1.Сөз таптары.Сөз таптарының түрлері туралы
оқушылардың
білімдерін,ұғымдарын қайталау.
2. Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын шығармашылық,
қабілеттерін байқау.
3. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қабілеттерін
қалыптастыру, сөздерді түсініп,үлгі,өнеге алуға.
Сабақ көрнекілігі: слайд,сызбалар,машина,себет
Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу ІІ.Шаттық
шеңбері Қол ұстасып
бәріміз,
Жылылықты
сезейік
Күндей болып
әрқашан,
Күлімсіреп
жүрейік!
Жақсы рахмет балалар .Әрқашан
күн сияқты күлімдеп, жарқырап, жайнап жүре беріңдер. Балалар қазір
қандай сабақ? Қазақ тілі Біз қандаймыз? Біз көңілдіміз! Біз қандай?
Біз батылмыз! Ой, бәркелді балалар жарайсыңдар Олай болса бүгінгі
сабақты қалай өткіземіз? Өте жақсы, дәл осындай көңіл күймен
сабаққа белсене қатысайық.Келістік пе?
ІІІ.Үй жұмысын
тексеру
ІҮ.Топқа
бөлу

Ү.Өткенді
пысықтау
Енді балалар айтыңдаршы, біз
өткен тарауда қандай тақырыптармен танысып едік? Балалар енді
тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар? Бұл ағашқа не жетіспей тұр?
Әрине,жеміс жетіспей тұр Қанекей балалар айтайықшы қандай жеміс
түрлерін білесіңдер? Сендер айтқан жемістердің сыртында өткен
тарауға байланысты сұрақтар жасырылған. Егер сұраққа толық, нақты
жауап берсеңдер онда міне мынадай тәтті кәмпит аласыңдар.Бұл он
ұпай болып есептеледі. Ал егер сұраққа жартылай жауап берсеңдер
онда мынадай бес ұпайлық кәмпитпен
бағаланасыңдар.
Қазір әр топтан бір бір
оқушыдан шығамыз. Келе қойыңдар Бәріміз дайынбыз ба? Ал онда
кеттік.
ҮІ.Жаңа тақырыпты
меңгерту
Ал енді бүгінгі жаңа тақырыпты
ашу үшін мына тақтада тұрған сандарды кему ретінен өсі ретіне қарай
орналастырамыз.Сонда бүгінгі жаңа тақырыптың аты шығады. Балалар
қандай сөз шықты? . Бүгінгі жаңа тақырыпты сахналауға әр топтан бір
бір баладан шақырамын. Ертеде сөз таптары деген хан болыпты.Оның
тоғыз ұлы болады екен. Бізге оның төрт ұлы қонаққа келіп отыр.
Қане,келген қонақтармен танысайық. Үлкен ұлы зат есім? Етістік? Сын
есім? Сан есім? Нені білдіреді? Сұрағы қандай екен? Сөз таптарының
қандай сұраққа жауап беретін білдік па? Енді әр топтың атын атап
өтейін

Ендеше, бүгінгі сабағымыз
топпен өтеді.
1- топ «Зат
есім»
2-
топ «Етістік»
3-
топ «Сын есім»
4-
топ «Сан есім»


Сұрақтарға жауап
алу
Ал енді балалар әр топтан бір
бір оқушыдан шығып , мына жерде жазылған сөздерге сұрақ қойып, оны
сол сөз табына ілеміз. Себеттерге салу
Дәптермен
жұмыс
Оқулықпен
жұмыс Жаттығулар рет ретімен
орындалады.
Ойын. «Вагондар»
ойыны
Cергіту
сәті
Посттер
қорғау
Ал енді балалар алдарыңда
берілген қағазға әркім топ өзінің сөз табыны нені білдіретін және
оның сұрағын жазады. Және оған мысал келтіреді. Әр топ басшысы өз
посттерін қорғайды. Посттерді алмастыру.

Білім
қабырғасы
Балалар үйді кім салады? Үйді
неден саламыз? Алдарыңда тұрған кірпішке бүгінгі сабақтан
түсінгендеріңді жазыңдар. Сабақтың қай бөлімі сендерге қызықты
өтті.
Бағалау.
