Сөз. Сөздің мағынасы
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сауат ашу негіздері.
Міндеттері: 1. Балаларды сөздерді дұрыс айтуға және сөздердің лексикалық мағынасын түсіне білуге үйрету.
2. Сөз сызбасымен таныстыру арқылы фонематикалық есту, есте сақтау қабілеттері мен саусақ бұлшық еттерін дамыту.
3. Ұқыпты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: Хатқалта, №1 жұмыс дәптері.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мазмұны
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар төмендегі өлеңді бірге айтады.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Өткен тақырыптарды пысықтау.
Барлық сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды естиміз, айтамыз. Егер сөзде дыбыс көп болса, онда сөз ұзақ, егер сөзде дыбыс аз болса, онда қысқа сөз болады.
Ғажайып сәт.
Педагог:
– Қараңдаршы бізге кім қонаққа келді? (Тақтаға сурет іледі). Бұл – жұмбақ жасыратын Жұмбақбай ата. Ол маған мына хатқалтаны беріп, жұмбақтарын шешуді сұрады.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Балалар Жұмбақбай атаның жұмбақтарын шешеді.
– Жұмбақбай ата бізге қандай қызықты жұмбақтар жасырды. Жапырақтар және күз туралы қандай әдемі сөздермен бізге суреттеп берді. Балалар, сендердің естеріңде ма сөз деген не еді? Сөз неден тұрады, нені білдіреді? (Балалардың жауабы тыңдалады).
Егер сөз бір нәрсенің атын білдірсе, онда ол бір мағына береді, яғни лексикалық мағынасы болады. Мысалы: алма, алмұрт, лимон – жемістердің аты; қызанақ, қияр, пияз – көгөністердің аты; құлпынай, бүлдірген, таңқурай – жидектердің аты; үстел, керует, орындық – жиһаздардың аты;
тәрелке, кесе, қазан – ыдыстардың аты; көйлек, жейде, шалбар – киімдердің аты; қоңыз, шыбын, көбелек – жәндіктердің аты; сазан, мөңке, бекіре – балықтардың аты; қарға, кептер, қарлығаш – құстардың аты; райхан, қызғалдақ, раушан –гүлдердің аты; сиыр, ат, қоян, қасқыр, арыстан, бұғы – жануарлардың аты; автобус, ұшақ, троллейбус – көліктердің аты; нан, шұжық, сүт, май, ет – тағамдардың аты; жүгіру, секіру, жүру, тұру – бұл сөздер іс-әрекетті білдіреді; қызыл, жасыл, төмен, жоғары, қышқыл – бұл сөздер заттың сапасын, сынын білдіреді; жаңбыр, қар, бұршақ, найзағай, жел, боран – табиғат құбылыстарының аты.
– Сөз белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол дыбыстардан жасалады және сөзді айтамыз. Сөздің сызбасын көлденең тік төртбұрышпен белгілейміз.
Педагог сөз сызбасын тақтаға жазып немесе сызбасы сызылған көрнекілікті тақтаға іліп, көрсетіп, түсіндіреді.
«Сөз жарысы» дидактикалық жаттығуы
– Жақсы, балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырыпты айтамын, сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерге мысал келтіресіңдер. Мысалы: ыдыс, жануарлар, түстер т.б. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады).
– Ыдыс.
– Кесе, тәрелке т.б.
«Мен айтамын, ал сен көрсет» дидактикалық жаттығуы
– Мен сендерге іс-әрекетті білдіретін сөздерді айтамын, ал сендер сол сөздерді орындайсыңдар.
Мысалы: жүгіру, секіру, отыру, бір аяқпен тұру, қолды көтеру, отырып-тұру, қолды алдыға сөзу, шапалақтау, бір орында жүру т.б.
Жұмыс дәптерімен жұмыс
1.Суретке қара. Балалар не істеп жатыр? Іс-әрекетті білдіретін сөздерді ата.
2.Суреттерге қара. Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата.
Педагог балалармен бірге тапсырмаларды талқылайды. Балалар іс-әрекетті білдіретін сөздерді атайды: ойнайды, оқиды, сурет салады.
Екінші тапсырмада 1 топ жабайы жануарлардың, 2-топ ыдыстардың, 3-топ киімдердің, 4-топ жәндіктердің, 5-топ оқу құралдарының, 6-топ музыкалық аспаптардың атын айтады.
Сергіту сәті
Тікірейіп құлағы Бойын жазып керіліп,
Менен бұрын тұрады. Беті-қолын жуады.
Оң қолымда білезік, 1, 2, 3 – бір, екі, үш,
Сол қолымда білезік, Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Санап көрші, кәнеки, Құлағымда сыңғырлар.
(Балалар білектерін ары-бері айналдырады).
Жұмыс дәптерімен жұмыс (графикалық жұмыс)
4. Үзік сызықтарды үзбей бастыр, жалғастырып жаз.
5. Үзік сызықтарды үзбей бастыр.
3. Саусақ жаттығуы.
Партадағы саусақтар Ортанғы мен сұқ саусақ
Адымдайды, жүреді. Түйеқұсты салады.
Өнерлі бұл саусақтар Төңкеріліп аспанға.
Сурет сала біледі. Қоян да бола қалады.
Педагог жазу ережесін балалардың есіне салып өтеді. Жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен – басбармақ, сұқ саусақ, ортанғы саусақпен ұстайды. Қарындаш ортанғы саусақтың сол жағында болады. Басбармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді. Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді).
Педагог балаларға қарындаш пен ауада жазып көрсетеді. Балалар педагог көрсеткендерді ауада қайталайды. Балалар дәптердегі графикалық тапсырмаларды орындайды.
Педагог ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады.
– Жұмбақтар қай мезгілге байланысты болды?
– Өзіңнің ең жақсы көретін сөзіңді айт.
– Бүгін қандай іс-әрекет қызықты болды?
– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл және қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар және қызықсыз болса, көңілсіз смайлды бояңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Сөз. Сөздің мағынасы" мектепалды даярлық сыныбы

шағым қалдыра аласыз