Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сөз құрамы. Түбір мен қосымша"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Күні

Сынып: 2 «А»

Мектеп: «Пенжім орта мектебі» КММ

Мұғалім: С.М.Тілепалды

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату .

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: балаларға сөз құрамы соның ішінде түбір және қосымшалары туралы кеңірек мағлұмат айтады.

Көптеген оқушылар: оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажарата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғайды.

Кейбір оқушылар: жұмыс барысында дұрыс талдаулар жасайды.

Бағалау критерийлері

-балаларға сөз құрамы соның ішінде түбір және туралы кеңірек мағлұмат айта алады.

-оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажарата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады.

-жұмыс барысында дұрыс талдаулар жасай біледі.

Құндылықты дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,дене шынықтыру

Алдыңғы оқу

Түбір мен қосымша туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут





























Сабақтың ортасы


2 минут






6 минут
















5 минут








7 минут


















5 минут











2 минут

І.Ынтымақтастық ахуалын құру

Амандасу.Оқушыларды түгендеу

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кір жаю» әдісі арқылы

Шарты: Әр спорт киімінің артында сұрақтар жазылған сол сұрақтарға жауап беріп, жіпке іледі.

Сұрақтар:

1. Түбір деген не?

2. Қосымша деген не?

3. Мына сөздердің түбірін тап: балықшы, оқулық, парталар, апталық.

4. Мына сөздердің қосымшасын ата: оқушы, шаналар, балапан.

5.Ертегіні оқы. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

- Ерте-ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті.Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Оның көршісі оны қызғанып,түнде келіп ағашты кесіп кетеді де, оны өз үйінің бағына отырғызады.  Ағаш өспей қалады.

- Неге?

- Иә, балалар себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қойды.

Қария ертегісі есіктің алдында тұрған ағашының жоқ екенін  байқайды.

- Қария ағаштың түбіне су құйып күте бастайды. Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан  жеміс береді.


Мінекей балалар, біздің сөзімізде түбір болмаса мағынасы болмайды.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда тағы да түбір мен қосымша туралы өтеміз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөзден түбір мен қосымшаны ажырату .


38-жаттығу. ТЖ «Пайдалы» өлеңі Сурет арқылы топқа бөлу.

1– топ: «Жүйріктер».

2 – топ: «Мергендер»

3 – топ: «Жүзгіштер»

4 – топ: «Палуандар»


1-топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқиды.

2-топтың оқушылары неліктен өлеңнің «Пайдалы» деп аталатынын дәлелдейді.

3-топтың оқушылары өлеңнің мазмұнына қарама-қарсы пікір айтады.

4-топ қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады

Дескриптор. Білім алушы

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • өлеңнің мағынасын түсінеді;

  • қарама-қарсы пікір айтады;

  • сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

Бағалау: «Кубок»


39-жаттығу Ұжымдық жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазу.

Мектеп..... шахмат үйірме...... бар.

Біз сол үйірме..... қатысамыз.

Біз шахматтан болған жарыс.... бірінші орын алдық.

Дескриптор Білім алушы

  • сөздерді оқиды;

  • көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қояды;


Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Көркем етіп жазайық,

Керемет баға алайық.

40 - жаттығу. Оқушылар бұлттардағы буындар мен сөздерден жұмбақ құрайды,дәптерге жазады

Айдын суда жалтыр,

Құлаштап жүзіп малтыр. ( жүзгіш)

Олимпиада чемпионы Д. Баландин туралы мағлұмат айту.

Дескриптор Білім алушы

  • буындар мен сөздерден жұмбақ құрайды;

  • көркем жазады.

Бағалау: «Алтын қалам»

Сергіту сәті.

Жұптық жұмыс. Саралау тапсырмасы

Сөздер

Түбір

Қосымша

Шаңғышы



Апталық




Дескриптор Білім алушы

- сөздерді оқиды.

- түбір мен қосымшаны ажыратып айтады,жазады.

Бағалау: «Смайлик»

ҚБ. Сәйкестендіру

.–лар, -лер,-тар,-тер, -дар, -дер жалғауларның тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.


қуыршақ... тер шағала.... дар

өсімдік... тар өрмекші... лар

құлын... дар қыз... лер


Дескриптор Білім алушы

- түбір сөздерді тиісті қосымшалармен сәйкестендіреді;

- берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады

Шаттық шеңбері



















Спорт киімдерінің

суреттері



























Спорт түрлерінің суреттері





Оқулық

















Карточка









Жұмыс дәптері













Кесте















ҚБ тапсырмасы

Сабақтың соңы

3 минут








2 минут


1 минут

«Фишбоун» әдісі

Ба Балық қаңқасына түбір мен қосымшасын бөліп жазу.


Кері байланыс: Доптың суретін бояу

Бүгінгі сабақты жақсы түсінсе, тақияны Жасыл түске,

әлі де толық түсінбесе Сары түске, мүлдем түсінбегендер Қызыл түске бояйды.

Үйге тапсырма: 42 жаттығу ереже жаттау






Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексияу

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына (ОМ) қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттықкезеңдері сақталды ма?Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2020
2689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12