ, мағынасы қарама-қарсы сөздерді 2-топ бір бөлек топтастырып жазады.
Түзу, қашық, қисық, шалғай, жуан, алыс, кеш, биік,жіңішке, ірі, әдемі, зәулім, көркем, ұсақ, сұлу, ерте, асқар.
|
Топпен бірігіп жұмыс жасайды.
|
|||||||
Оқулықпен жұмыс |
5-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. «Кітап – білім бұлағы» Шыққан мақалды «Бұлақтың суы мол, мөлдір екен» сөйлемімен салыстыр. |
|
|||||||
Сергіту сәті |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу |
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||||
Дәптермен жұмыс |
6-жаттығу. Сурет бойынша мағынасы қарама-қарсы сөздерді 1-топ, мағынасы жуық сөздерді 2-топ қатыстырып әңгіме құрау. |
|
|||||||
Ой толғаныс |
«Дұрыс па әлде бұрыс па?» 1.Мәндес сөздерді синоним деп атайды. 2.Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. 3.Жақсы, жаман - синоним сөздер. 4.Сөздің мағыналық бөлігін түбір дейміз. 5.Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. 6.Бастауыш-сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. 7.Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады. 8.Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді. 9.Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.
Жұмбақ
шешу
|
|
|||||||
Үй тапсырмасы |
85-бет, 7-жаттығу. Ереже жаттау |
Күнделіктеріне жазады |
|||||||
Рефлексия |
«Үміт ағашы» арқылы оқушылар нені үйренегенін, нені білгісі келетінін ұсыныстарын жазады.
|
Стикерлерге өз ойларын жазады. |
|||||||
Бағалау |
Әр топтың ұпайларын есептеу. Жеңімпаз топты анықтау.Жеке бағалау парақшаларын толтыру. |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген