400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сөз таптары" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Сөз таптары" атты қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпта сабақ өткіздім. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, сабаққа белсене қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сөз таптары. 3 сынып

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу; 2.Білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру, өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып,
ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздену, көрнекілік, ой қозғау,топтастыру

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, плакаттар, слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

- Қазақ тілім, өз тілім - ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
- Міне балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Психологиялық дайындық

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.

Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

Ендеше топқа бөлініп алайық.(сурет арқылы екі топқа бөлу) I- Тапқырлар, II- Алғырлар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5– жаттығу.Жұмбақты оқып, көп нұктенің орнына қ\ғ әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.

I- Тапқырлар - қар, II- Алғырлар-мамық сөзіне түбірлес сөз жаса.

Көкте жастық сөгілді,

Аппақ мамығы төгілді. (Қар)

2.Үй тапсырмасын бекіту.

Тапсырма.

1 топқа
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
2 топқа
1) Түбiр сөз дегенiмiз не? Мысал келтір.
2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.

3.Қалауыңша сөздер жаса. Оларды сөз құрамына талда.

Түбір

жұрнақ

жалғау










«Ой қозғау»
Келді тағы қыс,
Дала аппақ түс.
Екі аяқты шаңғымен
Дөңге шықтық бәріміз.
Өлеңнен заттың атын, қимылын, түсін, санын білдіретін сөздерді табу.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс(слайд арқылы жұмыс жасау.)

1-жаттығу.Мәтінді оқы. Неліктен сөздер сөз топтарына (сөз таптаына) топтастырылғанын ойлап көр. Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойыңдар. Сөздер арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру:

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.

Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі.

2-жаттығу.Топтастыру. Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Әр сөз табы туралы білетініңді айтындар. Мысал келтір.

Shape1

Сөз таптары



Shape2


Shape3

Нені білдіреді?

Қандай сұрақтарға

жауап береді?


Shape4 Shape5



Shape7 Shape6


Shape9 Shape8 Shape11 Shape10

Сын есім.

Қандай?

Қай?

Сан есім.

Қанша?

Неше?

Нешінші?

Зат есім.

Кім? Не?

Кімдер?

Нелер?

Етістік.

Не істеді?

Не қылды?

Қайтты?








Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ққ

3-жаттығу. «Кестемен жұмыс».

Сөздерді оқу, оларға сұрақтар қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыру:Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс, оқыды, жуынды, жүзді,көк, үлкен, биік, жасыл,екі, жеті, отыз.


Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз, ата, ақын, адам,

құс

оқыды, жуынды,

жүзді

Көк, үлкен, биік, жасыл.

Екі, жеті, отыз.


5-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту, жазу, сөздердің сөз таптарына талдау.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

б) Сергіту сәті:

Күн ұйықтайды.

Күн оянады.

Жел соқты

Жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады.

Күн ашылды.

Жел басылды.

ҮІ. Бекіту: 6 – жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.

Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдау.

(Слайд көрсету, борсықтың емге пайдалы жануар екенін айту)

Б орсық майының құрамы, емдік қасиеті.

Адам баласы борсық майының шипалық

қасиетін ерте заманнан – ақ білген.

Халықтық медицинада борсық майы құяң,

туберкулез ауруларынжәне іріңді жараларды

емдеуге қолданылады. Борсық етінің сыртында

екі елідей майы болады, майын шыжғыртып

өкпе ауруына пайдаланады, сонымен бірге

барлық адамдар күнделікті өмірде емге,

азық ретінде пайдаланады.



7 – жаттығу.Сөздермен сөз таптарын сәйкестендер.

ЗShape13 Shape12 ат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

ЕShape15 Shape14 тістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.

Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа

Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.

ҮІІ. Қорытындылау.

  1. Тест жұмысы. (өзін-өзі бағалау)

  2. Балалар, бүгін біз не білдік? Не үйрендік? Нені білгің келеді?

  3. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?(жазып тақтаға ілу)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 145 бет.

ІХ. Бағалау. Топты бағалау және оқушыларды жеке бағалау.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі