Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу
түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылар сөздердің байланысу
түрлерімен жеке – жеке толықтай танысады, талдайды,
меңгереді.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабілеті
дамиды
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа, ұшқыр
ойлылыққа, белсенділікке, жан-жақтылыққа, еңбексүйгіштікке,
адамгершілік қасиеттерге баулу, бір – бірін
сыйлауға, Отаншылдыққа
тәрбиелейді.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, тест тапсырмалары, семантикалық карта,
интерактивті тақтадағы сурет, сызба, кесте.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау,
әңгімелесу,
Қызығушылықты ояту.
«Топтастыру» стратегиясы. Сөздердің байланысу тәсілдерін
атау.
Жалғаулар
арқылы
Интонация
арқылы
Шылаулар
арқылы
Орын тәртібі
арқылы
Сөздердің байланысу
тәсілдері:
Жанасу
Меңгеру
Қабысу
Қиысу
Матасу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, үй
тапсырмасына дайындалып отыруларына ескертемін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге жанасу туралы оқу, 264 - жаттығуды
жазбаша орындап, талдап келу берілген болатын. Тапсырманы 2 - 3
оқушыдан сұраймын. Барлық оқушының дәптерлерінен жаттығудың
орындалысын тексеріп шығамын.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту: Оқушылармен біріге отырып, жанаса
байланысқан сөз тіркесі туралы жинақтап, қысқаша
қорытындылаймыз.
ІV. Сөздердің байланысу түрлері туралы жинақтап, оқушылардың
білімдерін пысықтау. Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу
түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу,
жанасу.
Оқушылардың болжамды жауаптары былай болу керек:
1) Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1
- 2 жақтарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс
дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен
баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.
2) Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің
байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның
батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем,
Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып
тұр.
3) Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен
басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы
байланысу түрін меңгеру деп атайды.
Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі
Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.
4) Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы
байланысу түрін қабысу деп атайды.
Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы
байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.
5) Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да,
қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.
Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі
бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл
бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.
V. Сыныптағы 15 оқушыға тест тапсырмаларын таратып беріп,
белгілетемін, содан соң жинап алып, бағалаймын.
VI. Сыныптағы 3 топқа, яғни"Тәуекел", "Көшбасшы", "Ерекше" деген топтарға бөлемін.
1. Әр қатар ішінде қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасулары бар
бес - бестен мақал - мәтел айту.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (шайқап сөйлер).
8. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
9. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
10. Тіл қылыштан... (өткір).
11. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
12. Тілден артық... (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... (тілінде).
15. Ең ащы да тіл, ең... (тәтті де тіл).
16. Өнер алды -... (қызыл тіл).
17. Айтылған сөз -... (атылған оқ).
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан... (інінен шығады).
19. Басқа пәле -... (тілден).
20. Білім кілті -... (тіл).
21. Тілге құрмет -... (елге құрмет).
4. Сөзжұмбақ шешу. «БАЙЛАНЫС» сөзжұмбағы.
Б А Й Л А Н Ы С
5. Оқулықпен жұмыс 266 - жаттығудың ішінен сөз тіркестерін теріп
жазып, талдау.
6. "Тәуелсіз елдің ұланымын" атты шағын ойтолғау жазу, ішінде
байланыс түрлері болу керек. Жазған ойтолғауларын топ болып
қорғайды.
7. Қорытындылау, ұтқан топтың мүшелерін бағалау. Бағалау
бетшелерімен жұмыстарын байқау, сабаққа жақсы қатысқан топты
марапаттау, өзге топтарды ынталандыру.
VII. Үйге тапсырма: Байланыс түрлерін қайталау және сөздердің
байланысу түрлеріне мысалдар жазу.
Эссе жазу. «Ел іші – алтын
бесік» тақырыбы