400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Спорт – денсаулық кепілі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 3 сынып дүниетану пәнінен .Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:.................................

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп: Белогор негізгі орта білім беретін мектебі

Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалім:Искакова Шарипа Санатовна

Сынып: 3


Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Спорт – денсаулық кепілі!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

-адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсінеді

-Қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады

Оқушылардың басым бөлігі:

-қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды

-Тақырыпты талқылайды, пікірлермен бөліседі

Кейбір оқушылар:

-белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді

Бағалау критерийлері :

Білу: адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсінеді

Түсіну: қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды

Қолдану: белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді

Тілдік мақсаттар

Термин сөздермен жұмыс: спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары

Спорт- спорт- sport

Спорттық сайыс- спортивные соревнования- sportcompetitions

Айтылым: Оқушылар өткен тақырып бойынша бір бірімен пікір алмасады.

Тыңдалым:Оқушылар жаңа тақырып бойынша жаңа тақырыпты тыңдайды.

Оқылым: Мәтінмен жұмыс жасайды.

Жазылым: Көзқарастары мен қорытындыларын дәптерге жазады.

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын сақтану өзіне қолайлы спорт түрін таңдап шұғылдануға қадам жасау арқылы көрінеді. Патриотизмді дамыту елімізді әлемге танытқан спортшылар үшін мақтану сезімін тудыру арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд).

Информатика: ақпараттармен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтану маңыздылығы туралы түсініктері бар. Спорт ұғымымен таныс. Кейбір спорт түрлерін атап, сиппаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5












6-7





Ұйымдастыру бөлімі.

Cпорттық би

Топқа бөлу:1топ 2топ

« Балмұздақ таяқшалары» стратегиясы(топта)

бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ арқылы аламын.

Сұрақтардың алған жауаптарына пікір айта отырып ,оқушыларға кері байланыс беріледі.

Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • Спорт түрлерін топтастыру;

  • Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алу.

Сабақты бағалау критерийлері таныстырылады.

Таратпа қағаз









Сабақ ортасы

8-18































19-28

























29-35






Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқушылар өздері оқып, топта талқылайды.

Топтық жұмыс

«Спорт түрлері» тапсырмасы (топта)

- Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топқа бір спорт түрі бейнеленген суреттер таратылады.

Сұрақтарға жауап беруді сұрау:

  - Суреттегі спорт түрін атаңыз.

- Суреттер қандай қағидаға сүйеніп топтастырылған деп ойлайсыңдар?

- Қысқы және жазғы спорт түрлері арасындағы айырмашылық қандай?

Әр топ сұрақтарға жауап бергеннен кейін өздерінің суреттерін қысқы және жазғы спорт түрлері деп жазылған плакатқа желімдейді.

ҚЫСҚЫ спорт түрлері

ЖАЗҒЫ спорт түрлері






Оқушылар пікірталас барысында барлық спорт түрлері Олимпиадалық болып табылады деген қорытындыға келеді.

«Сіз білесіз бе?» айдарындағы ақпаратпен таныстырады (31-бет)

Дискриптор:

  • Спортты 2 түріне қарай топтастырады.

Дәптермен жұмыс

А.Суреттегі қысқы және жазғы спорт түрлерін анықта. Қысқы спорт түрін –көк түспен, ал жазғы спорт түрін – қызыл түспен бояп белгілеу

«Менің елімнің чемпиондары» тапсырмасы

Оқушыларға еліміздің споршыларының олимпиада ойындарындағы жетістіктері туралы бейнерепортажды көрсету ұсынылады.

1 топ –Бекзат Саттарханов

2 топ –Серік Сапиев

Дискриптор:

  • Спортшының атын атайды.

  • Өмірбаяның таныстырады

  • Оқушылар спортшылар туралы мәліметті сыныпқа жеткізеді.

Талдауға арналған сұрақтар:

- Тағы қандай Қазақстандық спортшыларды білесіңдер?

- Олар қандай спорт түрлерімен айналысады?

- Олимпиада жеңімпаздарының болғаны ел үшін неге маңызды?

- Қалай спортшы болып, еліміздің атағын шығаруға болады?

Жас тілші айдары «Спорт және сен» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушылардан төмендегі 2 сұраққа ойланып жауап жазуларын сұрау

- Сен қай спорт түрін таңдайсың?(таңдадың) Неліктен?

- Қандай нәтижеге қол жеткізгің келеді?

Үлгі ретінде екі нұсқаны ұсыну:



Жауаптарды ұжымда талдаңыз.





Таратпа қағаз (сұрақтар үшін)



(дидактикалық материал )







Плакат





Суреттер (дидактикалық материал )


Желім










Видеоға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=18VBNB0I188



Қазақстан спортшыларының фотопрезентациясы

















Толтыруға арналған таратпа парақ





Сабақтың соңы

36-40

Кері байланыс: медаль бойынша бағалау

Алтын-жақсы түсіндім

Күміс-түсіндім

Қола-сұрағым бар

Үйге тапсырма: «спорт-денсаулық кепілі» эссе жазып келу



Микрофон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыға немесе А деңгейлі оқушыға жас тілші айдарында өз мектебінің спорттық жарыстарға қатысушысынан сұхбат алуды ұсынамын. С деңгейлі оқушыға дәптермен жұмыс ұсынамын, қысқы және жазғы спорт ойын түрлерін анықтайды. В деңгейлі оқушы топтық жұмыста постер қорғайды.


Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Балмұздақ таяқшалары» стратегиясы(топта) оқушылардан үй тапсырмасын бойынша оқушыларға кімнен сұрағанын белгілеп отыруды тапсыру. Кері байланыс беру. «Басбармақ әдісі», «шапалақтау», «медаль» арқылы бағалау. Тапсырма соңында ең көп медаль жинаған топты кубокпен марапаттау.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі