400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ "Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмалар"5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзжасамнан өткенді қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 12.05.17.

Қазақ тілі


Мұғалім: З.Мангелова

Сынып: 5 «а»

Сабақ тақырыбы:

Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмалар

Жалпы мақсат:

1.Оқушылардың сөзжасам туралы білімдерін тереңдету, сөзжасамнан алған білімдерін бекіту, пысықтай отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету. 2.Оқушылардың ойлау тапқырлық,ізденімпаздық, қабілеттерін арттыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

3.Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

слайдтар,үлестірме материалдары .

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.

Гүл сыйлау”









Оқушыларды 5 топқа бөліп,топтарға сөз тудырудың тәсілдерінің атын беру.1.Лексикалық жол

2.Жұрнақтар жалғану

3.Бірігу жолы

4.Қосарлану жолы

5.Тіркесу жолы

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, “Мен сізге гүлді сыйлаймын, көңіліңіз көктем гүліндей..

.Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір – бір тілектерін айтып шығу керек

Оқушылар күрделі сөздер жазылған үлестірме қағаз арқылы топқа бөлінеді.

ІІ.Қызығушылықты ояту

Ой шақыру " стратегиясы 1. Сөзжасам дегеніміз не? 2. Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді? 3. Дара сөздер дегеніміз не? Мысал келтір. Күрделі сөздер дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Жаңа сөз тудырудың неше тәсілі бар? 5. Біріккен сөздер дегеніміз не? 6. Қос сөздер деп нені айтамыз? 7. Тіркесті сөздер дегеніміз не? 8. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не? 9. Жұрнақтар жалғану жолымен туынды сөздер жасала ма? Мысал келтір


Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Қолдану.

"Жалғасын тап " ойыны. Берілген жұрнақтарға сәйкес түбір сөз тауып жазыңдар. -тық, -ші, -шы, -ім, -ғы, -лы, -шік, -дік

Оқулықпен жұмыс. 387- жаттығу.

Кім жылдам “ ойыны.

а) бірігу жолымен жасалған сыныптастардың есімін жазыңдар

ә) бірігу жолымен жасалған ауылымыздағы жер, су атауларын жазыңдар

"Білгенге маржан " Берілген қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы не білесің? Күрделі сөздер қалай жасалған? Тойбастар, жар-жар, беташар, ат тергеу, базарлық.

Тыйым сөздер. Берілген тыйым сөздердің құрамындағы туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер Достыққа берік, адал бол. Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, жауласпа. Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол. Өркөкірек адамнан қаш, өзің де кеудеңді көтерме Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес. Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама. Ата-баба қауымдарына соғып, оларға дұға оқуды ұм ытпа

Үш тілді де меңгереміз

1. .......... ерге нұр жауар. ( талапты, целеустремленный, requirement)

2. ..................... қадірін, Балалы болғанда білерсің, Анық достың қадірін, Жалалы болғанда білерсің . ( Ата-ана, родетели, parents)

3. Өз басыңды дауға берсең де, ............ жауға берме. (Жолдас, друг, frend )

4. Білекті бірді жығар ...... мыңды жығар (Білімді, Образованный, knowlege)

5. ......... бала сүйкімді ( Өнерлі, талантливый, creative )

3. Өз басыңды дауға берсең де, ............ жауға берме. (Жолдас, друг, frend )

6. .........болсаң. кішіреймейсің (Кішіпейілділік,милосердный, humble)

IV.Сергіту сәті.

Балаларға мақалдың бастапқы бөлігін айтып, ары қарай жалғастыру ойынын өткіземін

Мақал-мәтелді жалғастырады.

V.Қорытындылау

«Болмасаң да,ұқсап бақ...» ойыны.Берілген сөздер бойынша өлең шығару.

Әр топ өз өлеңдерін оқиды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Күрделі сөздерді қатыстыра отырып ертегі құрап жазып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Аралық бағалау.

Топ басшылары топ мүшелерін бағалалайды.

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Бесбармақ» әлісі.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі