жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Спорт – денсаулық кепілі.
|
Бөлім: Дені саудың – жаны сау Күні: 9.11.2018 Сынып: 1 «А» |
Мектеп: №29ЖОМ Павлодар қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Мухамеджанова Зауреш Айтмухановна Қатысқандар:24 Қатыспағандар саны: жоқ |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Спорт – денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) |
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну. 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану. |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Берілген мәтіннің тақырыбын анықтайды,заттың қимылын білдіретін сөздерді ажыратады. Көптеген оқушылар: Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіне отырып, ажыратады. Заттың қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады. Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс қосымша мәліметтер келтіреді,заттың атауын қимылмен байланыстырып жазуды тәжірбиеде қолдана алады. |
||||
|
|
|||||
|
Бағалау критерийлері:
|
-мәтіннің тақырыбын анықтайды - заттардың атауын қимылмен байланыстырып айтады. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану режимін қалыптастыру. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дене шынықтыру, өзін-өзі тану |
||||
|
АКТ қолдану |
Аудиожазба |
||||
|
Бастапқы білім |
Спорт, күн тәртібі |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Суреттер бойынша топқа бөліну. Оқушылар сурет таңдап алады. Суретте спорт құралдары болу керек. Оқушылар сол суреттер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут -Салем достым! (амандасады) -Сен қалайсың? (иықтарынан қағады) -Қайда болдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Сен келдің! (қолдарын жаяды) -Жақсы болды!(құшақтайды) |
Тренинг жазылған парақшалар |
|||
|
Сабақтың ортасы 15 мин Саралау |
«Сұрақты қағып ал» қошемет Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақ не туралы? Қайдан білдік? Сабағымызға мақсат қояйық Дереккөздер тәсілі Мәтін аудиоүнтаспадан шығады. С. Берілген мәтіннің не туралы екенін түсінеді В. Тақырыпты жетекші сұрақтар арқылы талқылайды А. Оқулықтан тыс қосымша мәліметтер келтіреді. Дескриптор: -Берілген мәтіннің не туралы екенін айтады -Сұрақтар қояды, жауап береді -Дәлелдер келтіреді Бағалау: МК Т.ж 1 топ «Дөңгелек үстел» әдісі
Топтағы әр оқушы тақырып бойынша не білетінін тізбектеп жазады. Т.ж 2 топ 2 жаттығу
Дескриптор: -Берілген мәтіннің не туралы екенін түсінеді Бағалау: «+», «-« әдісі Т.ж 3 топ 3 жаттығу
Дескриптор: -Берілген мәтіннің не туралы екенін түсінеді Бағалау: «+», «-» әдісі Т.ж 4 топ -4 жаттығу Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңдар. СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС Мен спортпен айналыспаймын Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды. Мен жарысқа қатыспаймын Мен шетелге жарысқа бардым. Мен Қазақстан намысын қорғаймын Спорт адамға пайдалы Дескриптор: - Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табады Бағалау: Елші әдісі бойынша бағалау |
үнтаспа «Пікірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар, қалам.
|
|||
|
Сабақтың соңы 10минут Саралау |
Саралаудың қорытынды тәсілі.
С. Заттардың атауын қимылмен байланыстырып айтады. В. Заттың қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданып, сөйлемдер айтады А. Оқулықтан тыс қосымша мәліметтер қолдана отырып әңгіме құрастырады. Дескриптор: -Заттың қимылын атайды -Сөйлемдер құрастырады - Әңгіме құрастырады Бағалау: Өзін-өзі бағалау Рефлексия. «Таңдау» әдісі -Қызықты болды -Қызықсыз -Сұрақтар бар -Түсіндім -Жаңа мағлұмат білдім -Берілген тапсырмаларды орындадым |
|
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Дереккөздер- кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздерімен жұмыс істей алады. Қортынды тәсілдері- барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? «Дөңгелек үстел» әдісі «Сұрақты қағып ал»әдісі, + - әдісі, «Жапондық бағалау» «Таңдау» әдісі |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ мен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақта
|
|||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген