Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі.
«Ұлан ауданының дене шынықтыру, спорт және білім беру
бөлімі» ММ
«Таврия орта мектебі» КММ
Тақырыбы:«Сөз
мерген»
Интеллектуалдық сайыс
сабақ.
Сынып: 3
«ә»
Бастауыш сынып жетекшісі: Алжанова Динара
Даулеткановна
2015-2016 оқу
жылы
Сабақтың
тақырыбы:
«Сөз
мерген» интеллектуалды сайыс
сабағы
Мақсаты:
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге, үйрету, ойлау
қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана
тілін жоғары қоятын ұрпақтарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,
қалам.
Әдісі:
сөз
жарысы, мақал- мәтел құрау.
Формасы
:сайыс сабақ
Кіріспе:
- Құрметті ұстаздар, ата -
аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені
даусыз. Осы мақсатпен 3 - ші сынып оқушыларының арасында «Сөз
мерген» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі
отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса
егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады Халықтың тәуелсіздігінің ең
басты белгісі-оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ
ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін
емес.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана
тіліміздің туын биік ұстап, оны дамытуға күш салуымыз
керек.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан болса
егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар- дей келе интеллектуалды сайыс
сабағымызды бастаймыз
(Сыныптағы оқушыларға үш түсті қаламдар тарату арқылы топқа
бөлу.
Өз түстері бойынша берілген орынға
отыру. І. Ұйымдастыру
кезеңі
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып
өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс
болыңыздар.
Ойын
6
кезеңнен тұрады.
1. Мықты болсаң, тауып
көр.
2. Жүйрік болсаң, озып
көр.
3. Ойлы болсаң, айтып
көр.
4. Зерек болсаң, шешіп
көр.
5. Алғыр болсаң, айтып
көр.
6.Топ басшыларының
сайысы
Бірінші
кезең бойынша өлеңнің ұйқасын
табу: (слайд )1тапсырма-1 балл
-
Жағасында бұлақ, жайылып жүр
....(лақ).
-
Айбат шағар алыстан , аң
патшасы ...(арыстан).
-
Тым ойыншыл пысық , мияулаған
.... (мысық).
-
Тыным таппас ебелек, гүлге
қонар ....(көбелек).
-
Бата алмас түлкі, үсті тікен
....(кірпі). ( слайд )
-
Өзінше ноян, қорқақ кім
....(қоян).
-
Жұртқа аян , улы жәндік
....(шаян).
-
Ұқсамайды басқаға, тарғыл
түсті...(тасбақа).
-
Шоқыр жерден тауып, жемді
көрсе.... (тауық). (слайд)
-
Басы ұлпа аппақ, бақта өсер...
(бақбақ).
-
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты
....(жолбарыс).
-
Келе жатыр жұмысқа ұзын
мұртты ...(құмырсқа).
Екінші
кезең бойынша «Сөздің көркі –
мақал» демекші берілген сөздерден мақал-мәтел құрап ой-өрісімізді
кеңейтейік. (слайд) 1 тапсырма 5 балл
1 топқа: ауыз, көз, су, туған
жер, бала.
2 топқа: жігіт, отан, оқу,
гүл, батыр.
3 топқа: кітап, әке, бір тал,
тіл, еңбек.
Үшінші
кезең бойынша ақындық
өнерімізді байқайық. (слайд) 1 тапсырма 10 балл
--------------------------------------------------жүреміз
--------------------------------------------------күлеміз
---------------------------------------------------сыйлаймыз
---------------------------------------------------тыңдаймыз.
Төртінші
кезеңде «Тіл –көңілдің
тілмашы» дегендей алғырлығымызды байқап көрейік. Дана халқымыз дау
болса бір ауыз сөзбен тоқтата білген, бір ауыз сөзбен адам көңілін
жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына
мақалдарды жалғастыра отырып, көруге болады. )
1 тапсырма 2
балл
1.Өнер-алды.....(қызыл тіл).
(слайд)
2.Тіл тас жармаса ....(бас
жарады).
3. Басқа пәле
.....(тілден).
1. Бас кеспек болса да
.....(тіл кеспек жоқ). (слайд)
2. Тіліңмен жүгірме
,.....(біліміңмен жүгір).
3. Өтірік сөз .....(өрге
баспас).
1.Өтіріктің құйрығы ......(бір
тұтам). (слайд)
2. Атаңа не қылсаң ....(алдыңа
сол келеді).
3. Өле жегенше ....(бөле
же).
Жұмбақтар
: )
1 тапсырма 2
балл
1Шыңдары
шырқау,
Көшіп жүр бір
тау. ( түйе
)
2.Білімнің нәрін
тереді,
Балаға тәлім
береді.(Ұстаз)
3.Қимылдаса қос
шебер,
Қыруар-қыруар іс
өнер.(Қол)
4.Бес
Бір үйге көзсіз бас
сұғасың,
Бұл үйде көреген боп
шығасың. (Мектеп)
5.Сатайын десем ауыр
кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
(Жер)
6.Өзімнен өзгенің бәрін
көремін.(Көз)
7.Жылт-жылт
етеді,
Жылғадан
өтеді.(Су)
8.Желден
желігеді,
Судан
шегінеді.(От)
9.Жайған жастық
сөгілді,
Аппақ мамық
төгілді.(Қар)
10.Сылдырдан
қорқады,
Шошынып
жортады.(Қоян)
Бесінші кезеңде «Адасқан
әріптер» ойыны
Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
)
1 тапсырма 5
балл
1. Р, О, Б (бор)
2. П, А, Т, І, К
(кітап)
3. М, А, Л, А, Қ
(қалам)
4. Р, Е, Т, П, Ә, Д
(дәптер)
5. Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С
(сызғыш)
6. Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө
(өшіргіш)
Топ
басшыларының сайысы
6 кезең. Бейнелі сөздердің астарын
табу) 1 тапсырма 10
балл
1. Ит арқасы қиянда
(алыс)
2. Жер тепсінді ( қатты
ұрысты)
3. Тайға таңба басқандай (
анық)
4. Тас бауыр (
мейірімсіз)
5. Су жүрек ( қорқақ
)
6. Қыздың жиған жүгіндей (әсем,
көрікті)
7. Ит терісін басына қаптады
(ұрысты)
8. Көз ілмеді (
ұйықтамады)
9. Бетінен оты шықты ( ұялды
)
10. Жүрегінің түгі бар
(батыл)
Болашақ журналистпен
сұхбат.
Қорытынды.
Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің
жауаптары кәміл мықты.
Білім мен
тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты.